Сайтқа кіру Тіркелу

Ата-аналар балалардың оқуына қалай көмектесе алады?

Мақсаты: Психологиялық - педагогикалық зерттеулердің қорытындысы негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына ата - аналармен бірлесе отырып психологиялық жағдай жасау
Міндеті: - Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімін көтеруге көмектесу; Ата - ана назарына оқушылармен жүргізілген психологиялық ағарту - дамыту жұмыстарымен таныстыру; Ата - ана мен бала арасында сүйіспеншілікті одан әрі дамыту;
Ата - ананың бала алдындағы мектепке деген міндеттері:
1. Мектепке деген құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету;
2. Сабаққа уақытылы жіберіп, сабақтан қалдырмау;
3. Мектеппен, сынып мұғалімімен тығыз байланыста болу;
4. Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындауға көмектесу;
5. Баланың жеке сабақ оқитын бөлмесін дайындап беру;
6. Баланың сабағына қатысу;
7. Баланы қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету;
«Баланың алдында ата - ана қандай болу керек?»
- Тәрбиелі, мәдениетті;
- Жан - жақты, күнделікті өмір жаңалықтарынан хабардар;
- Бала алдында жат қылықтар көрсетпеу, яғни дөрекі сөйлемеу, ұрыспау себебі, күнделікті мұндай кикілжіңнен бала жасық болып өседі.
- Ішімдік ішпеу, артық сөйлемеу яғни, біреуді жамандамау, өсек айтпау;
Талдау:
1. Үй тапсырмасы және оның маңыздылығы - оқушы санасының еңбегі.
2. Тапсырылған үй жұмысы оқушының өздігінен орындайтын жұмысы.
3. Үй тапсырмаларының орындалу ерекшеліктері - жекелеген пәндердің болуы.
Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынандай болып белгіленген:
І - ІІ сыныптарда – 1сағат;
ІІІ - ІV сыныптарда - 1, 5 сағат;
V - VІІІ сыныптарда – 2 сағат;
ІХ - Х сыныптарда - 2, 5 - 3 сағат;
Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін, олар ата - аналармен тығыз қарым - қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.
Үйдегі күн кестесінде баланың тазалық сақтау дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек. Оқушы ұйқыдан тұрған нан кейін таза жуынып, тісін тазартып, даладан келген сайын, ас ішерде және ас қабылдағаннан соң қолын тазартып жууға, аузын шаюға дағдыландыру керек. Осыған орай күн кестесінде таңертең, ас алдында, мектептен және ойыннан қайтқан соң жуынуға уақыт бөлінеді. Баланың денесі шынығу үшін таңғы гигиеналық гимнастикаға 10 - 15 минут уақыт бөлінеді. Мектептен қайтқан соң оқушы киім ауыстырып, жуынып, асын ішеді. Содан кейін міндетті түрде таза ауада 1, 5 - 2 сағат дем алады, ал 1 - 2 сынып оқушыларының 1 сағаттай ұйықтап алып, қалған уақытта ауада дем алғаны жөн.
Баланың еңбек қабілеті күніне 2 рет (8 - 12 сағ., 16 - 18 сағ.) жоғары болады. Сондықтан бұл мезгілдерді мектепте сабақ оқуына және үйде үй тапсырмаларын орындауға пайдалану керек. Таңертең оқитын оқушылар 16 - 18 сағат, түстен кейін оқитын оқушылар 8 - 12 сағат аралығында сабаққа дайындалғаны жөн. Гигиеналық талапқа сай үй тапсырмаларының мөлшері барлық пәннен де баланың жасына лайық жоспарланады. Сондықтан 1 - ші сынып оқушылары сабақ дайындауға 1 сағат, ал 8 - 11 сынып оқушылары 3 - 4 сағат уақыт жұмсайды. Сабақ дайындау барысында бастауыш сынып оқушылары әрбір 25 - 30 минут сайын, жоғары сыныптағылар 45 минут сайын үзіліс жасап, демалуы керек. Жоғарғы сынып оқушылары 2 сағаттан кейін 20 минут белсенді түрде дем алғаны дұрыс болады. Сол кезде баланың таңдауына, отбасының жағдайына сай үй шаруасына араласуына немесе қозғалысы мол ойын ойнауына болады. Оқушының сабаққа дайындалатын жұмыс орын ы таза, бөлмесінің ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық талапқа сай болу керек. Бөлменің шаң тозаңын су шүберекпен сүртіп, терезенің шынысын мезгіл - мезгіл жуып тазартады. Бөлменің тазартуы жеңіл болу үшін қажетсіз артық заттар, жөнсіз әшекейлер болмауы тиіс. Бөлменің жылылығы 18 - 20 - 22 °С, ылғалдығы 50 - 70 %, жарығы мол болғанда ғана оқушының еңбегі гигиеналық тұрғыдан қарағанда дұрыс ұйымдастырылады. Оның жұмыс орыны (үстелі мен орындығы) жарық мол болу үшін терезеге жақын тұрып, баланың дене көрсеткіштеріне сай болу керек. Үстелдің үстіндегі заттарды белгілі тәртіппен орналастырып, дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастырған жағдайда оқушының еңбегі нәтижелі болады. Сондықтан қағаздар, кітаптар, қалам - қарындаштардың тұрақты орыны белгіленіп, дер кезінде жинап отыруды баланың әдетіне айналдыру керек.
