Аннотация
Отбасы мүшелерінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты тұлғаның өз бейімділігіне сәйкес дамуына ықпал жасау мақсатында жазылған.
Бұл ғылыми жобада тұлғаның өзіндік ерекшелігіне байланысты дұрыс бағыт алу жұмысының өзектілігі көрсетілген.
Жалпы жоба теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Зерттеу, салыстыру, бақылау, жүйелеу әдістері тиімді қолданылған. Тұлғаның ерекшеліктері толық зерттелген.
Жұмыс оқушының жас ерекшелігіне сай жазылған. Жұмыс тақырыбы ашылған.
Аннотация
Данный проект создан с целью исследования характерологических особенностей личности семьи ученика.
Научный проект состоит из теоретической и практической частей. Использованы системные методы изучения: исследование, сравнительный метод.
Данная работа соответствует возрастной категории. Тема раскрыта полностью.
Annotation
This project was made in order to describe the personal features of pupil’s family. There was an attempt to show a pupil the correct direction. Considering his or her personal peculiarities. The scientific project consists of theoretical and practical parts. The system methods had been used: comparing methods search. The age limitations were considered. The theme was totally learnt.
Кіріспе
Өзіңді танығың келсе,
Адамдарға, олардың ісіне қара.
Өзгені танығың келсе,
Өзіңнің жүрегіңе үңіл.
Фридрих Шиллер
А.Г. Маклаков бойынша, жаңа туған нәресте адам деп аталғанымен жеке адам, тұлға деген атқа көпке дейін ие бола алмайды, өйткені тұлға болып ер жету үшін оң мен солын өзінің «менін» басқа мендерден ажырата білуі тиіс. Қандайда болмасын бір іспен айналысатын, өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деп айтамыз. Мінез-қабілеті қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей алатын, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды тұлға деп атайды. Адам табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктерге орай адамды ғылымның бірнеше саласы зерттейді. М: философия ғылымы, адамның дүниетанымын, көзқарасын, ақыл-ой өрісін, санасын, анатомия мен физиология адамның денесі мен жүйке-жүйесінің құрылысын, қызметін қарастырады.Психология ғылымы, адам жан дүниесінің сырын, психикасының даму заңдылықтарын, жеке қасиеттерінің жетіліп, қалыптасу жолдарын қарастырады. Адамдарды зерттейтін ғылымдардың ішінде психологияның алатын орны ерекше және адам тану жүйесіндегі жетекші пән психология адамның даралық сипатын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өзгертуді мақсат етір қояды. Адамның азаматтық кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Ол қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес адамның тұлғалық сипаттары сомдалады. Қадір-қасиеттері қалыптасады. Сыртқы нәрселермен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдаймен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де, оның психикасын дамытады. Жеке адамның бойындағы сапалық ерекшеліктерін білдіретін қасиеттер темпераменті, негізі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезім, күйлері мен іс-қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар табиғи қалыптасып, адамның кісілік қасиеттерін құрайды, әр адамның мінез-құлық ерекшеліктері де, әлеуметтік ортада дамып жетіледі.
Ғылыми жобаның мақсаты- Отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу
Ғылыми жобаның міндеттері:
• Отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктеріне шолу жасау;
• Тұлғалық ерекшеліктерін айқындау;
• Отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін айқындап ұсыныстар негіздеу.
Ғылыми жобаның зерттеу мен талдау кезеңдері. Жобаның композициялық құрылымынан көрінеді. 1- ші кезеңде жалпы тұлғалық ерекшеліктерге талдау жасалды. 2-ші кезеңінде Отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктері зерттелді
3-ші кезеңінде Отбасындағы тұлғалық ерекшеліктері анықталып оларға сипаттама берілді. Отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау барысында мынандай әдіс-тәсілдерді қолдандық: зерттеу, салыстыру, бақылау, жүйелеу.
Жобаның тәжірибелік әдістемелі жиынтық талдаудан тұрады. Осы жобадағы нақты міндеттерге байланысты әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды. Жұмыстың негізгі психологиялық, мәтіндік әдістер құрайды.
Ғылыми жобаның жаңалығы мен дербестік дәрежесі. 2011 жылы отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау барысында зерттеу жүргізілді
Ғылыми жобаның нәтижесі мен шешімі. Зерттеу жүргізіліп, отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты ұсыныстар берілді.
I-бөлім
Жеке адам ұғымы
Б.Г. Ананьев адамды қарастырғанда әлеуметтік пенде ретінде 4 түсінік берген.
