ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алматының тарихы және бүгіні
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ең басты құндылығы. Тәуелсіз ел атанып, керегеміз кеңейіп келеміз. 30 жыл уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке - дара дербес ел екенін дәлелдеп, қазіргі кезде Орта Азиядағы іргелі мемлекетке айналды.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Алматы: тарихы және бүгіні» атты тақырыпта онлайн түрінде іс - шара өтті. Бұл онлайн іс - шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Түркия, Қытай, Корея, Ауғанстан, Колумбия, Индия, Жапония және басқа да елдерден қашықтықтан білім алып жатқан студенттер қатысты.
Шетелдік студенттер Алматының бүгінгі көрінісі, мәдени - саяси жүйесінің маңыздылығы туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, әр қаланың өз тарихы мен өз тағдыры болатынын, қала арқылы шеттен келген адамдар сол қалада тұратын ұлттардың мәдениетін, салт - дәстүрін түсінетіні жайлы өз ойларын ортаға салып, қызу талқылады.
Одан кейін шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А. С. Айтпаева сөз алып, баяндамасымен таныстырды. Ол Алматы - Алатау баурайының етегінде орналасқан әсем қала - өркен жайған өнер, көркем мәдениет пен өрелі өркениеттің ордасы екенін, алып шаһарда қазір 2 миллионға жуық халық тұратынын, еліміздің мәдени ошағы екенін айтып өтті.
Осы кафедраның аға оқытушысы А. С. Қазмағамбетова өз сөзінде Алматы - егемен Қазақстанның қазіргі заман тарихы қаланған қала екенін, Алматыда 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданғанын, 1993 жылы қаланың тарихи атауы - Алматы ресми түрде қалпына келтірілгенін, бас қала Астанаға ауысқан соң, Алматыға республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгенін, бүгінгі күні Алматы Қазақстанның мәдени, ғылыми, қаржылық - экономикалық және саяси өмірінің орталығы болып қала беретінін атап айтты.
Шетелдік студенттер «Алматы» атты бейне таспаны және «Менің қалам. Алматыны аралау», «Алматының көрікті жерлері» тақырыптарындағы слайд - альбомдарды тамашалап, Алматы туралы Алтынбек Қоразбаев ағамыздың «Сағындым Алматымды» және опера әншісі және композитор Күміс Базарбаеваның «Алматы» әндеріне түсірілген бейне түсірілімдерді тамашалай отырып, Алматы қаласының мәдениетімен, тарихымен таныса отырып, Алматыны жаңа қырынан таныды. Ең маңыздысы шетелдік студенттер Алматыда әр түрлі ұлтты халықтар бірлікте, бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүріп жатқандарын тамашалай алды.
«Алматы: тарихы және бүгіні» - атты іс - шара ғылыми - рухани тұрғыда шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен мәдени диалог түрінде жоғары деңгейде онлайн форматта өтті.
А. Е. Саденова., А. С. Қазмағамбетова, А. С. Айтпаева
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Алматының тарихы және бүгіні
- ramuk_b
- 22 қазан 2021
- 678
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Алматы тарихы, тәуелсіздік күніне
Ұқсас жаңалықтар:
Онлайн – саяхат. Алматы. Тарих және қазіргі заман
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Тарихы терең Алматы!
Бүгінде табиғаты өте керемет, көркімен де әдемі, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы...«Тіл - біздің тұтастығымыз»
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті
Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.