Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғат – туған бесігің.

Табиғат – туған бесігің.
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды туған жерін сүюге, табиғатты аялай және қорғай білуге баулу;
Дамытушылық: оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру;
Тәрбиелік: оқушылардың халық ауыз әдебиетінсн табиғат туралы білімдерін кеңейту.
Көрнекілігі: «Табиғатты аялай біл», « Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат» нақыл сөздер.
Барысы: « Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді
Қадыр Мырзалиев.
1 - оқушы: Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр десеңізші. Таиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт - берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым, өйткені адамның өзін дүниеге келтірген аяулы Анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр.
2 - оқушы: Қазақ халықының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланысты. Сан ғасырлар – бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат құшағында тіршілік ете жүріп онын сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды тұжырым, пікірлерге келеді.
Халқымыздың табиғат жөніндегі ой – пікірлері оның құбылыстармен, заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатты. Халық өзін табиғаттың бір бөлінбес бөлігі, құрамдас тобы деп есептеледі. Сондықтан да табиғат бірлікте өмір сүру қажеттілігін ерте кезде – ақ сезінді. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістерін сай көшіп – қонып жүріп өз шарауашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
1 - оқушы: Халқымыздың табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі табиғаттың көркем келбетін, арайлы ажарын, сұлулық сымбатын сезіне білуінен бірте – бірте қалыптасқан. Табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ алып аса зор іңкәрлік сезімге бөлінген және табиғат сұлулығының алдында бас иген. Халқымыздың мақтанышы болған ақын Мағжан Жұмабаев жырларында туған жерге деген ыстық сезім мен зор сүйіспеншілік айрықша айтылған.
2 - оқушы: Жаратылдым топырағыңнан, сен түбім,
Жалғаны жоқ, бәрі сенен және – тәнім.
Сенен басқа жер де маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – күнім.
Тәтті судың дәмі ауызымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!
1. Сайыстың бірінші кезеңі
1 - оқушы: Халық батыры Бауыржан Момышұлы « Сұлулық дегенің тамыры табиғаттану деген нәрседе жатыр. Мысалы, гүлді алайық. Сол гүлдерге біз сұлу емессің деп айта алмаймыз. Ол табиғаттың жасаған сұлулығы. Аңдардың ішінде де сұлуы аз емес. Құстарды алып қарасақ та, олардың ішінде де қаншама сұлулар бар. Сол себепті, қарағым, сұлулық деген нәрсенің өзі табиғаттың көркі.
Осы күнде ғалымбыз деп жүрміз, бірақ табиғатқа қарсылық ету – күнә деп табиғат сұлулығын сезіне білу және оны аялау қажеттілігін ерекше ескерткен болатын.
2 - оқушы: Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адам баласын ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдылық та, тәрбиелік те мәні зор асыл мұраларына еркше көңіл бөлу қажет. Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақта мұралар, келуі қазіргі ұрпаққа өнеге, үлгі боларлық асыл мұралар, даналық ұғымдар, мақал – мәтел, нақыл сөз, аңыз - әңгіме арқылы жетіп отырған. Осындай әрбір асыл мұраның өзінде қаншама терең ой әлі тәлім – тәрбие өнегесі жатыр. Сондықтан да әрбір ұстаз, тәрбиеші өзінің күнделікті өнегесі жатыр. Сондықтан халықтың педагогикалық асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, әр оны пайдаланып отырулары тиіс.
Өйткені қазіргі таңда табиғат тағдыры ешкімді де тебірентпей қоюы мүмкін емес. Бұл арада ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мына бір жан тебірінісі мен жүрек толғауы еріксіз ойға оралады. « Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойлағанбаған жігітті қайта азамат дейсіз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жаратпақ емес»
ІІ. Сайысытың екінші кезеңі.
Мұғалім: Халық арасында табиғат жайлы нақыл сөздер, мақал – мәтелдер жиі кездеседі. Балалар сендер қандай нақыл сөздер, мақал – мәтелдер білесіндер табиғат жайлы.
1. « Жері байдың елі бай»
2. « Күте білсең, жер жомарт»
3. «Жер – байлықтың көзі»
4. Туған жердің топырағыда ыстық.
5. Жер ана, ер – бала
6. Бабалар еккен шынарды, балалары саялайды
7. Қатты жерге қақ тұрар
Қайратты жерге бақ тұрар.
8. Сусыз жердің шөбі – арық.
9. Жалғыз ағаш үй болмас.
Жалғыз жігіт би болмас.
10. « Аққу мен Қаз көлдің сәні», Қыз – бозбала елдің сәні»
11. Гүл өссе жердің көркі.
Қыз өссе елдің көркі.
12. Айналдырған алмай қоймас.
Бұлттанған күн жаумай қоймас.
13. Егін екпесең жерге өкпелеме.
Еңбек етпесең елге өкпелеме.
14. Өзен тасыса семерінен шығар.
Адам мастанса дінінен шығар.
15. Көлдің көркі – құрақ,
Таудың көркі – бұлақ.
16. Орман – ел дәулеті, жер сәулеті.
17. Сулы жер – нулы жер.
