Сайтқа кіру Тіркелу

12 жылдық білім-уақыт талабы

Президентіміз Н. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық - дей келе 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
Осы орайда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүние жүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.

Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуге алыс - жақын шетелдердің іс - тәжірбейлеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдардың алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. Алайда қоғамды орнатушы, өзгертуші де - адам. Ал адам - қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Қазіргі қоғамның мазмұны күрделі құрылыстардан тұрады. Соған сәйкес оның сұраныстары да ауқымды. Қазіргі қоғамның сұраныысы заман талабына сәйкес оқу тәрбиенің мазмұнын қалай, қандай бағытта жүргізу тиімді екендігі болып отыр.
К. Д. Ушинский: «қажетті біліммен тәрбиені бойына толық сіңірген ұрпақ ғана ұнамды әлде қызықты тәрбие мен білімді меңгеруге, ұмтылуға тиіс екендігін ескертеді».

Қажетті білім мен тәрбие туралы айтатын болсақ, қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесі бүгіннен басталмайды. Ол тым әріден бастау алып сан ғасырлық қалыптасу, даму тарихымен ерекшеленіп келеді. Қайсы бір халық болмасын өзінің ұлттық психологиялық және халықтық тәлім - тәрбие қазанында қайнап жетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық тәрбие жүйесінің мазмұны да қазақ этнопсихологиясы мен қазақ ұлттық этнопедагогикасының тәлімдік ұстанымдары мен тағылымдық қағидаларына сәйкес тізілуі қажет.
Осы орайда жылдық білім беруге көшудің төмендегі көкейге қонымды жақтарын атауда жөн көріп отырмын
шәкірттің оқуға құлықтық дәстүрін (бейімділік, ынталық, белсенділік) калыптастырады.
Шәкіртті шаршау, мезі болу, жалығу тәрізді құбылыстардан, тәрбиесінің теріс ықпалын сақтау мүмкіндігі.
Ата мұра болып келе жатырған кісіпке бейімдеп тәрбиелеу қағдасы бар.
«Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі» деген халық даналығы біз сөз етіп отырған
жылдық білім берудің басты қағидасы іспеттес.
Швейцар психологі Жан Пиаже бола интелектінің ерекшеліктері туралы көп материал жинаған. Жан Пиаже бала дамуын когнитивтік (интеллектуалдық) теория негізінде кезеңдерге бөлуді ұсынған когнитивтік немесе танымдық даму баланың ортаға бейімделуін қамтамассыз етеді. Пиаже 4 негізгі кезеңді көрсетті.

сенсомотриялық интелектің дамуы (0 - 2 жас)
операцияға дейнгі ойлау (2 - 7 жас)
нақты операция(7 - 11жас)
формалды операция (11 - 12 ден 14 - 15 жасқа)
бұл сатылар бірінен соң бірі ауысып отырады. әрбір жақсы дамып келе жатқан бала осы сатылардан өтеді
жастың шегарасы өзгермеуі мүмкін, бірақ сатылардың рет сақталады

12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. себебі бастауыш буында жоғары сыныпта оқылатын бүкіл пән іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті танымдылық белсенділік жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қалануы, ал14 - 15 жастан бастап формальды операция яғни жасөспірімдік шақ басталады. Бұл дегеніміз балалықтан үлкендікке өту. Жасөспірімдік шақ - танымдық процестердің жемісті және күшті дамитын уақыты осы кезде абстрактілі ойлау қабілетінің дамуына күрделі ой - толғаулар жасауға мүмкіншілік пайда болады. Гипотеза жасап, оны тексере алады, өзі туралы ойлауға, сана - сезімнің дамуына мүмкіншілік болады.

Ал, 12 жылдық білім берудің формалары да бағдар орны әртүрлі жастағы оқушыларды біріктіріп оқыту болып табылады емес пе. Олай болса 15 жастағы оқушыны қз бейіміне қарай оқыту - құптарлық іс. Бала өз бейім – біліктілігін, қабілетін, белсенділігі мен құндылығын көрсете алуына мүмкіншілік туады.
Мектеп оқушыларының үлкен жетістіктерін көбінесе бірлескен іс - әрекет жағдайында ашылады. Жоғары сынып оқушыларымен өткізген “12 жылдық білім мүмкіншілігі мен кедергілері” тақырыбында өткізілген дебаттың мақсаты білім саласында болып жатқан жаңалықтарға жоғарғы класс оқушыларының көзқарастарын білу болды. Оқушылардан жақтаушы топтың жауабы 12 жылдық білім Қазақстан Республикасы үшін қажет жне маңызды. Дәлелдеме 12 жылдық білім маңыздылығы – кәсіптік білім берілуінде болады.
Айғақ: 1. кәсіби шеберліктің негізі мектепте қаланады.
2. әлемдік білім беру стандартына сай келеді.
дүниежүзілік білім беру жүйесіндегі өзі ақтаған бүгінгі таңдағы ең басымдылық бағыт.

Қорыта айтқанда 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімнің теорилық және әдістемелік тұстарынан жетілдіруде талап ететін мәселе.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев өзінің “Тарих толқынында” еңбегінде: «Қазақтар, ұлы өркениеттердің мұрагерлері, тарихтың сан сапалы құз қияларынан өзінің ұлттық Мен дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды. Жәй ғана алып шығып, жәй ғана сақтай білген жоқ, сонымен бірге еселеп жаңғырта да білді»- деп қазақ халқының ұлылығын. ұлы қасиеттерін айрықшалаған.
Осындай ұлы қасиеттерге толы бабалар мұрагерлері, шікірттеріміз әлемдік өркениетке жетуде қандай қиыншылық болсын, өзгерістер болсын, бейімділігі мен қабілетін көрсете алатын 12 жылдық білім алуға дайын деп сенемін.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
12 жылдық білім беруге көшу жағдайы

12 жылдық білім беруге көшу жағдайы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы, №55 С.Қожанов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шокибаева Рима...
12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі

12 жылдық білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің моделі

Қызылорда облысы, Арал қаласы, № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қобыланова Айгүл Күлмашқызы...
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазм ...

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазм ...

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мүғалімі: Гүлдана Жақсыбаева Бауыржанқызы...
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазм ...

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазм ...

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мүғалімі Гүлдана Бауыржанқызы...
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дай ...

12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дай ...

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті №170...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×