Сайтқа кіру Тіркелу

Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі.

Эссе
«Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында».
«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу - үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу - абыройлы іс.
Бастауыш сынып мұғалімі болу мен үшін үлкен мақтан әрі бақыт. Осы бастауышта мұғалім болып істеп келе жатқаныма 20 жыл. Шәкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым - пәрменіңді, білім - білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келіп кетеді. Өзіңе деген ынта - ықылас, сенім артып, жауапкершілікпен іс тапсырса асқан құлшыныспен еңбегіңді еселей түсуге ұмтыласың. Азды - көпті еңбегің бағаланып жатса, қолыңнан іс келеді деп сенетін әріптес табылып, шын ниетімен қамқорлық жасап, жұмыс істеуге жағдай жасаса, кәсіби шеберлігің мен ұстаздық қызметіңе ерекше назар аударса, кім - кімге де болсын соны серпіліс әкеледі. Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен, тәжірибесі соның ішінде көргенділік деп аталатын адамгершілік тәлімгерлік тағылымдары ұрпақтан - ұрпаққа осы ұстаздық үрдіс арқылы беріліп, жалғасын табады. Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған, орай амал - тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім - біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осындай күрделі де қиын жауапкершілікті арқалаған мұғалім, біздер, өз пәніне қатысты үнемі білімін жетілдірумен, сабақ өткізу шеберлігін таңдаумен бірге педагогикалық - психологиялық өрісін өсіріп отыруға міндетті деп білемін. Өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсам, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс мен үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснамамды арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Соның бір дәлелі - мен биылғы жылы өз білімімді көтеріп, үш деңгейлік курстан өтіп, Кембридж бағдарламасын меңгеріп, жеті модуль бойынша сабақ өткізу әдіс - тәсілін үйреніп келдім. Кембридж бағдарламасын игертуге 3 - ай бойы бізбен тынымсыз еңбек еткен тренерім Сүйіндікова Баян Сабитқызына айтар алғысым шексіз. Мен өзімді қалай өзгерттім, қалай басқара алдым дегенде, өзімнің көзқарасымды өзгерді, сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілін, оқу орнын, оқушылардың сабаққа ынтасын ояттым, өзін - өзі реттеуді, бағалауды үйренді және әріптестерімнің қызығушылығын оқуға деген ынталары артты. Кембридж тәсіліне негізделген бағдарламадан көптеген деректер алдым. Осы алған біліміммен тоқтап қалмай, әр кез ізденіс үстінде боламын. Осы курс барысында алған білімді оқушылардың білімін жетілдіруге қолданамын деп ойлаймын. Сонымен бірге қазіргі таңда білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсінуі қажет. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында» дегендей осы үйренген жаңа тәсілдерді еңбек жолымда тиімді пайдалану. Осы курс бойынша, меңгерген жеті модуль қазіргі заман талабына сай, өзгермелі өмірге бейімделген, жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару үшін мен білімімімді жетілдіріп, кәсіби шеберлігімді арттыруым керек. Болашақта курс барысында сабақ жоспарымды толық өзгерту, оқу үшін бағалауды, оқытуды бағалауды терең меңгеру, оқытудың жаңа тәсілдерін үйрене отырып, Қазіргі кездегі жүріп жатқан үш айлық курстың бағдарламасы төңірегінде жеті модульді сабақта тиімді пайдаланып, ұтымды сабақ өткізу, шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісіндегі әлемдік бәсекелестіктен қалыспауымызға мүмкіндік бар. