Оқушылардың ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту басты проблеманың бірі. Әр сабақ – мұғалімнің ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын артпай, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, жаңаша ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны жақсы ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы дәрежеде қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым - қатынас жасай білуге тәрбиелейді, зейінін арта түседі, есте сақтау қабілетін дамытады.
Жеті модульдердің барлығын қарастырып идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, мен жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» пайдаланудан бастадым, себебі олар әлеуметтік - сындарлық көзқарасымен тығыз байланыста болады.. Менің түсінігім оқушыға қалай оқу керектігін қалыптастырмай берілген білім үдерісінің нәтижелі болуы оқушы өздігінен меңгерген білімін таныта білуде, көзқарастарын зейін қойып зерделей білуде іске асады. Білім берудің бастау нүктесі деп қалай оқу керектігін қарастыратын болсам, көз алдыма баспалдақ келетіні белгілі.. Яғни кез келген істің нәтижесі сатылап барып қалыптасады. Бағдарламаданың жеті модулін іс тәжірибемдегі төрт апта ішінде қолданып, оқушының бойына қалыптастырдым деп айта алмаймын.
Өйткені білім дағдылары бірден қалыптаса қоятын үдеріс емес. Идеяны қалай ықпалдастыра отырып, ұрпаққа саналы білім беріп, құнды біліммен қаруландырып бәсекеге қабілетті де, білімді тұлға шығара аламын ба, алмаймын ба деген сұраққа жауапты тапқандай болдым. Бағдарлама мазмұнын баспалдақпен байланыстыруға себеп болған жеті модуль. Түсіндіріп айтар болсам бірінші баспалдақ Қалай оқу керектігін үйрету: диалогтік оқытудың мәнісіне көшсек болады деп ойлайды. Сыни тұрғысынан ойлауда оқушы болжам жасайды, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қорытып, өз ойын толық жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сыни көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс жасауды үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытып, қызығушылықты арттырады, кез – келген сабақты меңгереді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді. Мен қалай оқу керектігін үйрету үшін оқушыға:
- білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге,
- жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттей білуге,
- міндетерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыа білуге
- нақты міндет үшін сәйкес келетін стартегияларды таңдауға көмектесуге шақыра білдім Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып зерделей білген модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір - біріне кеңес береді. Өз алдына мақсат қояды. Алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен экспиремент жасайды (МАН 33 бет ) және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады.. Егер осы төрт тармақты іске асырсақ оқушылардан оқуды үйренгендерін талап еткен боламын. Мен өзімнің сабақ беруіме емес, оқушыларды оқу ептілігін дамытуға жаңашылдыққа назар аудардым. Сонда ғана оқыту ортасын құрып, соның арқасында ақпаратты дұрыс қабылдап, оқуға белсене араласатын болады. Мен сабақ барысында бірте - бірте көрінбейтін мұғалімге айналуым керек, оны алдағы іс тәжірибемді жинақтау мақсатында жұмыс жоспарыма енгізуді алдыма басты мақсат еттім.
Жаңа тәсілдерді бірінші оқушылардың өздеріне болжам жасата білу арқылы алдарына мақсат қойдырдым. Өйткені мақсатымыз айқындалмай, нәтижеге қол жеткізбейтінімізді түсіндірдім.
Тізбектелген сабақтар топтамасынан «Керқұла атты Кендедай» бірінші сабағым бойынша есеп жазуды дұрыс көрдім. Есеп жазуға таңдау себебім оқушыларға жаңа сабақ қалай әсер ететінін, не істейтінін, қалай қабылдағанын жазғым келді. Бірінші сабақта кеткен кемшіліктерімді келесі сабақта жоюға тырыстым. Қол жеткізгім келген нәтижелерге сәйкес оқушыларға әдебиет сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру, өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыруды дамытамын.
Сабақтың өткізу құрылымын жаңғырту, шағын топтарда танымдық тапсырмаларды ұсыну, танымдық белсенділіктерін дамытуды,
Жеке, жұптық, топтық әрекеттер ұсыну, сұрақ қою дағдыларына мән беру, бір - бірімен қарым қатынас жасауға жағдай жасауды сабағыма мақсат еттім.
