Сайтқа кіру Тіркелу

Руханият үлгісіне айналған тұлға

Руханият үлгісіне айналған тұлға

Кез - келген рухани дүниесі бай тұлғалар Отанға деген махаббатын көрсете отырып, өз елінің игілігі үшін шығармашылық қызметпен айналысады және онымен айналысуға жалықпайды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің 12 сәуір 2017 жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бүгінгі күннің күн тәртібінде рухани жаңғыру арқылы ұлттық кодты сақтап қалу мәселесін дер кезінде көтеріп, бүгінгідей қарыштап дамып бара жатқан заманда ұлттық мәдениетіміз бен құндылықтарымызды, ұлттық болмысымызды сақтап қалу арқылы елдігімізді нығайтып, еліміздің болашаққа үлкен үміт артуы қажеттігін түсіндіріп өтті.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы идеяларын насихаттай отырып, аталған мақалада көрсетілген көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Университетте осы бағыттардың бірі «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы жастарды азаматтық және рухани - адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде зор нәтиже беруде. Осы аталған жоба аясында біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің мол қазынасы әрі «Ұлы Даланың ұлы тұлғасы» және бүгінде аты аңызға айналған Ғабиден Мұстафиннің шығармаларын әрбір жас оқуға тиіс 100 кітаптың бірі ретінде дәріптеліп келеді.
Ұлттық мәдениетіміз бен құндылықтарымыздың бірі, тарихымызда үлкен орны бар, қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері, халқының заңғар жазушысы - Ғабиден Мұстафин ғұмырын қазақ әдебиетінің қарыштап өркендеуіне, қазақ прозасының кең дамуына арнап, артына мол әдеби мұра қалдыра білді.
Қазақ әдебиетінің өрісін биіктеткен зор талант иесі - Ғабиден Мұсатафиннің газет - журналдарға басылған мақалаларынан бөлек, өзіндік стилімен, қарапайым әрі жатық тілімен, оралымды да ұтымды жазылған туындылары алғашқы «Сәрсен мен Боқаш» әңгімесі; Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы; қазақ халқының совет өкіметі жылдарында бастан кешкен өмір жолдарын суреттейтін "Қарағанды" романы; Шығанақ Берсиев өмірінен «Шығанақ» повесі және ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, чех, болгар, венгр, қытай тілдеріне аударылып, осы шығарма желісі бойынша пьеса да жазылған, соғыстан кейінгі халық өміріндегі өзгерістер бейнеленген «Миллионер» повесі күні бүгінге дейін маңыздылығымен ерекшеленеді. Жазушы туындыларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысын шығармаларында шынайы бейнелей отырып, туған халқының тағдыры жайлы толғаныстар жасайды.
Сол себепті де Отанымның патриотымын деп санайтын әр бір қазақ жасы осы Ғ. Мұстафин сынды жазушылар еңбегін оқып, сол арқылы болашаққа бағдар алып, өмір белестері туралы түсінік қалыптастыра алатыны сөзсіз. Ұлы Даламыздың біртурар азаматы, Ұлы тұлғаларының бірі Ғ. Мұстафин туындылары біздердей жастардың жанын тебірентіп, асқақ армандарға жетелеп, адамдық ұлы қасиеттерді бойға сіңіруге зор септігін тигізіп, әрі рухани - мәдени білімдерімізді көтеруде, ой - таным қалыптастыруда негіз бола алады.
Бүгін сол рухани дүниесі бай ерекше тұлға - Ғ. Мұстафиннің туған күні. Еліміздің жастары осы атақты тарихи тұлға арқылы ғылымға қызығушылығы, арта отырып, оның шығармашылығы арқылы еліміздің озық дәстүрлері мен мәдени мұраларын меңгеруде үлкен сабақ алуы тиіс.

Өзенбек Еркебұлан
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Тарих, археология жəне этнология факультетінің
Ғылыми тарих мамандығының 3 - курс студенті

Ғылыми жетекші: әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің қауымдастырылған профессоры, т. ғ. к. Абикенова Г. Е.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі

Білім мен мәдениетті ұштастырған тәрбиелік шаралардың рөлі

Ғылымға баулуда, білім беруде және жас ұрпақты тәрбиелеуде жоғары оқу орындарының орны ерекше....
Мерейлі кафедраға 35 жыл

Мерейлі кафедраға 35 жыл

Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...
Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Ғылыми - танымдық бағытындағы іс - шаралар

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына...
Ғабиден Мұстафин. «Қарағанды» романы

Ғабиден Мұстафин. «Қарағанды» романы

Мақсаты: Ғабиден Мұстафин шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту...
Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×