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық модулдерді пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді және оқушылармен қарым - қатынасты нығайту. Тәжірибеме енген өзгерістерді болашақта әлі де жетілдіре түсіп, өз әріптестерімен әрі қарай біріге жұмыс жасайтыныма сенімім мол. Оқушылар іс - әрекетін сыни бағалау арқылы өз бойында төмендегідей дағдыларды қалыптастырады. Қиындықты мойындап, оларды шешудің тиімді әдістерін іздеуге үйренді, тиісті ақпаратты жинақтауға, сұрыптауға дағдыланады, нақты және түсінікті сипаттама беуге үйренді, тақырыпты жақсы қабылдап дәлелдемелерді, бағалау үшін нәжижелерді өз бетінше түсінеді. Оң жағдайларда бағдарламаның жетілуі оқытудың орындылығын, мақсатқа сайлылығын дәлелдеп, ұстаздың нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді. Оқушылардың жиырма бірінші ғасыр талаптарына сәйкес келу үшін талап етілетін өзгерістерді енгізуді жобалау болып табылады. Біздің мектеп мұғалімдері бұл жобаны қолдап, қызығушылық танытуда. Алағы уақытта заманауи әдіс - тәсілдерді өз тәжірибесіне қолдану біздің мұғалімдердің еншісіне тиіп отыр. Олай болса, Кембридж университетінің ұсынып отырған бағдарламасының мазмұны ұстаздарға осы тығырықтан шығып, мектептегі оқыту үрідісіне тың серпіліс жасауға айтарлықтай өз үлесін қосуда. Мұғалімдерге педагогикалық стратегиялар ауқымы оларды іске асыруда. Әріптестерімен ынтымастықтықта оқу ортасында құру, жүргізу, басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс. Мұғалімдер өз тәжірбиесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты рефлексия жасап отыруы қажет. Қазіргі таңда үшінші, және екінші деңгейге өтіп келіп отырған мұғалімдер өз тәжірибелерінде жаңа стратегияларды тиімді, орынды қолдануда. Мен өз жұмысымды осы мұғалімдермен бірлесе отырып басқа ұстаздармен қоян қолтық жұмыс жасауды мақсат еттім. Осы мақсатта өзім білгенімді әріптестеріммен бөлісуге, мәселелерді бірге шешуге, жоспарлауға бірігеміз деп ойлап отырмын. Мен сияқты ұстаздың қалауы.
Екіншіден, ұстаз - еркін шығармашылық иесі. Өз бетіңше іздене көре жүріп, әрекетіңе сараптама, талдау жасаумен қатар шығармашылығың шыңдай түседі. Үшіншіден, ұстаз - шәкіртін үнемі қадағалаушы, жалпы сабаққа қатысуын, бос уақытын өткізуін қадағалаумен қатар баланың жан дүниесіне үніліп, ішкі сырын, ойын, өмірге көзқарасын байқап, бақылап отырады. Ұстаздық тағы бір ерекше қасиеттерінің бірі - жетелеуші, алға ұмтылдырушы үлгермеушілерді жақсы оқушылар санатына қосу жолында еңбектенсе, қиын оқушыларды тәрбиелі оқушылар қатарына қосу мақсатында, дарынды оқушыларды биіктен көрсету жолында аянбай тер төгу керек.
Осындай қасиеттер бойынан табылатын ұстаздар, сондай - ақ мәдениетті, сөйлеу мәнері ерекше, сөзге шешен, киген киімі, кескін келбеті сыпайы, көзі бар, көкірегі ояу оқушы алдында үлгі болу керек. Сондықтан қоғамдық даму заңдылығы тұрғысынан ұстаздық түпкі мұраты шәкіртті өз деңгейінде жеткізу ғана емес өзінен озып, ілгері кетуіне негіз қалау болуға тиіс. Халық: «шәкірт ұстаздан озса, игі» деп тегін айтпаған ғой. Сол себепті осы айтылған ұстаз болудың негізгі қағидаларын өз еңбек жолымда қолданып, одан әрі дамыту үстіндемін.
Ғылыми педагогиканың негізін салушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін нақтылай айта келіп, «салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізді де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де артық көремін,»- деген пікірі бүгінгі күні өз мемлекетінің ірге тасын қалап жатқан қазақ халқының, мұғалімге қоятын талабы ретінде естілді. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталаған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ол үнемі оқушылармен қарым - қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала тағдырына басшылық етуді мойынына алған адам. Мұғалім алдынан бір - біріне ұқсамайтын, әр қайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттер өтеді. Бірақ, олардың барлығын бір жүйеге бағындырып қарататын – ұстаздың «тактикасы». Ұстаздың үздік қасиетінің. Яғни, шын мәніндегі үлкен абырой - беделінің тәрбиелік күші шәкірттерінің, соларды мойындай отырып, сол әсерге міндеттеусіз, өз ерік - қалауымен берілуінде, еліктеуінде. Өз ісіңе деген, түсіндіретін тақырыбыңа деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда, шәкіртің саған сеніп, тәнті болып, болмаса да « ұқсап бағып» айтқаныңды екі етпей, тапсырманы ауырсынбай, оны шын пейілімен, бар ынтасымен және шабытпен орындап шығады екен. Әр сабағымды осылай қызғылықты, құштарлықпен, оқушы талпынысын одан әрі өрбетіп өткізуге тырысамын. Оған жаңа технологияның элементтерін қолдана отырып, жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу мақсатында оқу жұмысының көптеген көңілді, түсінікті түрлерін енгізіп, сабақ жүргізу әдісін пайдаланамын. Сабақтан тыс оқушыларға үй тапсырмасы ретінде шығармашылық жұмыс беремін. Оқушылар берілген тақырыпқа ой қозғап, өздігінен ізденіп, көптеген көрнекілік суреттер жабыстыру арқылы үйлесімдікті келістіріп, ұлылардан қалған ұлы сөз жазып, (мақал - мәтелдер, нақыл сөз, өлең жолдары, мәтін, шешендік сөз, жаңылтпаштар) тіл мәдениетін, сөз сөйлеу үлгісіне үйренеді. Сонымен қатар жаңа ақпараттан хабардар болып, бір тамшы білім нәрімен сусындайды.
Өнегелі ұстаз - өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі - ұстаз жемісі.
Мектебіміздегі 2008 оқу жылында интеллектуалдық «Алтын руно» сайысына қатысып Байзакова Әтіргүл II орын, «Ақ бота» интеллектуалдық марафонынан Мамай Ләйлә, Абай Бибігүл III орындарды алса, ал аудандық олимпиададан математика, қазақ тілі пәндерінен I орынды Байзакова Әтіргүл, Мамай Ләйлә иеленді, орыс тілі пәнінен Хадуян Жансая III орынды иеленді. 2012 оқу жылында аудандық олимпиададан қазақ тілінен III орын, шығармалар сайысынан II орын Тамбай Нұрланбек. «Ғылыми» жобадан Әутәліп Әсемгүл, Хакимова Аида II орындар иеленді. Аудандық марафоннан III орын Ғалымбек Ибраим иеленді. Бұл жетістіктер мектеп тарихына өзіндік үлестерін қосады. Беріліп жатқан білімнің нәтижесі білім сапасының көрсеткіші. Ұлы жазушы әрі ғұлама ғалым М. Әуезовтің: « Ел болам десең, бесігіңді түзе!»- деген өте терең мәнді нақылы бар. Ол еліңнің ертеңі жас ұрпағыңды жақсылап өсір дегені. Оған қоса «бесік» сөзі тәрбиең ұлттық мәйекті болсын дегенге меңзеп тұр. Осы міндеттің көп салмағы, ұстаздар, біздерге түсетіні аян. Ұлы данышпан Әл - Фараби: «Ұстаздар - құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты» - деген. Осы сөзден - ақ ұстаздық жолдың, ұстаздың міндеттің жүгі ауыр екені айдан анық. Ендеше «ел келешегі - ұстаз қолында»- деген лепті тұжырымды баса айта отырып, өнімді шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері, басу мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап, арта берсін деген тілегімді білдіремін.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Эссе: Жаңашыл ұстаз

Эссе: Жаңашыл ұстаз

Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп...
Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу....
Ұстаздық-ұлы белес

Ұстаздық-ұлы белес

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар...
Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы

Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур...
Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...

Ұлылықтың басында ұстаз тұрар...

Өмірде әр адам баласының ұзақ тарихында рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен тәжірибесі осының бәрі «көрегендік» қасиетпен ұрпақтан ұрпаққа...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×