Оқу нәтижесінде жаңа түсінік қалыптаса бастайды, сабақ құрылымына жат жағдайлармен танысады, жаңа жағдайларға бейімделеді, әр түрлі қабылдайды (қызығады, сенбейді)
Әр сабақты тиімді, жүйелі етіп өткізу мұғалім шеберлігіне байланысты. Мектептегі іс - тәжірибемнің бірінші апта алтыншы күні 5 - сыныпта әдебиет пәнінен «Керқұла атты Кендебай» тақырыбында сабағымды өткіздім. Сабағымның негізгі мақсаттары, оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдерді, оқып үйренудің нәтижесін, оқыту процесін бағалау түрлерін алдын ала анықталады. Сабағымда негізінен білу, түсіну, қолдану 3 мақсатты жазып, сол мақсаттар арқылы оқушыларға тақырып туралы білуге түсінуге және қолдана білуге үйреттім. Оқушыларды топтарға бөліп, топтарда бірлесіп жұмыс жасауға, сынилыққа тәрбиелей білуге тырыстым. Сабағымда бағдарламаның 7 модулінің ықпалдасуын қадағаладым.
Сабақ құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
I. Кіріспе бөлім
II. Тұсау кесер
III. Негізгі бөлім
IV. Қорытынды
Кіріспе бөлімінде оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында оқушыларға Айгерім Қалаубаеваның «Ертегілер әлемі» әнін тыңдата отырып ертегілерден үзінді көрсеттім. Оқушылар әнді қосыла айтып, ертегіні жақсы көретіндіктерін байқатты. Ертегі үзінділерін қызыға қарап, қандай ертегі екендігін ажырата біліп, аттарын атап көрсете білуді үйреттім. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын біліп алуды жоспарладым.
1Қазақтың қандай ертегілерін білеміз?
2. Теледидардан көрген ертегілеріңнің аттарын айта қойыңдаршы.
3. Қандай қызықты ертегі кітаптарды оқисыңдар?
Гүлсана 1 - сұраққа былайша жауап берді. Мен қазақ ертегілерінен Алдаркөсе ертегісін, Толағай ертегісін, Батырлар туралы ертегілерді телевизордан үзбей көріп жүретіндігін айтты.
Динара 3 - сұраққа былай деп жауап берді: Қызыл телпек, Қасқыр мен жеті лақ, Аңқау арыстан, Қу түлкі, Ақымақ қасқыр атты ертегі кітаптарын оқыдым деп жауап
Берді.
Ұлықпан 2 - сұраққа былайша жауап берді: Мен телевизордан Алдаркөсе, Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», Аңшы» тақырыбындағы ертегілерді үзбей көремін деп жауап берді. Басқа да оқушылар сұрақтарға өз ойларымен толық жауап берді. Ертегі сабақ оқушылар үшін қызықты, тартымды сабақ екенін түсіндім.
Ерсұлтан Алдаркөсе ертегісінен үзінді көрсетуді қалап, ертегіден үзінді көрсетті.
Оқушыларға бүгінгі сабақ қандай сабақ екендігін бейнетақтадан не көргендерін сұрау арқылы сабақтың ертег і сабақ екендігін анықтадым. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру үшін «Алақан жылуы» ойыны жүргізідім.. Оқушылар бір біріне жақсы тілектер айта отырып, сабақты көңілді бастауға шақырдым7 - модулде айтылғандай оқушыларға көшбасшылық жасай отырып ойынды ойнаттым. Оқушылар бір - біріне жақсы тілек сөздер айтудан бастадым. Жарайсыңдар балалар! Деп оқушыларға мақтау сөздер айттым... Ойын ойналғаннан кейін стол үстіне түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлуден бастадым. Стол үстіндегі қызыл және сары стикерлерді оқушылар өз қалаулары бойынша таңдап алды.. Қызыл түстілер бірінші топқа, сары түстілер 2 - топқа бөлдім. Оқушыларды 2 топқа отырғыздым.
