Сайтқа кіру Тіркелу

Оқу үдерісінде НЗМ ДББҰ-ның тәжірибесін ескере отырып қазіргі заманғы технологиялар мен әдістемелерді енгізудің өзекті мәселелері

І. Кіріспе.
Білім – теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің бір – біріне ұқсамайтын жан – жақты өткізген сабақтары. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі- жаңа технологиялар екені мәлім.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекі педагог В.А. Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта – ықыласының, дағды мен ой – өріс, білім – біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, заманауи технологияладың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта физика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы,
Бестерек орта мектебінің физика және информатика
пәні мұғалімі Оспанов Ақылбек Ануарбекұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Химия сабағында жаңа тақырыпты меңгерудегі әдіс-тәсілдер

Химия сабағында жаңа тақырыпты меңгерудегі әдіс-тәсілдер

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін,...
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің...
Физика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту

Физика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту

Қызылорда қалалық жалпы білім беретін кешкі мектептің математика пәнінің мұғалімі Шадиева Қатира Нәнтайқызы...
«ҚР Тілдер туралы» Заңының негізгі бағыттарын жүзеге асыру саласында қазақ  ...

«ҚР Тілдер туралы» Заңының негізгі бағыттарын жүзеге асыру саласында қазақ ...

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...
Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану

Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі № 5 кәсіптік лицейдің физика пәнінің мұғалімі Бисенова Мирамкул Сағатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×