индивид (физиологиялық, биологиялық);
іс-әрекет субьектісі (сана, белсенділік);
тұлға - іс-әрекет субьектісі (әлеуметтік орта қарым-қатынас, тұлғалық қасиеттер(темперамент, мінез, қабілет, бағыттылық, мотивация));
даралық (бір даралықты екіншісінен ажырататын тек соған тән даралық ерекшелік) деп қарастырды.
Индивид - aдам түріне жататын жеке биологиялық осеб (түр). Адам индивид түрінде «Хомо сапенс» биологиялық түрін көрсетеді. Индивид - туа біткен және даму процесі кезінде жинақталған қасиеттің жиынтығы. Индивидтің негізгі қасиеттері: белсенділігі, біртұтастылығы, тұрақтылығы, қоршаған ортамен тек өзіне тән қарым-қатынас жасауы. Индивид-адамның белгілі бір текке қатынасын көрсетеді, сол тектің табиғи және өзіндік қасиетін іске асырушы болып табылады. Индивид-биологиялық қажеттіліктің жиынтығы.
Субьект - белсенді біртұтас адам деген сөз. Адам өз ерекшелігін кез келген ортада анық көрсете алады. белсенділік, бір іс-әрекетке бағытталғанын көрсетеді. Санамен байланысады.
Материалдың негізінде сана қалыптасады, адам субьектіге айналады. Сана негізінде өзіндік сана қалыптасады, бұл тұлға, даму барысында адам даралыққа ие болады.
Р.С. Немов бойынша:
Тұлға - индивидуалды қасиеттерді жинақтаған адам.
Леонтьев бойынша: тұлға-субьектінің мотивациялық қатынастарының жүйесі. Әрбір адам белгілі бір тұлғалық құрылымдардың біртұтас қасиеттерді жинақтайды.
С.Л. Рубинштейн бойынша:
Тұлға құрылымы 3 шағын құрылымнан тұрады:
1. тұлғаның екі тенденциясы – бағыт-бағдары мен қатынасы (хочу)Пәннің басқа ғылымдар мен пән аралық байланысын түсіну және талдау, психология ғылымның дамуына үлес қосатын өзара байланыстарды ашу.
2. потенциалы мен адамның мүмкіндіктері ретінде қабілеттер (могу)
3. негізгі үстем және нақты тенденция, яғни мінез-құлық (бұл адамның бар екендігін білдіреді)
Тұлға- адам психикасының жалпы қасиетінің ерекшелігін көрсететін негіз құрайды. Жеке адам өмірінің психикалық құрылымы барлық психикалық қалып процестерімен қасиеттерінен тұрады. Олар жеке адамның санасында өтеді. Олар жеке адамға тәуелді.
А.Н. Леонтьев бойынша:
Тұлға құрылымын 4 компонентке бөледі:
1) бағыт-бағдар (т. мотивтері мен нақты қалауы, индивидтің бағыт-бағдарын анықтайды)
2) қабілеттер – индивидуалды психологиялық ерекшеліктер
3) мінез-құлық
4) өзін-өзі бақылау
Тұлға - қоғамдық тарихи онтогенетикалық дамуының ең соңғы сатысында қалыптасады.
Л.И. Бажович бойынша:
Тұлға болып табылатын адам өзінің іс-әрекетімен қылығын басқара алатын психикалық даму деңгейі бар адам. Толық дамыған адам өз көзқарасымен және қатынасымен ерекшеленеді. Онда қоршаған ортаның кездейсоқ әсіресе тұрақты және тәуелсіз қылатын өзіндік-моральдық талаптар мен бағалар болады.
Л.С. Выготский бойынша:
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адам индивид болып дүниеге келеді, жеке адам болып тәрбиелеу және қоршаған ортаның әсерінен қалыптасады.
А.Г. Ковалев тұлға құрылымын 4 блогқа бөледі:
1) психикалық процестер (қабылдау, түйсік, қиял, ес, ойлау, сөйлеу, зейін).
2) психологиялық қасиеттер (темп. мінез, қабілет және сезім, эмоция, ерік)
3) психикалық күйлер (көңіл-күй, фрустрация, аффект, стресс)
4) психикалық құрылымдар (білім, дағды, ептілік).
К.К Плотонов 4 шағын құрылымды көрсетті:
1) биологиялық (жас ерекшелік, жыныстық айырмашылық, темперамент);
2) психикалық (процестер, ерекшеліктер м-қ, қабілеттер, сезім, эмоция ерік);
3) әлеуметтік тәжірибе;
4) тұлғаның бағыт-бағдары (өнімі, дүние танымы, мақсаты, бағдары).
