Сайтқа кіру Тіркелу

Біз таңдаған Президент

Тақырыбы: Біз таңдаған Президент
Мақсаты: Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Халқымыздың әлемге танытып алаш баласының абыройын асқақтатып, елбасының кісілік келбетін меңгеру.
Міндеті: Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан тәрбие алуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Елбасы суреттері жүрек шар астана суреттері.
Түрі: тәрбие сағаты.

Барысы
Тәрбиеші сөзі: Балалар 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
Бірінші желтоқсан Президент күні болып қабылданды.
Ендеше, балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ойлаған, ынтымақтықты тұтастықты, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналылығына мән берген ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 - шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауданында туған. Ол өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұнда тамаша жетістіктерге бірден қолы жеткен жоқ. Ол кішкентай кезінен бастап түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына бау - бақша көмек көрсетті. Өзі еске алғандай өсірген аз - мәз өнімдерін сатып үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жекке арбамен темір жол стансасына бару керемет мереке саналған. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы боранына қарамастан мектепке қатынап оқыған. Ол мектепті жақсы оқып жақсы білім алған. Ата анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді. Мектеп бітірген соң Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлургия жұмысшысы мамандығы меңгерді. Ол шойын құюшы домна пешінің көмекші жұмыстарын атқарды, кейін инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көріне
Ән “Өз елім” Альбина, Айжан
Балалар дайындаған тақпақтарымызды айтайық:
1. Назерке
Болашағым Қазақстанның алдағы
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
Халқымыздың сеніп алған таңдауы
2. Жақсымұрат
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жасасын тәуелсіздік алауы
Еңбек достық бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы
3. Саяжан
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз еріміз
4. Олжас
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің елбасын қолдайық
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Нұр ағам
5. Альбина
Биіктей бер Нұр аға
Қыран канат талмасын
Қадірлемей тұра ма?
Халық сіздей тұлғасын.
6. Бекжан
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман - сау жүрші, Атамыз
Тәрбиеші сөзі:
Кәнеки балалар елбасымыздың нақыл сөздерін білеміз бе?
1. Әсем
Жақсыдан бақ қалады
2. Жазира
. Тәрбие ошағы мектеп
3. Дильназ
Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында
4. Гүлжайнар
Қазақ қазақпен қазақша сөйлесейік
Тәрбиеші сөзі:
Енді балалар тақтаға қарап, сөзжұмбақты шешейік.
Қазіргі таңда Президент туралы көптеген іс шаралар атқарылып жатыр. Соның бірі «Елбасы жолы» туралы фильм. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға шықты. Оны бәріміз тамашаладық. Сонымен қатар біздің елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. Олар Бәйтерек тобы орындайтын «Сары арқа әні» Музарт тобы орындайтын «Үш қоңыр әні» Әнұранымыз «Менің Қазақстаным»
Тақпақтар
1. Арсен
Серпігенде бодандықтың тұманын
Жеті әлемге ұраным мен жыр әнім
Өзің болдың көш басшысы елімнің
Өзің болдың ұшқан қыр әнім.
2. Айдана
Гүлдене бер отаным
Көтерген туың Нұр ағам
Көбейткен достың қатарын
Нұр аға біздің ұлы адам
3. Аяулым
Отаным дейміз кең байтақ астананы
Жасыл жайлау жасыл жол жас қаланы
Отанның шеті де жоқ шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
4. Мереке
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтанның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
5. Нұрзат
Естімейік енді елдің жылағанын
Қайта құлап бостандық сұрағанын
Абылайдың жолы мен алға басқан
Құтты болсын нұрлы жолы Нұр ағаның.
Тәрбиеші сөзі
Мен сендерге жұмбақ жасырам кім жауабын айтады екен а?
1. Келген емес жайдан жайдан - жай,
Жеңдік барлық езгіні
Тәуелсіздік алғаны ай,
Жылдың қай мезгілі
(қыс желтоқсан)
2. Тәуелсіздік жолында
Тапқан жолдың шешімін
Президенті қазақтың
Айтшы кәне есімін.
(Н. Назарбаев)
3. Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге.
Күн астында қандай күн
Қанат қаққан бар елге.
(қыран)
4. Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап,
Кімнің туы біліп ал!
(Қазақстан)
Тәрбиеші сөзі:
Балалар мына жүрек шарды алып шын жүректен Елбасымызға тілек тілейік.
1. Дильназ
Нұрлы күн болсын!
2. Ерболат
Елімізде бейбітшілік болсын!
3. Саяжан
Елбасымыз аман болсын!
4. Әсем
Қазақстан гүлдене берсін!
5. Биби
Ана тілімізді құрметтейік!
6. Назерке
Рәміздерімізді құрметтейік!
7. Темірлан
Тәртіпті болайық!
8. Гүлжайна
Сабағымызды жақсы оқиық!
9. Нұрбек
Еліміз, жеріміз бай болсын!
Бекжан мен Нұрзат жорға биі
Тәрбиешінің қортынды сөзі
Сөзімді жас ұрпаққа, яғни сендерге арнасам деймін, сендер егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатырсыздар. Сондықтан да сендердің алдарыңда болашақты өздерің өз қолдарыңмен орнатудың мүмкіншіліктері бар.
Хормен Әнұран орындалады.
Бүгінгі “Біз таңдаған Президент” атты тәрбие сағатымыз аяқталды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Біздің сүйікті - Елбасы

Біздің сүйікті - Елбасы

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, Отанына...
Менің тұңғыш президентім

Менің тұңғыш президентім

Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін...
Тәрбие сағаттар жиынтығы

Тәрбие сағаттар жиынтығы

Алматы – менің сүйікті қалам. Ұлы тұлға - Әуезов. Менің құқықтарым. Дені саудың - жаны сау. Бақытым да, байлығым да - денсаулық. Біздің елбасы....
«Қазақстанға саяхат» ойыны (Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Наза ...

«Қазақстанға саяхат» ойыны (Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Наза ...

Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 18 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жусупбаева Ризагуль...
Ел ертеңін ойлаған Елбасы

Ел ертеңін ойлаған Елбасы

 1 желтоқсан –
Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×