Сайтқа кіру Тіркелу

Танымдық бағыттағы шаралардың ерекшелігі

Танымдық бағыттағы шаралардың ерекшелігі

Шетелдік жастар қара шаңырақ әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде бір үйдің баласындай білім алуда. Қазіргі кезде шетелдік студенттерге білім бере отырып, оқу белсенділігін арттыру арқылы талабын қанағаттандыру, қазақ халқының салт - дәстүрін, тарихын меңгерту арқылы рухани байлығы мен қабілетін дамыту және қазақтың тарихи мұра жәдігерлерімен таныстыру арқылы жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыру факультет оқытушыларының алдында кезек күттірмейтін іске айналып отыр.
Қазіргі кезде онлайн форматында Қазақстанның тарихи, киелі орындарымен таныстыру мақсатымен танымдық бағыттағы іс - шаралар жүзеге асырылып отырады. Танымдық бағыттағы шараларды ұйымдастырудағы мақсаты шетелдік студенттерге заманауи қазақстандық мəдениетті таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды кеңінен таныстыру болып табылады. Шетелдік студенттерге онлайн форматта бейнематериалдар көрсете отырып, оқытушылар мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи, киелі орындарға соның ішінде: Арыстан баб кесенесіне, Шәуілдір кентіндегі Отырар мұражайына, «Отырар опаты» болған көне Отырар қаласының орнына, көне құмырашылар шеберханасына тоқталып, студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, оқытушылар еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы әрі Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласына, XV ғасырда Қ. А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесіне, жер асты мешітіне, Ахмет Яссауи қылуетке түскен жерге аудиторияның назарын аударады.
Қазақстандағы ежелгі, тарихи, киелі орындарымен, оның пайда болу тарихымен таныстыра отырып, жастарды ұлттық салт - дәстүрімізді, әдет - ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде осындай ғылыми - танымдық шаралардың маңыздылығы зор болып табылады.
Бұл қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы студенттердің тарихи - мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, сонымен бірге студенттердің ой - танымын қалыптастырудың негізі болар бірден - бір жақсы шара болып табылады. Студенттердің Қазақстанның тарихы және мәдениеті туралы білімдерін тереңдетуде өткізіліп отыратын танымдық бағыттағы шаралардың маңыздылығы ерекше зор.

А. Е. Саденова., Т. В. Курманова., Г. М. Мужигова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
жоғары оқу орнына дейінгі білім беру
факультетінің оқытушылары
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі

Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі

Ғылымға баулуда, білім беруде және жас ұрпақты тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше....
«Тіл - біздің тұтастығымыз»

«Тіл - біздің тұтастығымыз»

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...
Мерейлі кафедраға 35 жыл

Мерейлі кафедраға 35 жыл

Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...
Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×