Баланың үлгерімін арттыруға байланысты бірнеше кеңестер
1. Баланың жұмыс істейтін үстелі қолайлы болсын.
2. Жұмыс үстелінде баланың көңілін алаңдатын артық зат болмауы қажет.
3. Баланың өз бөлмесінде балаға қолайлы бұрыш жасап беру қажет, ол жер кітап, қалам, қарындаштарын қоюға келетіндей кең болуы қажет, оқулықтары мен сөздіктері оңай алынатын және жақын жерде болғаны жөн.
4. Балада қағаз, дәптер және жазба жабдықтары жеткілікті болуына көп көңіл бөлу керек. Бірақ, бұл заттарды алуды баланың өзіне жүктеу қажет, бұл баланың жауапкершілігі мен дербестігін арттырады.
5. Теледидарды сөндіріп қойыңыз. Үй тапсырмаларын орындаған уақытта теледидарды қосуға болмайды деген қағиданы ұстаныңыз. Теледидар баланың сабақ оқуына кедергі келтіреді.
6. Радио, музыкамен не істеу керек. Кейбір музыкалық шығармалар (ауыр рокты қоспағанда) материалды тез қабылдауға көмектесетіндігі дәлелденген болатын, егер балаңыздың сүйікті музыкасы болса және орындауға көмектессе, онда балаға музыка тыңдауға рұқсат берген жөн.
7. Жүйелілік – маңызды фактор. Егер кешкі астарыңыз бен түстіктеріңіз нақты бір уақытта болса, балада нақты бағдар қалыптасады, ол барлық сабақты кешкі асқа дейін немесе кешкі астан кейін орындайтын дағдыға ие болады.
8. Балаға дем беру үшін үй жұмысының әр бөлігін орындаған сайын баланы қолдап отыруды ұмытпау керек.
Бала мен қарым – қатынастағы кейбір қателіктер Баланың астар санасында қабылдануы Дұрысы
Жылама! Жаман балалар ғана жылайды Мен әлсіз, жаман баламын! Жарайды, кішкене жылап ал,
жеңілденіп қаласың!
Әкесіне (шешесіне) ұқсап сүмірейіп тұрғанын қарашы! Әкемді (шешемді) жек көреді Сенің әкең (шешең) ең жақсы адам. Қандай ақылды еді!
(жақсылықтарын айтып отыру).
Ой, ақымақ – ай! Менің ақымақтығымды жақсы көреді. Бала менің ақылды, әдемі...
Біз сені жақсы болсын деп...
Сен болсаң... Мені ата – анам да жек көреді. Үмітін ақтай алмайтын босбелбеумін. Біз сені жақсы көреміз, түсінеміз.
Әлі – ақ бәрі орнына келеді
“Бәленбайдың баласын қарашы...” Мен одан кеммін “Менің ойымша ондайды сен де,
жасай аласың! ”
“Әйтеуір бәрін былықтырасың да жүресің!” Келесі жолы өздері істесін. Енді ештеңе істемеймін! “Әрбір адамның қателесуге құқығы
бар. Ештеңе етпейді келесіде
байқап істе!”
“Сенің ақылың жететін іс емес...” үлкендердің ісіне араласпай жайыңа отыр Менің қолымнан ештеңе келмейді. Мен түкке тұрмайтын байғұспын.
Менің ойым ешкімге қызық емес. Араластыруға болатын іс болса:
“Қане, сенің ойы қалай?” – деп
болмаса, “Бұл істің шешімін
өзімізге қалдыр!”
Ата - аналар балаларға үй тапсырмасын орындауға көмектесу керек пе?
1. Ата - аналар балаларға сөйлемдерді немесе сөздерді айта отырып сөзді дұрыс жазуға үйретуге, математикалық қиын тапсырмаларды орындауға көмектесуге болады.
2. Егер тапсырма оңай болса, оны шешуді баланың өзіне қалдырып араласпаған жөн, ал мен тексеруге көмектесейін деп ұсыныс жасау керек.
