Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана - сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
1 - тарау. Жалпы ережелер
1 - бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынандай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бала – он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
2) баланың заңды өкілдерi – ата - анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушiсi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, бiлiм, тәрбие беретiн, баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын адамдар;
3) ата - анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата - ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата - анасы хабар - ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата - анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата - анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата - анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай - ақ ата - анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата - анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.