Сайтқа кіру Тіркелу

Психологиялық мінез-құлық және интелект маңыздылығы

Кіріспе.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 90 жылдық тарихпен, Әлемдік аренада өз орнын көрсете білді, жалпы Азия өңіріндегі өз жоғарғы оқу орны бойынша жетекші екендігін көрсете білді. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің көптеген мамандықты дайындаумен қатар оларды тәжірибелі маман ретінде дайындайды оңын ішінде психология мамандығы өте көптеген ерекшеліктері бар.
Психология - бұл адам заттың ең бірінші кезекте ойы мен адамның іс - әрекетерің жетіп түсінуге және оларды зерттеуге бағытталады, адам өмірінде маңызды рөл атқаратын сала болып табылады, бұл сала ең алдымен өз - өзімізді танып - білуге, мінез - құлқымыздың қалыптасуына, біздің қоршаған ортамыздағы адамдардың сана - сезімін, ішкі жан дүниесін түсінуге және тағы да сол сынды нәрселерді ұғынуға көмектеседі. Осының арқасында біз адамдардың не істейтінін және не үшін істейтінін және қалай өзгеріп, өсе алатынымызды білеміз.

Психология – бұл адамдардың мінез - құлқын, когнитивті көзқарасын, өнімділігі мен психикалық қызметін зерттеу. Ол психологиялық ауытқулары бар адамдарды жақсы түсіну және оларға көмектесу, психикалық денсаулық мәселелерін емдеу және білім беру жүйесін, жұмыс орнындағы мінез - құлық пен қарым - қатынасты жақсарту үшін қолданылады.
Психологияда әлеуметтік процестерге қатысты әлеуметтік мінез – құлық дегенді қарастырады. Қоршаған әлеуметтік ортаның реакциясына қатысты туындайтын реакцияға физикалық және әлеуметтік қажеттіліктерді қағанағаттандырумен байланысты болатын мінез - құлықтың жиынтығы жатады. Оның объектісіне жеке адам және топтарды жатқызамыз.

Әлеуметтік мінез - құлық әлеуметтік статус, әлеуметтік рөл мен күтулермен тікелей байланысты.«Табиғи» мінез - құлық - жекелей мәнді және эгоцентрикалық бағытта болады, жеке дара мақсатқа жетуге арналады. Назданған мінез - құлық - жеке дара табиғи емес мінез - құлық; соның арқасында қоғам дамиды. Этикеттен бастап салтанатқа дейін біздің әлеуметтік өмірімізге өте терең бойлап кеткен, тіпті адамдар сол кеңістікте жүргендерін байқамайды да.

Мінез - құлық моделін таңдау дегеніміз күнделікті өмірде, қарым - қатынаста қажетті нәрсе, адамды коммуникабелді, сүйкімді жасауға көмектеседі. Олар негізінен бірнеше жіктемелерді құрайды: ресми қарым -қатынаста және ресми емес қарым - қатынаста (отбасылық, достармен) қолданылатын моделдер және олар белсенді (агрессивті модель) және енжар (қорғаныс моделі) деп те бөлінеді. Өмір талаптарына сай этикет (алдын ала белгіленген) және стратегиялық модельдер болады. Этикет моделі әрбір мамандыққа жазылған этикалық талаптар, мысалы дәрігерге бөлек, дипломатқа бөлек міндеттер қойылады.

Қарым - қатынас барысында адамдар өзара түсінісе алмай реніштер басталады, қайшылықты пікірлер пайда болады да конфликт туындай бастайды. Қарым - қатынастағы өзара түсініспеушілік адамдардың арасында психологиялық кедергілер жасайды. Өмірде кездесетін әр түрлі күнделікті қиыншылықтарды адамның жеңе алмауы, төменгі эмоциялық күйі қарым - қатынаста адамды конфликтілі мінез - құлыққа итермелейді, осы жағдайлар адамның физикалық,
психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Ал енді психология бойынша адамдардың мінезі туралы айтылғаны өте орында үйткені кәзіргі қоғамда мінезі ауыр, сабырсыз, мінезін басқара алмайтын адамдар арта түсуде, осыған орай психологияда мінезді қарастыра өткен.
Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Мінез дегеніміз - адамның белгілі жағдайларда жасайтын тәсілдік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі. Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.

