Сайтқа кіру Тіркелу

Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі

2019 жылы маусым айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен Алматы қаласында "Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы" атты үлкен көлемде бірнеше дәрістер өтті.
Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры және Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры қызметкерлеріне мемлекеттің зайырлы даму қағидаттарын, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін ілгерілетуге, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған, сондай - ақ ланкестік және экстремистікке қарсы күрес жүргізу бойынша арнайы лекция өтті.
Осы шараға Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің профессорлары мен докторанттары қатысты.. Дәрістің мақсаты - Қазақстандағы зайырлылық мағынасын түсіндіру және қалыптастыру.
Біздің мемлекеттің зайырлы табиғаты Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты болып табылады.
Осы күндері Алматы қаласының барлық аудандарында да осындай дәрістер өткізіледі. «Дәріс» барысында қатысушылар Қазақстанда Зайырлы мемлекет ұғымының түп - тамыры діни құқық тұрғысынан адамсүйгіштік құқығын басшылыққа алуда жатыр. Адам және адамның құндылығы ғасырлар тереңінен зайырлы және құқықтық мемлекет құруға деген талпынысты туындатты. Зайырлы мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге деген құқығы әлеуметтік заңдылықтар шеңберінде қарастырылатындығын баяндалды.
Баяндамашылар өз сөздерінде: Біздің мемлекетіміздің зайырлылық сипаты - Қазақстанның дамуының маңызды шарты екенін атап өтті. Біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтуға бағытталады. Соған байланысты Қазақстан дамуының зайырлылық принципінің мызғымастығын қамтамасыз ету үшін барлық қолда бар әкімшілік - құқықтық және қылмыстық – құқықтық шараларды пайдалана отырып оны діни экстремизм мен лаңкестіктің деструктивті идеологиясы тарапынан болатын шабуылдардан қорғауымыз қажет - деген қорытындыға келді.
Іс - шараға қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша өз көзқарастарын ашық білдірді. Олардың біздің қоғамымыздың құндылықтарының мызғымастығының негізі біздің сақтауымызды және нығайта түсуімізді қажет ететін бейбітшілік пен келісім екендігі жөніндегі пікірлері бір арнаға тоғысып жатты.

Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының бас маманы Касаинова Карлыгаш
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алматы қаласы діни бірлестіктер басшыларының клубы

Алматы қаласы діни бірлестіктер басшыларының клубы

2019 жылғы 11 тамызда Алматы қаласы діни бірлестіктер басшыларының клубы мұсылмандарды ұлы – Құрбан айт мерекесімен құттықтады....
Қазақстан - зайырлы мемлекет

Қазақстан - зайырлы мемлекет

2019 жылы маусым айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" президенті Какимжан Муратжанұлы...
Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі

Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі

Шығыстың атақты философы, ойшыл Әбу Насыр ибн әл - Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу орны...
Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Арал қаласы, Арал индустриалды техникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Қараева Айгүл...
Мен және менің құқығым

Мен және менің құқығым

Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру; құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×