Сайтқа кіру Тіркелу

Менің жетістігім менің нәтижем сынып сағаты

Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.
Әдіс - тәсілі: кездесу, әңгімелесу, психологиялық жаттығу, сұрақ - жауап.
1 - жүргізушісі
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да - балалар, яғни бүгінгі ұрпақ - ертеңгі елдің болашағы. Баланың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін шығармашылық бағытына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Сондай – ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дарындылықтарын дамытуға ықпал етуде.
Дарындылық - бұл адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс - әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Дарынды оқушы дегеніміз - өз қатарларынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс - әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып жоғары жетістіктерімен дараланатын бала!
2 - жүргізуші
Армысыздар, бойында Абайдың ақылы, Бұхардың батасы дарыған, Абылайдың ары, Жамбылдың жаны, Қасымның қаны бар дархан қауым!
Бүгін дарынды оқушылар арасында өткізілетін « Жетістікке жету өз қолыңда!» атты кездесуімізге қош келіпсіздер!
1 - жүргізуші
ОЛ оқушылар әр түрлі үйірмелерге қатысып, өздерінің, бойларындағы өнерін, білімін дамытып, шыңдап жүрген балалар.
Үйге нұр, ұяға көрік, тұрмыс ажар, көңілге базар сыйлайтын ол әрине - бала. Ал егер бала дарынды болса ол тіпті, нұр үстіне нұр болары ақиқат. Ғұламалар: «Адам баласының бойындағы дарындылық тек бір ғана пайызды. Ал қалғаны оның тәрбиесі мен өзінің өсіп жетілгеніне байланысты» дейді. Бұған қарағанда, адам бойындағы дарындылық қасиет барлық адамда болса керек. Көп жағдайда ол адамның өз қолыңда секілді. Осындай өздерінің бойына табиғат берген талантын шыңдап жүрген оқушыларды қошеметпен ортаға шақырайық.
2 - жүргізуші
Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер:
Қатысушы балалар өздерін таныстырып өтеді.
Сұрақ - жауап
Қонақтарға көрермен оқушылар сұрақ қояды.
- Неліктен бұл өнерді таңдадың?
- Сабақ оқуға кедергі болмай ма?
- Көшбасшы болу үшін адамда қандай қасиеттер болу керек?
- Жетістікке жету өз қолыңда деген сөзді қалай түсінесіз?
- Кімге еліктейсің?

1 - жүргізуші
«Презентация»
Психолог: рахмет, өте жақсы. Қараңыздаршы, біздің алдымызда 4 білімді адам тұр:
Олар ақылды, белсенді, тәуелсіз, тәрбиелі, ғылым мен оқуды сүйетін патриоттар. Мен ойлаймын, біз өзімізді толық білімді адамбыз деп әлі елестей алмаймыз, біз тек сондай болуға ұмтылыс үстіндеміз, сол идеалға жету жолындамыз.
« Идеалдан қашықтық» жаттығуы
Қазір орнымыздан тұрып, әрқайсысымыз өзіңізді идеалдан қандай қашықтықтамын деп есептейсіз, сол жерге барып тұрасыз. Дәл қазіргі кезде білімді адамнан әр түрлі қашықтықта тұрмыз. Ал енді біз қазір бәріміз бірігіп осы қашықтықта тұрмыз. Енді менің қасыма келіп бір кірпіштен аласыз(қызыл түсті қағаздан жасалған). Осы кірпіштерден біз идеалымызға дейін жол саламыз.
«Жол салу» жаттығу
Енді әрқайсысымыз «қасиет» жазылған кірпішімізді дауыстап айтып жерге қойып білімді адамға жол саламыз. Бүкіл кірпіштер салынып болғанда оқушылар дәл тақтаның алдына жетеді. Сонымен бізге білімді адамға жету үшін
Мақсат, ниет, ынта, еңбекқорлық, табандылық, оптимизм, жігер, батылдық, шыдамдылық, ақылдылық, жүйелілік, алға ұмтылушылық қызығушылық, білуге ұмтылу, қайрат, төзімділік, намыс қасиеттер қажет екен: Сонымен біз жеттік, жолымыз ауыр болды - ау.
Ия білімді адам болу оңай жұмыс емес екендігіне көзіміз жетті.
2 - жүргізуші
Ендігі кезекті біздің өнерлі оқушыларымызға берейік. (өнерлерін көрсету)
Өнерліге қашан да есік ашық
Өнерлі бала қашан да сүйкімді.
« Қыз еркем кестесімен көркем. Ұл еркем өнерімен көркем»- дейді қазақ атамыз. Ендігі кезек сегіз қырлы, бір сырлы оқушылардың өнерлерін тамашалайық.
Қорытынды
1 - Жүргізуші
Құрметті дарынды түлектер, табиғат берген ерекше сыйды қастерлеп, дамыта біліңдер. Кемері толған кемелді ой мен білікті білімдеріңді, өнерлеріңді туған елдің керегіне жаратыңдар. «Келешектің кілті өздеріңде»- деп елбасымыз айтқандай білімдерің мен өнерлеріңді ары қарай шыңдап, табиғат берген талантты қадірлей біліңдер.
2 - жүргізуші
Бойларыңда от бар екен байқадық
Жүректеріңде шоқ бар екен байқадық
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым дей отырып осымен бүгінгі « жетістікке жету – өз қолыңда!» атты кездесуіміз аяқталды.
Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Соңы.

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№1 орта мектебінің психологы
Үсенғазы Жанна Үсенғазықызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері

Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері

Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын...
Дарынды балалармен жұмыс

Дарынды балалармен жұмыс

№10 орта мектеп кітапхана меңгерушісі Рыгалиева Жанар Ондыевна...
Бастауыш сыныпта дарындылықтың ерекшеліктері

Бастауыш сыныпта дарындылықтың ерекшеліктері

Адамның шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Өте қарқынды даму кезеңі - 2 - 5 жас. Осы жас кезеңінде жеке адамның негізі қаланады....
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың...
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×