Қазақстандық мектеп оқушыларының роботтары Мәскеуді таңғалдырды
Қазақстанның жас инженерлері 2018 жылғы маусымда Мәскеу қаласында өткен LEAS Russia & Kazakhstan EV3 robotics challenge робот техникасы бойынша халықаралық біріншіліктің жүлдегерлері атанды.
Жаздың алғашқы күндері Ресей астанасындағы Kids City («Балалар мамандықтарының қаласы») балаларға арналған білім беру - сауықтыру жобасы алаңында өткен LEAS (LEGO Education Afterschool Programs) Russia & Kazakhstan EV3 robotics challenge робот техникасы бойынша жарыстардың гранд - финалы қазақстандық вундеркиндтердің кезекті жетістігімен есте қалды. Қазақстанның бес жұлдызы – Румейса Варол, Төлеутай Қасенов, Кирилл Табачников, Имран Мухаммад және Валерия Примаченко – функциялары Жердің тірек орбиталарында ғарыштың ірі қалдықтарын іздеу, жинау және кәдеге жарату болып табылатын, автономдық роботтарды жинау және бағдарламалау бойынша күрделі тапсырмаларды сәтті орындап шықты.
Қарқынды дайындалудың үш айының шарықтау шегі болған ең үздік робот конструкторларының титулы үшін қиын күресте сондай - ақ Пермь, Екатеринбург, Железнодорожный және Красногорск қалаларының мектеп оқушылары лайықты өнер көрсетті. Конкурс «Жер маңайындағы ғарыштық кеңістікті бірге тазалайық!» ұранымен, кіші (он жасқа дейінгі) және үлкен (он жастан үлкен) екі жас категорияларында өтті.
Қазақстандық мектеп оқушыларының роботтары Мәскеуді таңғалдырды
- aiboll
- 11 маусым 2018
- 1621
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Роботтар құрастыру, робот техникасы бойынша халықаралық біріншілік
Ұқсас жаңалықтар:
Информатика тест 11 сынып
1. Объектілерді ( заттарды, құбылыстарды, үдерістерді ұғымдар - ды) белгілі бір белгілеріне сәйкес топтарға бөлу жүйесі -... А) ақпараттану ә)...Schools we get knowledge in
The objectives: 1. to increase pupils ’word - stock with the help of new words 2. to challenge pupils to use active vocabulary through a number of...Робот техникасы
«Робот техникасы» курсы 2016 жылдың 11. 07 – 22. 07 аралығында Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында өткізілді. Курсқа «Роботехника»...Form 5. Unit 2. Step 5. Test.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, № 14 ОЖББМ 1 санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тлеукулова Гульсара Гариполлиевна...Speaking about Kazakhstan
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп-бала бақшасы Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна Theme: ‘Kazakhstan is my Motherland .Speaking about...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.