Тұлға - қоғамда белгілі орыны бар, белгілі қызмет атқаратын, саналы индивид.
Тұлға - табиғи жағынан әлеуметтік, әлде қайда тұрақты жүре пайда болатын мотивациялық қажеттілік, қатынастар жүйесін құратын, күрделі психологиялық құрылым, әлеуметтік қасиеттің жиыны.
Даралық - қайталанбас, басқа адамдарға ұқсамайтын қырымен сипатталатын адам. Адамның өзіне ғана тән психологиялық қасиетттерінің жиынтығы. [2]
ІІ бөлім.
Отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау
бойынша зерттеу жұмыстары
Менің отбасым
Папа-
Мама-
Інім-
Өзім-
Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері С. Деленгер әдістемесі
• Төртбұрыш-ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, ақпаратқа байқампаз, жазбасөздікке ынталы, ұқыпты, тазалықты сүйгіш, сақтанғыш, суық, саяхаткер.
• Үшбұрыш-көсбасшы, билікке талпынғыш, жеңіске құмар, парагматизм, өз-өзіне сенімді, импульсивті, шешім қабылдағыш, қауіп қатерге жақын.
• Тіктөртбұрыш-көңіл-күйі өзгермелі, сенгіш, барлық жаңа қозғалыстарға қызығады, жылдам, дау-дамайдан қашады.
• Шеңбер-қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, көпшіл, достары мен таныстары көп, мейрімді адам.
• Зиг-заг- көңіл- күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығушылығы мол, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, шығармашыл адам.
III. Баланың жеке тұлғалық дамуына психологиялық қолдау көрсету
әдістері
• Спорттық іс-шаралар
• Сыныптан тыс жұмыстар
• Бір мезеттік тапсырмалар
• Шығармашылық жоба
• Олимпиадалар
• Дебат
• Қоғамдық жұмыстар
• Әлеуметтендіру
• Тренингтер
Отбасымның жеке тұлғалық ерекшеліктерін
дамыту үшін менің ұсыныстарым
Жұмыста:
• Тұлға өзін-өзі жеке тұлға болып дамуына ықпал жасау;
• Тұлғаға үнемі мадақтап, қолдау көрсету;
• Тұлғаға көңіл бөліп жасаған қателіктерін жоюға көмек көрсету;
• Тұлғаны кекетіп, мұқатпау;
• Тұлғаның күші келетін жұмыстарды тапсыру;
• Тұлғаның алдына нақты мақсат қоюға үйретіп, жеткен жетістіктерін нақты бағалауына ықпал ету.
Үйде:
• Бір-біріне жылы қабақ танытып, үнемі қолдау көрсетіп отыру;
• Жанұяда эмоциялық байланыс атмосферасын қалыптастыру;
• Баланың жасаған ісіне қызығушылық танытып, қамқор болу;
• Баламен қарым-қатынас жасаған кезде авторитарлық позицияны тоқтату;
• Бір-беткейлік ақыл үйретуден арылу, баланыңда көзқарасымен санасу.
• Баламен қарым-қатынас жасаған кезде кеткен қателіктерін мойындау
Қорытынды:
Отбасындағы жеке тұлғаның психологиялық қарым-қатынасы қалыптасады.
- Адамға сый-құрмет көрсету
- адамға сенім арту, сену
- адамға деген біртұтас көзқарастың болуы
- ынтымақтастық пен бірлестіктің болуы
- жеке дара адамның бабын табу
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектептегі психология 2008 ж №3
2. Р.Римская, С.Римский «Практическая психология в тестах или как научиться понимать себя и других» Моква 2003 г
3. В.Богомолов «Тестирование детей» Ростов-на-Дану «Феникс» 2003 г
Отбасымның жеке тұлға ерекшелігі
- Шынар Т
- 13 сәуір 2012
- 15956
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отбасымның, жеке тұлға, ерекшелігі
Ұқсас жаңалықтар:
Сынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісі білуі тиіс: • Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын • Бала құқықтары туралы конвенцияны...Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері
Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл - ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс - әрекет ерекшеліктерімен бейнеленеді. Студент...Студенттердің психологиялық ерекшеліктерінің даму деңгейін анықтау
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз...Балалар неврозы бойынша психотерапия
Қызылорда қаласы, «Назым» мектепке дейінгі орталық психологы Мадина Абзалқызы...Педагогикадан тест жинағы
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.