Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында
Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің салтанат құруы. Рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Білім, тәлім мен тәрбие мәселесі – қоғамымыздың болашағы болып табылады.
Кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта, қазақтың қара шаңырағы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 85 жыл бойы білім әлемінде желкен керіп келеді. Қазақстандағы шоқтығы биік білім ордасы жылдан жылға өз өрісін кеңейтіп, ұлғайып, елімізге білімді әрі жаңа заман мамандарын даярлап, еліміздің еңселі болуына үлесін қосып жатқан 85 жылдық тарихы бар оқу орны биыл 85 жылдық мерейтойын тойлауда.
Биыл ҚазҰУ «World University Rankings» QS дүниежүзілік танылған және беделді халықаралық рейтингте Орталық Азия жоғары оқу орындары арасынан жалғыз болып әлемнің үздік ЖОО - ларының қатарына еніп, 207 орынға ие болды. Айта кетерлігі, бұл топқа ТМД елдерінен екі ЖОО – Ломоносов атындағы ММУ мен әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ғана кірді. Осылайша, жетекші Қазақстандық әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Орталық Азия мен ТМД - дағы теңдессіз көшбасшы университет болды.
QS – әлемдегі барша мемлекеттер таныған беделді және көптеген жылдар бойы әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының жаһандық рейтингін жүргізіп келе жатқан ықпалды халықаралық агенттіктердің бірі.
2019 жылы 18 - 19 қыркүйек аралығында Қазақстанда – еліміздің жетекші жоғары оқу орны әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да QS әлемдік ғылыми - білім беру кеңістігіндегі ҚазҰУ - дың рөлі мен рейтингтегі жоғарыға көтерілу серпілісін ескере отырып, «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» тақырыбында QS World Wide халықаралық форумын өткізді.
Барлық континенттерден алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының басшылары, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдері, белгілі ғалымдар, сарапшылар мен академиялық топтар көшбасшылары жиналған форумда пленарлық отырыстар, панельдік пікірталастар, іскерлік кездесулер мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының жетістіктері көрмесі өтті.
ҚазҰУ - дың осы рейтингіде табысты жоғарылау факторлары кең ауқымды құрылымдық модернизация, соңғы бес жыл ішінде 40 пайызға өскен бірегей инфрақұрылымның қарқынды дамуы, сонымен бірге ҚазҰУ медицина - биологиялық және инновациялық ІТ кластерін қалыптастыру бойынша жұмыс жасауы, оның негізін жаңа суперкомпьютер құрауы, сонымен қатар БҰҰ - ның «Академиялық ықпал» бағдарламасының Ғаламдық хабы ретінде белсенді қызметі және оның халықаралық жобалары болып табылады.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып келе жатқан оқу орны, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған заманауи білім ордасы. Біздің Қазақ ұлттық университетіміз алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берсін, табысы тасқындай берсін деп тілейміз!
А. Е. Саденова., Г. К. Атабаева
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында
- ramuk_b
- 12 қараша 2019
- 858
- 0
- 0
Ілмек сөздер: білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты, халықаралық рейтингте
Ұқсас жаңалықтар:
«Гай Го Сай» мерекесі
Еліміздегі Ұлы тұлғаларды, тарихи - мәдени ескерткіштерді халыққа, шетелдіктерге таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу, жаңғырту, сақтау,...Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...
Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі
Шығыстың атақты философы, ойшыл Әбу Насыр ибн әл - Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу орны...Дінтану мамандығының маңызы
Дін бағзы заманнан бері өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Адам пайда болғалы бері белгілі бір діни сенім қоғамның ажырамас бөлігі болғаны...Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.