Сайтқа кіру Тіркелу

Көктем аруы қыздар арасында байқау

Көктем аруы қыздар арасында байқау.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: «Қыз - елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.
Жүргізуші: Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары және байқауға қатысушы арулар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші: Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!
Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Ақ ару» атты конкурсымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Жумагалиева Қ. Т. сөз берейік.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)
Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
1)..................... қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
2)................... қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
3)........................ қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
4) Ақша бетті........................
Ұқсайды хор қызына
5)........................... үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп
6)........................ қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
7) Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
.................... да қатарынан қалмаған.
8) Атыңнан айналайын..................... деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
9) Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
........................... алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.
10) - сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
.................. өнерлі қызымыз.

Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.
1 - шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады. (5 мин)
2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3 - шарт. «Сәндік өнер», яғни бір қыз баланың шашын сәндейді де атын айтады.
4 - шарт. «Кім жылдам?» (5 мин)
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
б) Түйме қадау
в) 1 мин ішінде инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
5 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтар беріледі.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер деймін!
Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын. Ендеше І тур таныстыру.

2 тур: Өз өнерін көрсету
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

3 тур: Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз шашқа сән жасау.

4 тур: «Кім жылдам»
(Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді).
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою) 2 мин
б) Түйме қадау 2 мин
в) Инежіпке бисер өткізу (кім көп тізіп шығады). 1 мин

5 тур: «Сұрақ - жауап»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік. Қағаз жетонды бірінші көтерген және дұрыс жауап берген адамға 1 ұпай қойылады.
1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ою - өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
5. Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? (жасанды, синтетикалық)
6. Мал сүйегінен шығарылатын дәмі, иісі жоқ мөлдір тағам желімі, ұнтақ немесе сары түстес кесек түйіршіктер (желатин)
7. Киізге ою - өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
8. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
9. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
10. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
11. Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)
12. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)
13. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
14. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
15. Шыт, атлас, жібек, бархыт, левисон (синтетика) т. б. (мата)
16. Қолдан тоқылған суретті - кілем (гобелен)
17. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
18. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
19. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
20. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
21. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
22. Картоптан жасалған ботқа (пюре)
23. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
24. Бағалы металл (алтын)
25. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)
26. Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)
27. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
28. Су моншақты(бисер) ең көп шығаратын ел (Жапония)
29. Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
30. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта - текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)
Биология: Таза табиғаттан алынатын талшық түрлері (мата, зығыр, жібек, жүн)
Қолөнер: Киіз үйдің жабдықтарын ата. (кереге, уық, шаңырақ, түндік, босаға)
География: Кофенің отаны. (Африка)
Сурет: Байлық пен молшылықты бейнелейтін ою - өрнек (қошқармүйіз)
География: Төрт түліктің киелісі - түйе малының шыққан жері. (Орта Азия, Қазақстан)
Сурет: Магиялық ою. (тұмарша)
Биология: Етте қандай дәрумендер тобы бар? (А, Д, ПП, В)
Медицина: Ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан, тамақта тиісті дәрумендердің болмауынан адам қандай ауруға ұшырайды? (авитаминоз)
Технология: Киімдегі қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді қалай атаймыз? (аксессуарлар).
Медицина: Тамақтың энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
Физика: Тоқты өткізбейтін материалдарды ата. (пластмасса, фарфор, резеңке, құрғақ ағаш).
Геометрия: Ою - өрнекке түрлендірудің қай түрі қолданылады? (симметрия)
География: Елімізде мақта өсіретін бірден бір аймақ (ОҚО)
Медицина: Адам тамақтан улануда қандай ауруға ұшырайды? (интоксикация)
Ауыл шаруашылығы: Топырақтың құнарлылығын арттыруға қолданылатын заттар. (тыңайтқыштар)
География: Кестенің Отаны қай ел? (Қытай)
Медицина: Гемоглобин түзілуге қатысатын дәрумен. (ПП)
Сурет: «Дастархан» натюрмортының авторы кім? (А. Ғалымбаева)
Сызу: Заттың үлкен кішілігін білдіретін сан (масштаб)
Өнер: Өнер саласын зерттеген академиктің аты (Марғұлан)
Тарих: Қазақ ұлттық ою - өрнектерінің бастапқы элементтері қай дәуірге жатады (тас дәуіріне)

Қорытынды: Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқандарыңызға көп - көп рахмет, келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ
математика-информатика пәндері мұғалімі
Айшуаков Мерлан Адилович
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қыз сыны 2024 байқауы

Қыз сыны 2024 байқауы

Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін,...
Ана-аса қымбатты жан

Ана-аса қымбатты жан

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы №10 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сейтенова Асель Есенгельдыевна...
Көктем аруы

Көктем аруы

Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке....
Қыз сыны

Қыз сыны

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке,...
8-наурызға байланысты

8-наурызға байланысты "Ақ ару" қыздар сайысы

8 - наурызға байланысты "Ақ ару" қыздар сайысы (сыныптан тыс шара) - Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8 наурыз Халықаралық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×