«Конверт сұрақ» әдісі бойынша конверт ішіне 2 сұрақ салып оқушыларға конвертті таңдаттым. Мақсатын оқушыларға түсіндіре отырып, 1 - модульде айтылғандай оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып сұрақтарға қалай жауап беру керектігін түсіндірдім.. Конверт ішіндегі 1 - сұрақ былайша берілген.
Шашылған әріптер ойынын ойнаттым. Әріптерді дұрыс құрастырса топ аты шығатындығын айттым. Оқушылар бірлесе отырп әріптерді құрастырып топ атын шығарды. « Жарайсыңдар балалар, тапсырманы өте жақсы топтарда бірлесе отырып орындадыңдар» - деп мақтау сөздер айттым.
1 топ: Батыр сөзін құрастырып «Батыр»тобы атанды. 2 топ Мейірімді сөзін құрастыра отырып «Мейірімді» тобы атанды. Әр топ бірлесе отырып топ ережесімен танысты. Топтар өз ұрандарын шығарып, ортада айтты. Топтарды таныстырулары сәтті өтті. Жарайсыңдар! деп мақтау сөзін айтып сабаққа қызығушылықтарын арттырдым.. Конверттің ішіндегі 2 - тапсырмамен оқушылар танысты.
Екінші тапсырма «Батыр» тобына
Батырлыққа байланысты мақал - мәтел жаз
Мейірімді тобына тобына мейірімділікке байланысты мақал - мәтел жазу тапсырмалары бердім...
Оқушыларға жұмыс дәптері таратылып сол дәптерге тапсырмалар орындатқыздым..
1 топ «Батыр» тобының оқушылары тапсырманы былайша орындады.
Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
Батыр бір өледі, Қорқақ мың өледі.
Батыр болғың келсе, батыл болуды үйрен.
2 топ «Мейірімді»тобының оқушылары тапсырманы былайша орындады.
Адам болғың келсе мейійһрімді болуды үйрен.
Өмірді танып білгің келсе,
Мейірімділік жүрегіне үңіл.
Оқушылар тапсырманы топтарда жұптаса отырып орындады. Топ оқушылары бірін - бірі «Басбармақ»арқылы бағалады. Бұл бағалау оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырды деп ойлаймын. Оқушыларды бағалау кезінде «Жарайсыңдар» - деп мақтадым. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатарқандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс әрекетті, яғни оқушылардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау.(манн 57 бет)
Негізгі бөлімде оқушыларға жаңа сабақ тақырыбын таныстырдым. Жаңа сабақ тақырыбы:
«Керқұла атты Кендебай»
Сабақ тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойдым.
1 Бейнетақтадан не көріп отысыңдар?
2 Кендебай қандай бала деп ойлайсындар?
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы оқушылар білімдерін кеңейтуге көмектестім. Оқушыларға сұрақ қойылғаннан кейін олар нені білетінін, нені естерінде сақтағандарын анықтауға мүмкіндік бердім.
Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.(манн 56 бет)
Осы бағалау терминіне сүйене келе сұраққа ұтымды әрі нақты жауап беруге қалыптастырдым. Түртіп алу әдісін пайдалана отырып оқушыларға мәтінді бөліктерге бөліп, тапсырмалар бердім.
«Көршіңе әңгімелеп бер»әдісін пайдаланып Батыр тобының оқушысы көрші топқа өз түсінгенін айтты. Мейірімді тобының оқушысы батыр тобына өз түсінгенін айтып талқылау жұмысы жүргізілдіБатыр тобынан Рауза тақта алдында өз түсінгенін келесі топ оқушыларына айтып берді. Мейірімді тобынан Гулсая тақта алдында өз түсінгендерін айтты.. Екі оқушы тақтада жалпы сыныпқа өз түсінгендерін айтты.
Оқушылар екі оқушыны «бағдаршам»арқылы бағалады. Оқушылар 3 - модульде айтылғандай әр топ оқушылары бірін - бірі бағалады.
