Сайтқа кіру Тіркелу

Эмоцияның адам өміріндегі маңыздылығы!

Эмоцияның адам өміріндегі маңыздылығы!

Осы тақырыпта Тарих факультетінің 1 курс магистранттарына семинар - тренинг өткізілген болатын. Мақсаты болашақ мамандарды психологиялық тұрғыдан эмоцияларын басқаруды үйрету. Сонымен қатар, эмоциялар проблемасының өзектілігі адамның басынан өткерген эмоциялар оның атқаратын іс - әрекетінің, оның жұмысының, оқуының, ойынының сапасына тікелей әсер ететіндігіне де тоқталдық.
Эмоциялар дегеніміз не? Эмоциялардың бірнеше анықтамалары бар, бірақ олардың бірде біреуі әмбебап емес. Эмоция жағдайға, оның нәтижесіне субъективті тәуелділіктің көрінісімен байланысты және осы жағдайда орынды мінез - құлықты ұйымдастыруға ықпал ететін рефлекторлық психовегетативті реакция ретінде қарастырылады. Бұл анықтамада эмоциялардың дәстүрлі анықтамаларына тән осы жағдайға деген көзқарасты сезіну ғана емес, белгілі бір жағдайда орынды мінез - құлықты ұйымдастырудағы эмоциялардың рөліне баса назар аударылады.
Эмоциялардың сезімдерден айырмашылығы, объектілік байланысы жоқ: олар біреуге немесе бір нәрсеге қатысты емес, жалпы жағдайға қатысты пайда болады. Афекттерден айырмашылығы, эмоциялар іс жүзінде сыртқы көріністерге ие болмауы мүмкін, уақыт бойынша едәуір ұзағырақ және күші әлсіз болуы мүмкін. "Өркениет ауруларының" негізгі себебі — жүйке кернеуі, стресстің ұзақ әсер етуі нәтижесінде пайда болатын әртүрлі эмоционалды ауысулар болып табылады. Олар адамның психикалық саласын ғана емес, сонымен қатар оның ішкі органдарының жұмысын да бұза алады.
Қазіргі уақытта эмоциялар мәселесі өте өзекті, өйткені адамның денесі мен ақыл - ойына әсер ететін эмоциялар оның өмір сүруінің барлық аспектілеріне әсер етеді. Эмоциялар ойлау белсенділігі мен қозғалыс белсенділігінің дәрежесін анықтайды. Біздің адамдарға, оқиғаларға, өмірлік міндеттерге деген көзқарасымыз, өз іс - әрекеттерімізді бағалау көбіне эмоцияға байланысты. Эмоциялардың арқасында біз бір - бірімізді жақсы түсінеміз, сөйлеуді пайдаланбай, басқа адамдардың жағдайын бағалай аламыз, бірлескен іс - әрекет пен қарым - қатынасқа жақсы бейімделе аламыз. Эмоцияларсыз, яғни қуаныш пен қайғы - қасіретті, ашу мен кінәні қалай сезіну керектігін білмей, біз толық адам болмас едік. Эмоциялар адамзаттың белгілерінің біріне айналды.
Әлемде қанша адам болса, сонша пікір, сонша әртүрлілік бар дейміз. Дегенмен біз бір - бірімізден айырмашылығымыз көп болғанымен, эмоцияларымыз бірдей. Қорқу, ашулану, жек көру, таңғалу, мұңаю, жиіркену, шаттану, марқаю... Осы маңызды эмоциялар өзгеру арқылы әртүрлі күйге енеді.
Эмоцияның туу механизмі соншалықты күрделі, оны зерттеп, әлі күнге түбіне жетпеді. Әртүрлі өмірлік жағдайлардың байланысы секілді эмоциялық жай - күй де белгілі бір гормондар бөлініп шығуына әсер етеді. Бір нәрсе ғана белгілі: адам әр күн сайын өзін жарып өтетін негативке қаншалықты көп орын берсе, денінің саулығы да соншалықты нашарлай береді.
Жүйке жүйесінің жұмысында шектен тыс ашулану, тітіркену, жирену, күйзеліс және үнемі режим бұзылуы иммунитет әлсіреуіне әкеп соғады. Дене құырылысымызда барлығы бір - бірімен тығыз байланысты екенін естен шығармауымыз қажет, ағзаның бір мүшесі дұрыс жұмыс істемесе, басқа барлық ағза істен шығуына сеп болуы мүмкін.
Өмір сүру – сезіну, адам эмоциядан ешқайда қашып құтыла алмайды. Ол өмірді түрлі реңге бояп, оны түсінуге көмектеседі. Денсаулығымыз қалыпты болуы үшін қолымыздан келері – негативті ойлар мен нашар көңіл күйлерді қоқысқа тастап, тек позитивпен өмір сүру.
Бұл тек тілге ғана жеңіл, іске қиын көрінуі мүмкін. Бірақ қиындықты да жеңудің жолы көп, оған әркім әртүрлі жетеді, әрқайсысы өзіне ыңғайлы әдісті таңдайды. Барлығы ойдағыдай орындалғанда әрі сенім ақталғанда, ағза өзін өзі мадақтайды, осыдан позитивті эмоция туады.
Егер жоспарымызды уақытылы орындасақ, одан автоматты түрде ләззат табамыз. Керісінше, ойымызды жүзеге асыра алмасақ, қынжылып, қырсыққа шалдыққандай боламыз. Өзіңізге оңтайлы эмоция санаңызда салтанат құруы тек өзіңіздің қолыңызда!

Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Жубаназарова Н. С.
Психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Жапсарбай У. С.
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Тарих факультетінің 1 курс магистранты
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жастардың ұғымындағы ең жоғарғы құндылық

Жастардың ұғымындағы ең жоғарғы құндылық

Қазіргі кездегі күйбелең тіршілікте, кейде уақыттың жетіспеуінен бе, әлде заман ағымының толассыз - тоқтаусыз жаңашылдықтарынан ба, көбіне, тіпті,...
Мінез - құлықты жеке көзқарастар мен ұстанымдар да қалыптастырады

Мінез - құлықты жеке көзқарастар мен ұстанымдар да қалыптастырады

Ішкі күштерге де көп нәрсе байланысты. Біз селқос замана желі қалай соқса, солай дөңгелей беретін қаңбақ емеспіз....
Әлеуметтік мінез - құлықтың биологиялық астары

Әлеуметтік мінез - құлықтың биологиялық астары

ХХІ ғасырдың әлеуметтік психологиясы бізге мінез - құлқымыздың биологиялық негіздерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Біздің әлеуметтік мінез -...
Конфуцийдің 9 ілімі туралы

Конфуцийдің 9 ілімі туралы

Конфуций - әйгілі шығыс философтарының бірі. Оның сөздері әлі күнге дейін өзекті және біздің жүрегімізде жаңғырады....
Конфуцийдің 9 ілімі туралы

Конфуцийдің 9 ілімі туралы

Конфуций - әйгілі шығыс философтарының бірі. Оның сөздері әлі күнге дейін өзекті және біздің жүрегімізде жаңғырады. Оның сабақтарының көпшілігі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×