Интелект
Ал адамның интелектке келетін болсақ бұлда психологиялық бір күрделі тақырыптар
Интеллект (латын тілінде «intellectus» – түсіну, таным деген түсінікті білдіреді). Адам интеллектісінің басты сапаларына алғырлық, байқағыштық, логикалық дәйектілік, ойдың тереңдігі мен кеңдігі, бейімділігі мен белсенділігі жатады. Интеллект танымның негізгі формасы болып табылады
Әлеуметтік интеллект – адамдар мінез - құлқын дұрыс түсіну қабілеті.
Бұл қабілет тұлғааралық өзара әрекеттің нәтижелілігі мен сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін қажет. Интеллектік жүйенің құрылымдық өзгеруі өмірлік факторлардың ықпалымен болады, оның себебі тұтастай жүйе ретіндегі интеллектінің сапалы өзгерісі. Әлеуметтік интеллект мәселесі шетелдік және отандық ғалымдар еңбектерінде теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жан - жақты зерттелді.
Олардың басым бөлігінде әлеуметтік интеллектіге адамның өзінің және өзгелердің мінез - құлқын бара бар түсіну және бағалау қабілеті деген анықтама беріледі. Бұл қабілет тиімді тұлғааралық байланыстарды орнату және табысты бейімделу мәселелерін шешеді. Өзіндік жауапкершілікті сезінуі жағдайға қарамастан әрекетке даяр болуы, әрекетке қатысын ұғына білуі, өзін немесе қоршаған ортаны өзгертуге даяр болу әлеуметтік интеллект біліктіліктері болып табылады.
Бұл жауапкершілік конструктивті іс - әрекеттің, субъект белсенділігінің,
оның үнемі дамуының алғы шарты болып есептелінеді, ал кез келген
қорғаныс әрекеттерін (қашу, мәселені жоққа шығару, агрессия) қолдануға
тырысу жауапкершіліктен құтылуға тырысу болып табылады.

Қорытындылай келсек Психология адам өмірінің ең маңызды қызметті үйткені адам мен қоғамның қарым қатынасында мінез, интеллект, ой, сана, конфликт және оны шешу жолдары бар осы біз айтқан салалар қоғамның өмірін және психологиясын түсінуді жеңілдетеді!

Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Cтасюк А. А.
Психология мамандығының 1 курс магистранты
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Айтек Еркебұлан, 1 курс студенті
Құқық қоғау қызметті 111 - Т мамандығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әлеуметтік интеллект және әлеуметтік табыстылықтың психологиялық ерекшелікт ...

Әлеуметтік интеллект және әлеуметтік табыстылықтың психологиялық ерекшелікт ...

Қазақстандағы шоқтығы биік білім ордасы жылдан жылға өз өрісін кеңейтіп, ұлғайып, елімізге білімді әрі жаңа заман мамандарын даярлап, еліміздің...
«Мінез - құлық модельдері және конфликтілік мінез - құлықтың ерекшеліктері»

«Мінез - құлық модельдері және конфликтілік мінез - құлықтың ерекшеліктері»

Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік...
Психологияны зерттеудің маңызы

Психологияны зерттеудің маңызы

Өзімнің оқып жатқан университетіме шолу жасасам. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы жетекші көпсалалы жоғары оқу орны...
Психология ұғымы және оның бағыттары

Психология ұғымы және оның бағыттары

Әл - Фaрaби aтындағы Қазақ Ұлттық университеті – Ортaлық Азияның ең беделді және ең құрметті университеттерінің бірі. Университетте психология...
Әлеуметтік мінез - құлықтың биологиялық астары

Әлеуметтік мінез - құлықтың биологиялық астары

ХХІ ғасырдың әлеуметтік психологиясы бізге мінез - құлқымыздың биологиялық негіздерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Біздің әлеуметтік мінез -...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×