Жасыл түс - барлығы түсінікті.
Сары түс – жартылай түсінікті.
Қызыл түс - түсінбедім. Батыр тобындағы Рауза көп түс жинады, өйткені айтқан мазмұны оқушыларға түсінікті, әдемі айтып түсіндірді. Жарайсыңдар деп екі оқушыны мақтап отырғыздым.
Оқушыларға «кір жаятын жіп»әдісі арқылы тапсырмалар берілді.
Iтопқа Кендебайға ұқсағың келе ма?
II топқа Кендебайдың қандай қасиеттерін ұнатасың?
Оқушылар қойылған сұрақтарға топтарда ойласып, қандай сөздермен жауап беретінін пікірлесіп талқылады. Топтарда зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне әр топ. өз ойларымен жауап берді1 - топтан: Данагул былай жазған: «Мен Кендебайға ұқсағым келеді. себебі: Кендебай бойындағы қасиеттері мені қызықтырады. Кендебай шыншылдығы, батырлығы, мейірімділігі, тапқырлық мінездерін ұнатамын. Мен де Кендебай сияқты болғым келеді»- деп жазғаны ұнады. Жарайсың»деп мадақтап басқа оқушыларға үлгі болатындығын айттым..
Топтастыру стратегиясы.
Сұрақ Кендебай бойынан қандай қасиеттер табылады?
Бұл сұраққа Ерсұлтан былайша жауап берді.
Кендебай бойындағы қасиеттері мынадай: ержүректілік, батырлық, мейірімділік, досына қамқор бола білді - деген жауабы ұнады. Жарайсың! деп мақтадым.
Әр топ өз ойларынша жауап берді..
Берілген тапсырма аяқталысымен қатесін түзету үшін оқушылар топ болып жұмыс жасады. Оқушыларға постер таратылып жұмыс орындау тапсырылды. Әр топ бірлесе отырып, Кендебай туралы білгендерін постер бетіне жазды.. Тапсырманы орындау мақсатында оқушылар шапшаңдық танытып ерте аяқтаған оқушылар тақта алдында жұмыстарын қорғады. Батыр тобының оқушылары бірлесе отырып тапсырманы орындап тақта алдында Айсара түсінікті айтып берді. « Кендебай Шыншыл, батыр, ақылды, достарына адал, мейірімді, қайсар»- деп атап көрсетті. Мейірімді тобының оқушылары да бірлесіп жұмыс жасады. Тақта алдында Рауза топ атынан шығып түсіндірді. Кендебай елінің қамын ойлайды, досына адал көмектеседі, шыншыл батыр, қайратты, ержүрек»- деп атап көрсетті. Топ мүшелерінің арасында сұрақ - жауап туындап, балалар бір - бірімен диалогтық қарым - қатынаста болды. Балалар біртіндеп өз ортасындасабақ мазмұнына қатысты сөйлесуді, пікірлесуді, бір - бірінің кемшіліктерін түзетуді, бір - бірін тыңдауды үйренді. Шығарманың идеясы, кейіпкері туралы түсінікті меңгерту үшін зерттеушілік әңгіме жүргіздім. Оқушылар «қойшы баланың мұңы», Кендебайдың алтын құйрықты құлынды іздеуге шыққандағы кездескен ғажайыптары», ертегінің мұраты, туралы ертегі мазмұнын, негізгі идеясын шығардым.
Ертегіні шығарушы қиындықпен өмір сүрген қарапайым халық екендігін, олардың да Кендебайдай халықтың қамын ойлаған, өздеріне қамқорлық танытып, қорғай білетін батырларының болғанын, елді халыққа жәбір көрсетуші хан емес, Керқұла атты Кендебайдың елі деп аталуы - әділ билік жүргізуші адамдардың болғанын армандарын түсіндірдім. Ізгі мұратты арқалағандар жеңіске жеткендіктерін дәлелдедім. Осыдан кейін ертегідегі негізгі айтайын деген ой - ертегінің идеясы екендігін оқушыларға түсіндірдім. Кендебайдың көркем бейнесін сараптай отырып,
Оқушылар ертегінің басты кейіпкерін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп ұсынғаны туралы
Ойларын жеткіздім. Осылайша шығарма кейіпкері туралы дәлелді ой түйдім.