3. Сондай - ақ баланың өтінішін қуанышпен қабылдау керек. Баланың үй тапсырмасын тексерген кезде немесе орындауға көмектескен жағдайда балаға жағымды түсініктер жасау қажет. Балада тапсырманы дұрыс орындамасам маған ұрсады деген қорқыныш сезім болмауы керек.
4. Процесті қадағалап отырыңыз. Баладан мектептегі істері туралы сұраңыз, бірақ оған бітпейтін жағымсыз сұрақтар қоюдан аулақ болыңыз. Мысалы мынадай сұрақтар қоюға болады: «Математика сабағынан өткен бақылау жұмысы қалай өтті?», «Менің көмегім қажет пе?» және т. б.
5. Баланың алған бағасына көңіл аударыңыз, сонымен қатар мұғалімнің ескертпелеріне көңіл аударған дұрыс. Бұның барлығы баланың сол немесе басқа пәндер бойынша істің қалай жүріп жатқандығын көрсетеді.
 Баға дегеніміз не?
 Қандай бағаны жақсы, қандай бағаны жаман деп айтамыз?
 Бала “5” алғанда ата – ана не істейді, бала не істейді?
 Бала “2” алғанда ата – ана не істейді, бала не істейді?
Ата - аналар үшін нұсқаулық Үй тапсырманы ұйымдастыру:
Балалар сабақтан оралды, тамақтанып алды, осы күнгі болған оқиғалар туралы айтып берді, энергияны шығару үшін аздап жүгірді. Енді олар үй тапсырмасын дайындауға әзір.
Үй тапсырмасын орындау тек бала үшін ғана емес, бірақ ата - ана үшін де стресстік болып қалуы мүмкін. Кейбіреулері дау - дамайсыз жай ғана сабақтарын жаттайды, басқалары үшін бұл сәбидің көз жасымен және ата - ана тарапынан ашу - ызамен аяқталатын күнделікті күрес. Біздер оларды жетістікке жетуі үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуіміз керек.
• Дұрыс жұмыс жағдайы
• Кейбір ұстаздар назар аударушы факторлардың толық жоқтығымен тыныш жағдай құруға кеңес береді. Бірақ толық тыныштық әрқашан да мектептегі немесе жұмыстағы жаттығу жағдайларына сәйкес келе бермейді.
• Баланың жақсы жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасаңыз
• Балаға үй тапсырмасы барынша қолайлы жағдайларда орындалуы тиіс. Ата - аналарға баланың тиімді жұмыс істеуіне не көбірек әсер ететінін білу қажет, бірақ бұны баланың өзінен сұрау керектігін ұмытпау қажет.
• Баланың дайындалатын кеңістігінен өзге оқу барысында үлкен рөл ойнайтын көзбен шолатын факторлар және тіпті көзге түсетін элементтер де бар. Кейбір балалар пижамада немесе жаттығу шалбарында үй тапсырмасын шабыттанып орындайды, басқалары жанында сусын мен дәмтатым болғанын қалайды, тағы біреулері үй тапсырмасын орындағанда музыка тыңдағанды жөн санайды. Біреулерге ата - анасының көмегі қажет болып жатса, басқалары өз - өздігінен орындайды.
• Баладан оған қандай жағдайда үй тапсырмасын орындау қолайлы екенін біліп алыңыз, бірақ егер Сіз, кейбір сәттерге келіспесеңіз өз көздегеніңізді сақтап қалуға дайын болыңыз.
Дұрыс қолдау жасау Ата - аналардан үнемі балаға үй тапсырмасын орындауда қалай және қандай мөлшерде көмектесу керек деген сұрақтар легі толастамай жатады. Бұл сұраққа, Сіздің бала үшін үй тапсырмасын орындамауыңыз керек деген жауап дұрыс болады.
Бұл қате пікір, себебі бұндай әдіс егер балада қиындық туындаса ол өз проблемаларын шешуді басқаларға арту міндетті дегенді білдіреді.
Сондай - ақ, бұл - бала Сізге математика бойынша тапсырманы шешуге көмектесуін сұрап келгенде Сіздің «өзің шеш» деуіңізді білдірмейді. Негізі Сіз баланы тапсырманы дұрыс орындауға бағыттайтын ақылгөйдің рөлін сомдауыңыз керек.
Ең бастысы сабыр таныту. Егер балалар материалды түсінбей қалса, өте қатты мазасыздануы мүмкін. Келесі жолы, балаңыз Сізге, «қиын тапсырманы шешуге көмектесіңізші» - деген сұрақпен немесе өтінішпен келгенде, Сіз: Одан, оның ойынша бұл есептің жауабын табу үшін не қажет екенін сұрап көріңіз, содан кейін оған өзінің әдісі жұмыс істей ме, істемей ме екенін байқап көруін ұсыныңыз.
