Адамдардың 95 %- ы бетперде кисе, Еуропа локдаунан құтыла алады - ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бөлімінің басшысы Ханс Клюге мектептердің жабылуы коронавирус пандемиясына қарсы күресте тиімді шара емес деді. Еуропалық елдер тұрғындардың көпшілігі бетперде режимін ұстанатын болса, локдаунды енгізуі керек болмайды.
Мұндай мәлімдемені ДДСҰ Еуропалық бөлімшесінің басшысы Ханс Клюге 19 қарашада өткен баспасөз конференциясында жасады. Ол қатаң карантин - бұл экстремалды шара, егер адамдардың 95 %- ы бетперде киетін болса, бұл қажет болмайды деп атап өтті.
Клюгенің айтуынша, мектептердің жабылуы коронавируспен күресте тиімді шара емес, өйткені балалар мен жасөспірімдер COVID - 19 таралуына ықпал етпейді. ДДСҰ Еуропалық бөлімі басшысының айтуынша, Еуропадағы бастауыш мектептер әдеттегідей жұмыс істеуі керек.
Қытайда коронавирустық инфекция 2019 жылдың соңында басталды. 2020 жылы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады.
Әлемде американдық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша 19 қарашада таңертең 56 247 982 (тәулігіне +669 мың) адам коронавирусты жұқтырған. COVID - 19 - дан 1 349 339 (+12 мың) адам қайтыс болды, 36 146 875 қалпына келді.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Адамдардың 95 %- ы бетперде кисе, Еуропа локдаунан құтыла алады - ДДСҰ
- ramuk_b
- 1 желтоқсан 2020
- 684
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Адамдардың 95%- ы бетперде кисе, Еуропа короновирустан құтыла алады
Ұқсас жаңалықтар:
ДДСҰ бүкіл әлем бойынша COVID - 19 жаңа жағдайларының күнделікті рекордын ж ...
21 қазанда күндізгі уақытта, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 423 819 адам коронавирусты жұқтырған....ДДСҰ Еуропаны «коронавирус эпицентрі» деп атады
Еуропалық Одақтағы адамдардың еркін жүріп - тұруын шектеу керек, өйткені коронавирусты жұқтыру қарқыны тек өсіп келеді....Еуропада COVID - 19 өлімінің өсуі қазан мен қараша айларында болады - ДДСҰ
ДДСҰ Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге континенттегі коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары санының артуы сөзсіз өлім - жітімнің артуына...ДДСҰ Еуропалық бюросының басшысы коронавирустың екінші, одан да қауіпті тол ...
ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге індеттің шығыс Еуропаға - Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстанға өткенін айтты....Коронавирустық індеттің екінші толқыны туралы ДДСҰ ескертті
Алдағы күзде еуропалық елдер коронавирустық індеттің жаңа толқынына тап болуы мүмкін, оған дайын болу керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.