Сайтқа кіру Тіркелу

Ару-сезім қарсы алар гүл көктемін!

Ару-сезім қарсы алар гүл көктемін

Бақыт пен арманнан қол үзбеген қыз,
Сұлулықтың шырайын жүзге кіргіз.
Тағы да
көктеміңді қарсы алдың ба,
Өмірден Төлегенін іздеген қыз.
Жыр деген жүрекке сыр
қосатын үн,
Бермей жүр ме жанға арман аса тыным.
Қозы Көрпеш жолықсын бұл
көктемде,
Қыз жүректің құлыбын ашатұғын.
Кездесті ме өмірден күнде
өткелің,
Шаттанып кез шаттықтың гүл бөктерін.
Алау гүлді алқапта ән
шырқатып,
Серіңді жолықтырсын бұл көктемің.

***

Қалса дейсің Арудың жүрегінде жалынды із,
Жауламасын бірақ та, жауламасын жанын
күз.
Көрінеді десек те сыңары жоқ аққудай,
Асылы жоқ өмірде, ғашығы жоқ ару
қыз.
Махаббатпен қашанда бойжеткеннің бағы асар,
Қыз қиялы арманға үмітпенен
жанасар.
Табиғаттың тамаша қос кептері секілді,
Ару қыздың жанында сыршыл жігіт
жарасар.
Жасамайсыз, әрине, барлықты әр кез жоқтан сіз,
Махаббаттан сорды да, бақытты
да тапқан қыз.
Мұң шалса да қаншама сезімінің көктемін,
Үмітінің желкені
желбірейді тоқтаусыз.

***

Сезім жолы ұғынғанға сыналу,
Сыңарының сырын іштей ұға алу.
Махаббатты жалған
деді біреуі,
Сол жайлы жыр жазшы деді бір ару.
Табылмаса жүректердің гүл
емі,
Өмір қиын, оны жұрттар біледі.
Жалғыздығым қиын десті ал бірі,
Бақыттымын
деп қуанды біреуі.
Жомарт болсаң, жорғаңды да бер түсіп,
Нағыз адам - адам екен ең
кішік.
Өкініші мен қуанышы өмірдің
Қашанда да жатады екен тең түсіп.

***

Сен оны кiнәладың ба,
Сезіміңе лайық жауап бермегені үшін,
Кездесер сәтте
күттіріп келмегені үшін.
Сен оны кешірдің бе,
Арамыздағы сезім әлі-ақ жанады
деп,
Ертен-ақ бәрі жақсы болады деп.
Жүрегің махаббат дүниесіне
сенгенде,
Сезім күніңнің бірі шуақ, бірі түн.
Ал оны бүгін басқа қыздың жанынан
көргенде,
Үзіліп түсті-ау үмітің.
Қыз жүрегіңді өкініш бұлты сенделткен,
Келместей
қайта таң күліп.
Талай көңілдердің жарасын уақыт емдеткен,
Өмірдің өзі - заңдылық.

***

Айту сенің міндет пе есіміңді,
Жігіттер көп қаға ма есігіңді.
Өйткені олар
сұлулық тұтқыны ғой,
Ал сұлуға бәрі де кешірімді.
Оларда сезім оты
маздаған-ды,
Сазгер болса, сен жайлы жазбақ әнді.
Ақын болса, сен жайлы жырлар
еді,
Қу қыз-ай, сен білесің өз бағаңды.
Жүзіңде болмай кезің нала тұнған,
Самғасын арманыңның қанатында ән.
Еркелеп қал, өйткені мына өмір,
Дәл қазір
тек сен үшін жаратылған.
Сен үшін қазір құрбы, дос алаң-ды,
Анаң бәрін сен үшін жасаған-ды.
Сақтап қал да осынау еркелікті,
Болашақ күліп атта босағаңды.

***

Болмаса егер махаббат, бақыт қайдан жаралмақ,
Деп едің ғой жиырмаңда - өмір
солай қаланбақ.
Бес жыл өтті арада, елегізіп қыз жүрек,
Жиырма бесте күттің сен
бақытыңды алаңдап.
Болмаса егер махаббат, келер саған қайдан бақ,
Деп едің ғой жиырмаңда - адам солай ойланбақ.
Ал отызды бір күні тойлап тұрып құрбыға,
Әзіл
айттың мен биыл бақ табам деп жайраңдап.
Уақыт өтті, тіршілік баяу ғана
ағады,
Ойлантады қыз тағдыр бауырды да, Ананы.
Қалыпсың-ау сен биыл отызды да
орталап,
Кештеу келген бақыттың дәмі тәтті болады.

***

Алаулаған жүзде нұры ойнаған,
Сол аруда мұң бар деп кім ойлаған.
Бірде шат жүз, бірде бір сәт ойлы адам,
Қыз сырына кім бар терең бойлаған.
Сұлу еді
сүрмесіз де, далапсыз,
Мұң сырғасын бойға кейде тағад күз.
Үмітпенен болашаққа
қарап қыз,
Күтуші еді өз бақытын тағатсыз.
Сездірместен сезім сырын
шеккенін,
Қалап жүрді жанға шуақ төккенін.
Талай ару үміт іліп ақ таңға,
Күтіп
жүр ғой бақытының көктемін.

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×