Сайтқа кіру Тіркелу

Жаңаша оқыту - жетістік көзі

Жаңаша оқыту - жетістік көзі

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік - мәдени саласы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп, жаңару үстінде. Осы орайда, білім ордасының табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүниетанымын қалыптастыру, жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шыңдап, тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі. Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі, жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне жете көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз. Себебі, дәл қазіргі уақыт, ең алдымен, адамның ақыл - ойы мен қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп жіберді.

Ендеше, бұдан шығар қорытынды мектепте оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпалы тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет болды.
Ерте заманнан бері адам баласы барлық өмір құбылыстарын, өздерін қоршаған ортаны тануға талпынған. Үйрену мен үйретуден тұратын жердің бәрінде ұстаз бен шәкірт болған. Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары осындай философиялық негізді басшылыққа алған.
Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы, (RWCT жобасы). Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне шығуына әкелер жолдың бірі - RWCT бағдарламасы деген болар едім.
RWCT бұл:- жеке, жұпта, топта, бірлесіп жұмыс істей білу;
- оқуда білімді өз бетінше іздеу;
- білімді терең ұғыну;
- теория мен практиканы біріктіру;
- бір - біріне құрметпен қарау, мәдениетті қарым - қатынаста болу;
- өз пікірін жақтай, дәлелдей білу;
- ізденіс, еркін таңдау, жеке пікір, топпен талқылау;
- қажет жағдайда көзқарасын өзгерту т. б.
Өйткені сын тұрғысынан ойлау – ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді (Л. С. Выготский).
Аталмыш жобаның негізгі идеялары мен қағидаларына тоқтала кетсек: оқушы өзіне керекті, өз өміріне жарата алатын ақпаратты таңдай біліп, оны өздігінше игеруге көмек болатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек.
«Сыни ойлауды дамыту» жобасы авторларының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынды:
- күтілетін нәтижелерді нақты айқындау;
- жазба жұмыстарын жиі орындау;
- оқушылардың ой - өрісін белсендіретін сұрақтар қою;
- бірлесе оқу тәсілдерін қолдану;
- оқыту пәндерінің әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру.
«Сыни ойлау» жобасы әр шәкірттің өзіндік түсінік қалыптасуына мүдделі, осылай олар өзінің теңдесі жоқ ерекшелігін айқындап, соған иланады.
Мұндай жағдайда ақпарат оқытудың нәтижесі емес, оның бастапқы кезеңіне айналады: оқушы осы мәліметті түсініп, талдап, оны өзінің әлеуметтік тәжірибесі тұрғысынан бағалай отырып, соның негізінде өзінің түсінігі мен түйсінуімен байланысты жаңа білім құрастыруға дағдыланады, оны керегіне жарата алады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары

Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың р ...

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың р ...

Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
Жаңа бағдарлама-жаңа бағыт

Жаңа бағдарлама-жаңа бағыт

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 14 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі...
Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы

Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×