Сайтқа кіру Тіркелу

Украина ұлылыққа ұмтылмады, бірақ осы соғыс күндерінде ұлы болды

Украина ұлылыққа ұмтылмады, бірақ осы соғыс күндерінде ұлы болды

Украина президенті Зеленский Британ парламентінде тарихи сөз сөйлеп, оны дүр сілкіндірді. 8 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский бейнебайланыс арқылы Британ парламентінің төменгі палатасы – Қауымдар палатасында сөз сөйледі.
Украина мемлекетінің басшысы британ парламентшілеріне Ресей бастаған соғыстың әрбір 13 күні туралы айтып, Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, Украина аспанын қауіпсіз етуге шақырды.
Sky News хабарлауынша, Зеленский Қауымдар палатасының мүшелері алдында сөз сөйлеген алғашқы шетелдік көшбасшы болды. Бірқатар британдық БАҚ (атап айтқанда, Evening Standard және The Independent) Украина президентінің сөзін тарихи деп атады.
Олар Зеленскийдің сөзінде британдық қолбасшы Уинстон Черчилльдің «Біз жағажайларда соғысамыз» деген атақты сөзіне сілтеме жасалғанын байқады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1940 жылы Қауымдар палатасында сөйлеген (Черчилль үшін бұл премьер - министр ретінде Парламенттегі екінші сөз болды). Зеленскийдің айтқан сөзіне Қауымдар палатасы қызу қол шапалақтады.
Зеленский сөзін қорытындылай келе: «Біз берілмейміз және жеңілмейміз! Біз соңына дейін барамыз. Теңізде соғысамыз, ауада соғысамыз, жерімізді қорғаймыз, құны қандай болса да. Біз орманда, далада, жағалауда, қалалар мен ауылдарда, көшелерде, төбелерде шайқасамыз... Мен өзімнен қосқым келеді: біз үйінділерде, Кальмиус мен Днепрдің жағасында шайқасамыз! Біз берілмейміз!»

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ - Орыс Халықаралық Университетінің доценті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Украинаға қарсы бір аптадағы соғыста 9 мыңға жуық ресейлік әскер қаза тапты ...

Украинаға қарсы бір аптадағы соғыста 9 мыңға жуық ресейлік әскер қаза тапты ...

Украинаға қарсы бір апталық соғыста 9 мыңға жуық ресейлік әскер қаза тапты. Украина әскері жауды толығымен талқандау үшін барлығын жасап жатыр....
Зеленский Қырымды аннексиялау туралы

Зеленский Қырымды аннексиялау туралы

Егер 2014 жылы «жасыл адамдарды» Қырымға кіргізбесе, Ресей Донбасс аумағына басып кірмес еді, деді Украина Президенті Владимир Зеленский....
Зеленский «тәуелсіздік» сөзін бас әріппен жазуды ұсынды

Зеленский «тәуелсіздік» сөзін бас әріппен жазуды ұсынды

Тәуелсіздік туралы бүкіл украиндық референдумның 29 жылдығы күні Украина Президенті Владимир Зеленский «тәуелсіздік» сөзін «ғасырлар бойы...
Зеленский Түркияға ресми сапармен барды

Зеленский Түркияға ресми сапармен барды

Украина президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға сапарының басты мақсаты - осы елдің лидері Реджеп Ердоғанды Украина құрып жатқан Қырым...
Зеленский: Украина ешқашан өз тәуелсіздігін ешнәрсемен алмастырмайды

Зеленский: Украина ешқашан өз тәуелсіздігін ешнәрсемен алмастырмайды

Ресей Украинаның орыс тілді аймақтары оның мемлекетті бөлу жоспарын қолдайды деп үміттенген, бірақ бұл орыс тілді украиндардың патриотизміне...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×