18. Арамнымен ел сұлу,
Орманымен жер сұлу.
19. Талымнан жаным садаға.
20. Ағаш ексең аялап,
Басында болар саябақ.
21. Орман көп болса, олжаң көп
22. Өрісіңе қарай мал өсер.
Өзеніңе қарай тал өсер.
23. « Отансыз бақыт жоқ, кім – кімнің де тамыр жаяр топырағы – туған жері» И. С. Тургенов.
24. « Ақ сүтін беріп аялап өсірген ананы қалай сүйсен, елдіңдіде солай сүю – қасиетті борышың. М. А. Шолохов.
25. О, дариға алтын бесік, туған жер
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.
Сүйем сені туған ел – атан мекен,
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең,
Қ. Аманжолов.
26. « Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ».
ІІІ Сайыстың үшінші кезеңі
Поэзия минуты ( өлеңдер оқу)
Әй, табиғат!
Шеберсің – ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің
Ұлан – ғайыр байлығыңда місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің?
Айың анау, күнің мынау, жері міне
Ой, адамдар,
Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпандар ағайын,
Асырайды ол сені, мені, еді де.
Табиғат
Орманы, тауы, сулары Табиғат – біздің анамыз
Қандай әсем нұр таңы Оны аялап бағамыз
Алуан түрлі аңдары Бар байлығын игеріп,
Мезгіл сайын өзеріп, Өркендейміз, жанымыз
Далаға тұрар оң беріп Мәпелейміз анадай
Қыс та, көктем, жазы да Гүл егеміз аялай
Күздері қандай жазира Шуағын төгіп әрқашан
Табиғат – Ана, жер – Ана Күліп тұрсын әрқашан.
Мәңгілік адам бесігі
Қуат беріп жаныма
Ашылған өмір серігі.

Көрініс.
Әкесі мен баласы орманға келеді.
Әкесі: Анғашта қалмапты ғой өзі?
Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.
Әкесі: Әй балам, әне жас қайың тұр екен, соны кесейік дейді.
Баласы: Әке ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емеспе, табиғаттың сәні емеспе?
Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашыпағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.
1 - оқушы:
Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс ұшып келеді.
Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.
Құс: Тимендерші бұл ақ қайыңға ұямды бұзбандаршы, қырықпандаршы.
Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырыпай – ақ қояйықшы
Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны: Ай сенде нәзік жүрек. Мә саған!
1 - оқушы:
Құсты таспен атып ұрады. Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді.
Содан құс:
Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала
Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын не көрінді?
Не қалады артындағы ұрпағына?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын бас ұрып қара жерге сұлағанын
Сарғайып жапырағы өлімсіреп, байғұстың кім тыңдады жылағанын.
1 - оқушы:
Құс әлсіреп шығып кетеді.
1 - Көрініс
1 - оқушы: Марат үйден шшығып, мектепке бабаққа келе жатыр. Жолдың шетінде бір торғай ұша алмай жатыр екен. Ол қасына жақындап барып, торғайды қолына көтеріп алды. Оның қанаты жараланып қалыпты. Марат торғайды алып қайтадан үйге келеді. Ол торғайдың жарасын таңып, алдына су, жем берді. Марат торғайға қамқор болып жүргенде қоңырау соғылып, сабақ басталып кеткен кез еді. Ол сабаққа кешігіп кіріп келді.
2 – Көрініс
Арман Айманның туған күніне не сыйларын білмей ойланып тұрғанда, аулада өсіп тұрған гүлге көзі түсті. Ол қуанғаннан барлық гүлді жұлып алады да, Айманға сыйлайды.
2 - оқушы: Осы екі көрініс бойынша оқушыларды екі топқа бөліп пікірталас өткізейік.
1 - топ. Оқушының білім алудағы басты міндеті – сабаққа кешікпеу, сабақтан қалмау. Марат торғайға қамқор болмай, сабаққа келуі керек еді. Торғайға қамқорлықты сабақтан бос уақытта жасау керек еді.
2 - топ. Құстар – біздің қанаты достарымыз. Олар – табиға сақшылары. Құстарды қорғап күтсе ғана көбейеді. Сабақтан Марат торғайға қамқорлық жасап, табиғатты
қорғауға, оның ішінде құстарды аман – есен алып қалуға өз үлесін қосты деп ойлаймыз.
1 - оқушы: Екінші көрініс бойынша өз пікірлерсіз.
1 - топ. Гүл – біздің өмірімізге қуаныш сыйлайтын әдемілік әлемі. Гүлдерді мерекелерде, туған күн тойларына сыйлаймыз. Сондықтан Арманның Айманға гүл сыйлағаны дұрыс болды.
2 - топ. Қоршаған ортаны таза ұстау ауланы көгалдандыру, гүлзар жасау үшін өсімдік гүлінің ролі зор. Ол өсімдіктің тұқым беруіне, көбеюіне көмектеседі. Арман өсіп тұрған барлық гүлді жұлып алды. Ол Айманға бір тал гүлді сыйласа де жетер еді.
Қорытынды: Табиғатты қорғау барша халқымыздың міндеті. Сондықтанда табиғатымызды аялап өтейік.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×