• Қосымша оқу материалдарын пайдалану туралы ойланыңыз (Мысалы, математикадан, тарихтан ж. т. б.). Бұл кітаптар балаға қиын сұрақтардың жауабын іздеп табуға септігін тигізеді.
• Егер екеуіңіз де қиын түсіндірменің немесе сұрақтың мағынасынан адасып қалсаңыз, мұғалімге хат жазыңыз. Мынау сияқты: «Осы тапсырмамен 1 сағаттай отырып қалдық. Бұны қалай істеу керектігін мен де, балам да білмейміз. Оған бұл тапсырманы қалай орындау керектігіне көмектесу үшін Біз не істей аламыз?».
• Балаға әрдайым өзін тығырыққа әкеліп тіреген сұрақты немесе тапсырманы шешу үшін әрекеттер тізімінің жоспарын құруды үйретіңіз. Жоспар келесідей болуы мүмкін: мұғалімнен көмек сұрау, Интернеттен іздестіру, үлкен ағасынан сұрау, себебі ол бұл тапсырманы қалай орындау керектігін жақсы білуі мүмкін. Бұл баланы пайда болған стресспен және туындаған қиындықтармен қалай күресу керектігіне үйрету болып табылады.
• Қажетті кеңсе жабдықтары
• ü Үстелге сурет салу мен жазу үшін қалам, қарындаш, түсті қарындаштар, маркерлер, өшіргіштер және қағаздарды өз ішіне алатын барлық қажетті кеңсе жабдықтарын қойыңыз. Басқа қажетті материалдарға қайшы, сызғыш, қағазға арналған скрепкалар, степлер, желімді қарындаштар жатады.
• ü Ұстаздан балаға калькулятор керек пе деп сұраңыз, егер иә десе, қандайын сатып алу керектігін сұраңыз.
• Балаға күнделікті сөздіктер, энциклопедиялар мен глобустар, сондай - ақ басқа материалдар қажет болады.

• Балаға жоғарыда айтылғандардың барлығы, уақытты анағұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және кеңсе жабдықтарын іздеумен алаңдатпайтын болады.
Егер де Сіздің балаңыз «селқостықта» болса, кейін шегініңіз де, онымен «жаттықтырушының» рөлін ойнаңыз: Егер жаттықтырушы балаға стадионды бір айналып жүгіріп кел десе, ол бұйрықты орындайды. Үй жұмысындағы негізгі проблема – балалардың қыңқылдап жай ғана жұмысты орындағысы келмейтінінде. Әрине бұл көрініс ата - аналарды ашуландырады, әрі бұл дегенің апат болып табылады. Өзіңізді жаттықтырушы ретінде ұстаңыз. Балаңызға: «ойыңды жинақта, саған 5 минут беремін, ал сосын маған бұны қалай істейтініңді талқылауға дайын болғанда ғана келесің» – деңіз.

Үй тапсырмасы – бұл өткен қателіктері үшін жазғыру емес, қателіктермен жұмыс болып табылады.
Көптеген ата - аналар тура осындай саясат жүргізеді: «кеше сен «ананы істедің», байқа бүгін жақсылап тырыс» - деген сияқты. Сәби шошып қалған және ренжулі, тіпті оқу қызметіне деген жағымсыз қатынас қалыптасып қалған. Мақсат – кешегіден қарағанда жақсылап істеу, ал бұл үшін қателерді табу, түсіну және түзету керек. Бұл ұрысқаннан гөрі жағдайда мақтаған жақсы. Жұмысты қараңыз да, онда қате бар ма екенін айтыңыз. Қателерді өздеріңіз көрсетпеңіздер, одан да бала қатені табуды және өздігінен оны түзетуді үйренсін.
Үй тапсырмасын орындау – маңызды әрі жауапты іс.
Оқушының өзі дәл осындай сенімде болуы тиіс. Сабақтар күн тәртібіндегі қатаң бекітілген уақытта, толық тыныштықта орындалуы керек. Отбасының барлық мүшелері бұл еңбекке деген құрметін білдіруі тиіс: ешкім және ешбір нәрсе баланы алаңдатпауы керек. Балада міндетті түрде жарықтандыруы жақсы және ыңғайлы орындығы бар жұмыс орны болуы керек. Еденде, асүйде, төсекте сабақ оқу тәртіпке жатпайды, керісінше бұл – баланы осындай маңызды үдеріске деген алаңғасарлыққа тәрбиелейді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×