Бағалау әрдайым ізгі болуын қадағалау арқылы жұптарды өзара бағалау жүрді. Жұлдызшалар арқылы бағалап, оқушылар жақсы лебіздерін айтты.
Қорытынды бөлімінде оқушылардың қалай түсінгендерін бақылау мақсатында тест тапсырмаларын оқушылар топтарда бірлесе отырып құрастырды. Құрастырған тест жұмыстарын жеке наутбук арқылы орындады.. 4 - модульде көрсетілгендей ақпараттық технологияны пайдаландым. Оқушыларға наутбукпен жұмыс жасау өте қызықты болды, шапшаңдықпен жұмыстар жасады.
Барлық берілген тапсырмаларды жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқулықпен ұштастыра жасалды.
Сабақтың әр кезеңінде оқушыларды бақылап, қадағалап,, бағалау барысында көшбасшылық жасап бағыт - бағдар беріп отырдым.
Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс - әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады. Мұғалім - оқушы» және оқушы - оқушы жағдайындағы қарым - қатынас түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.(ман 29 бет)
Сабағымның барысында «А», «В», «С» деңгейіндегі оқушылардың тапсырманы қалай
Орындағандарын салыстыра отырып тексердім. Әр бала өз деңгейінде орындап шықты.
Сабақты қорытындылай келе, оқушылардан нені үйренгендерін, не қиын болғанын стикерлер арқылы көрсетіп алма ағашына жапсырды.
Жасыл түс – сабақты түсінгені.
Сары түс - жартылай түсіндім.
Қызыл түс - түсінбедім.
Алма ағашына жасыл түсті 9 оқушы, сары түсті 3 оқушы жапсырды.
Сабағымның жақсы жақтарына тоқталып өтсем сабаққа барлық оқушылардың
Қызығушылығын арттыру арқылы олардың ойлауы мен дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Сабақ соңында оқушылардан рефлексия жаздырдым.. Рефлексияға оқушылар сабақтың қаншалықты ұнағанын, немесе тапсырмалардың қаншалықты қиын болғанын жазды. Сыныптың кейбір оқушылары бір сөзбен былайша жазған. Сабақ ұнады. Қиын емес. Сабақ жақсы. Бұл оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргіздім. Келесі сабақтарда толықтырып жазуларын үйреттім.
Үйге тапсырма брдім.
Сабақ барысында не жақсы өтті?
1. Топта жұпта жұмыс жасауға үйренді.
2. Оқыту үшін бағалау мен оқу үшін бағалауға жақсы меңгерді.
3. Оқушылар берілген тапсырманы тиянақты, мұқият орныдады.
Бағдарламаның түйінді идеяларын пайдаланамын:
- Оқушылардың қалай оқитынын (атап айтқанда, дарынды және талантты балалар, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
- Оқушылардың дамуына ықпал ететін факторларды(әлеуметтік, эмоционалдық, танымдық)
- Мектептегі ұжымда және әріптестер арасында жағымды психологиялық ахуалды қалай ұстап тұру қажеттілігін білу..
Әріптестермен «Ыстық орындық»
Ойыны Бағалау
Пікірлесу сәті
Жаңа талап жаңа сабақта
- рыскул73
- 7 ақпан 2014
- 17445
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ әдебиеті КТЖ. 5 сынып
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 5-сынып Жылына 68 с, аптасына 2 c....Керқұла атты Кендебай ертегісі
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіні қаншалықты меңгергенін байқау. Кендебай бейнесін аша отырып, кейіпкер туралы түсінік беру. Өткен тақырыптармен...Диалог арқылы оқытудың маңызы
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Төлепбергенова Арайлым Акаевна...Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгені туралы
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгені туралы Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі..."Керқұла атты Кендебай" ертегісі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Жангелдин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигелдинова Жаңылдық Қуанышқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.