Жолдаудағы мақсаттарды орындау үлкен жауапкершілік жүктейді
2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздегі саяси¬ оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қа¬былданатын тарихи құжат болып табылады. Жолдаудың мән - маңызы өте ерекше, ауқымы кең, мазмұны бөлек болып табылады.
Бұл Жолдау – негізінен әлеуметтік, рухани, экономикалық және демографиялық ахуалдарына, жаңару мен жаңғыру жолыңдағы дамуының басты мәселелеріне арналып отыр. Бұл Жолдау осы салалардың жұмысын жандандыруға қозғау салып, ширатуға үлкен серпін береді деп ойлаймын. Еліміздің экономикалық дамуына халықтың әлеуметтік жағдайының артуы зор әсер етеді.
Президенттің бастамалары қазіргі заман талабына сай деп есептеймін. Әсіресе, көпшіліктің көкейінде жүрген қолжетімді жоғары білім алуда студенттерімізге төменгі пайызбен несие алуға қолжетімділік, елімізді индустрияландыру жолында техникалық мамандықтарға биылғы бөлінген гранттар санының көбеюі жастарға деген мемлекеттік қамқорлық. Мұндай міндеттерді орындау ҚР - ның экономикалық, индустриялық және рухани дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Жас ұрпақты әрдайым білім саласы, еңбек нарығы, ақпараттық технологиялардың дамуы алаңдатады. Сонымен қатар биылғы Жолдауда айтылған мақсаттарды орындау да үлкен жауапкершілік жүктейді.
Президенттің халыққа Жолдауы – жүзеге асыруға әзір нақты тапсырмалар. Біз алдыңғы қатарлы білімді, тәжірибені тарату орталығына айналамыз, жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына, саяси қызметтерге белсенді біріктіре отырып, мәдениет, білімді арттырамыз.
Президент Жолдауын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын - тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі әрі жолы деп білемін. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Президенттің бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына, өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына кәміл сенемін.
Саденова Айгүл Ескермесқызы
Ф. ғ. д., профессор м. а.
ЖОО дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы
Жолдаудағы мақсаттарды орындау үлкен жауапкершілік жүктейді
- ramuk_b
- 6 қыркүйек 2022
- 550
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жолдаудағы мақсаттарды орындау, президент жолдауы 2022
Ұқсас жаңалықтар:
Саяси жаңғыру бағдары
Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Палаталарының біріккен отырысында Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет....Жолдау жүктеген маңызды міндет
Президент Қасым - Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы...Сапалы білім – болашақ кілті
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін президент Жолдауының бұл жолы 1 қыркүйекте «Білім күні» мерекесімен және Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа -...Президент жолдауы туралы пікір
Әлемдік тәртіптің дамуындағы өзгерістерге, тұтастай алғанда, сондай-ақ еліміздің дамуына, атап айтқанда, халыққа, елдің әлеуметтік белсенді...Президент Жолдауынан халық не күтеді
1 қыркүйекте Президент Қасым - Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.