Сайтқа кіру Тіркелу

Сапалы білім – болашақ кепілі

Сапалы білім – болашақ кепілі

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұзақ та мерейлі жолмен жүріп келе жатқан, қаншама табыстарға қол жеткізген Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасына биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына 35 жыл толады.
Кафедрада әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдері қазақ және орыс тілдерін меңгеріп, қазақ халқының салт - дәстүрін, ата тарихынан білім алуда.
Кафедрада тіл меңгерудің жалпыеуропалық, ресейлік қалыптарына негізделген қазақ тілін шетел азаматтарына оқытудың көп деңгейлік жүйесінің моделі жасалған. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың әрбір деңгейі нақты практикалық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Ол – тілді алдымен элементарлық меңгеруді, кейіннен еркін меңгеруді қалыптастыру. Қарапайым деңгей (А1) – шектелген, бірақ коммуникативті жеткілікті деңгей. Бұл кезеңде қолданушы бағдарламада қамтылған қарым - қатынас жағдаяттары мен тақырыптар, лексикалық және грамматикалық минимумдар төңірегінде мазмұны жағынан күрделі емес тілдік айтылымдарға қатыса алады. Оқытудың базалық деңгейі (А2) тіл үйренушінің тілдік қарым - қатынас құзыретінің келесі деңгейін көрсетіп, қарым - қатынастың тұрмыстық, жалпымәдени, оқу салаларындағы негізгі коммуникативтік қажеттілікті қамтамасыз етеді. Тіл меңгерудің бұл деңгейі еуропалық елдерде азаматтық алуға құқық береді. Қазақ тілін оқытудың орта деңгейі (В1) – инофонның осы тілде сөйлейтін адамдармен қарым - қатынастағы негізгі коммуникативтік қажеттілігін қанағаттандыра алатын деңгей. Тіл меңгерудің бұл деңгейі ЖОО түсуге құқық береді.
Қазақ тілін оқытудың әр деңгейінде сөйлеу, айту, интонациялық, лексикалық, грамматикалық дағдылардың қалыптасуына сандық және сапалық талаптар қойылады. Тіл меңгерудің қарапайым, негізгі және жалғастырушы деңгейлері коммуникативті жеткілікті, аутентикалық сөйлеумен және тілдік материалдармен қамтамасыз етілген.
Шет тілін үйрету тіл үйренушілердің мәдениетаралық қарым - қатынасқа жеке және тең дәрежеде қатыса алатындай би/полимәдениеттік тілдік тұлға мінезін қалыптастыруға бағытталып отыр. Үйреніп отырған тілді мәдениетаралық қарым - қатынас құралы ретінде меңгеру тек мазмұны шынайы қарым - қатынасқа негізделген жағдайда ғана үйрене алады. Бұл ұстаным бір - бірімен тығыз байланысқан түсініп - тыңдау, ауызша сөйлеу мен оқу және жазу әрекеттеріне тікелей қатысты. Сондақтан да қазақ тілі оқытушылары өздерінің ғылыми, оқыту - әдістемелік жұмыстарын тіл меңгерудегі сөйлеу әректтерінің түрлерін: тыңдалым, жазылым, оқылым, айтылым (диалогтық, монологтық) шыңдауға арнайды. Қазақ тілін оқыту үдерісінде жоғарыда айтылған әр деңгейдің сапасын бақылау мақсатында сөйлеу әрекеттерінің әр түріне арналған арнайы тестілік тексеру жүйесі жасалынған. Сондықтан қазақ тілін үйрену үшін келген әрбір азамат өзінің тілді меңгеру деңгейін арнайы тест арқылы бақылап көре алады және сөйлеу әрекеттерінің қай түрі қалыс болса, сол бағытта көбірек жұмыс істеуіне мүмкіндік ала алады.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО дейінгі білім беру фаультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары шетелдіктерге тілді оқыту әдістемесі бойынша бай материал және үлкен жұмыс тәжірибесін жинады. Мұның бәрі оқытушыларға өз оқулықтарын және оқу құралдарын құрастыруда, өздерінің бірегей әдістемелерін жетілдіруге көмектесіп отыр.

Мұсаева Г. А., Саденова А. Е.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ЖОО - ға дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Тіл - біздің тұтастығымыз»

«Тіл - біздің тұтастығымыз»

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...
Мерейлі кафедраға 35 жыл

Мерейлі кафедраға 35 жыл

Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...
Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...
«Гай Го Сай» мерекесі

«Гай Го Сай» мерекесі

Еліміздегі Ұлы тұлғаларды, тарихи - мәдени ескерткіштерді халыққа, шетелдіктерге таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу, жаңғырту, сақтау,...
Әдістемелік семинар өтті

Әдістемелік семинар өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×