ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Алматы облыстының білім басқармасы
Алматы экономикалық колледжі
Баяндама
«Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдары»
Өндірістік оқыту шебері: Сейтекова А. А.
Алматы, 2020 ж.
«Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдары»
Елбасы Н. Ə. Назарбаев ««Қазақстан – 2050» жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке «2013 ж. бастап халықаралық үлгідегі куəліктер беру арқылы инженерлік білім беруді жəне заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Кəсіби - техникалық жəне жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі жəне келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мəселесін шешіп береді», — деп атап көрсетті.
Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты — еңбек нарығында бəсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан - жағына бағыт - бағдармен қарайтын, əлемдік стандарт деңгейінде нəтижелі жұмысқа, кəсіби өсуге, əлеуметтік - саяси оңтайлы тез əрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті, индустриалды - инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай білікті, өз ісінің шебері, кең ауқымды, жан - жақты дамыған, өзінің әлеуметтік - экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол кəсіби маман дайындау.
Техникалық жəне кəсіптік білім берудің мақсаты — қоғамның жəне экономиканың индустриялық - инновациялық даму сұраныстарына сəйкес техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, білім беру жүйесіндегі білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін - өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын жəне оны дамытуға қабілетті, кəсіби құзыретті, функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Бүгінгі таңда білім беруді жаңғырту – заманның талабы. Болашақ мамандарды даярлауда олардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Ол үшін студенттердің кәсіби құзіреттілігін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жетілдіру қажет және білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық және өндірістік оқу тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру, білім беруді жаңғырту.
Мамандар даярлауда оқу - тәрбие үдерісін жаңғырту білім саласына ене бастады. Мәселен, бүгінгі таңда маманды дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті деп айтуға болады. Оқыту үдерісін жаңғырту бағыты бойынша сұранысқа ие, болашағы бар бағыттарды күшейтудің маңызы зор. Біліктілікті арттыру жүйесі мен түрлі серіктестіктер жобалары жалпы алғанда студенттердің сауаттылығын қамтамасыз ету міндеттерін орындауға көңіл бөлгендіген, болашақ мамандар ақпараттық ортадағы өзіндік жұмысты ұйымдастыруға жеткілікті дәрежеде дайындауда.
Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда төмендегі мәселелерге: кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындай алуға, іс - әрекетті ұйымдастыруға қызығушылықтарының басым болуына; қажеттіліктері, белсенділіктері, ізденістері мен білім берудің әдістемесін толық меңгеруі; білім, білік, дағдылардың дәрежесіне сәйкес болуын қадағалай білуі; мақсатқа жетуге байланысты тиімді жолдарды таңдай алуы; ұсынылған жаңа білім мазмұнын игеруі және оны эмоционалдық көңіл күймен қабылдауы; талдау жасауы, шығармашылықпен болжам жасай білуі мен нәтижеге жетуге ұмтылысының болуына баса назарда. Сондықтан да білім алушының таңдаған пәні бойынша, мамандығына қатысты сабақтарды меңгеруі үшін – сайыстар ұйымдастырылуда.
Мысалы; WorldSkills, «Деларук» «Шеф Battle» «ASTAUfest» т. б.
Сайыстарға қатысқан студенттер маман кəсібіне төселіп, көш ілгері жұмыс атқаруға қабілеті артады. Осыған байланысты, өндірістік тəжірибеге тарту жұмысына да елеулі көңіл бөлініп отыр. Бұл негізде техникалық жəне кəсіптік білім берудің инновациялық жүйесіне білім жүйесін жаңғырту аясында дуальды кəсіби білім беруді дамыту, жұмысшы кадрларының зəрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру міндеттері қойылды. Дуальды жүйенің негізі оқу орны мен өндірісте қатар оқыту болып табылады. Бұл кəсіптік - техникалық білім берудегі басты проблема — оқу орнындағы теория мен заманауи өндіріс практикасы арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Дуальды оқытуда теория мен практиканың өзара байланысы принципі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға кəсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі. Мұндай оқыту өндірістің нақты сұраныстарына барынша жақындатады да жұмыс берушілер дайын мамандарға ие болады. Бүгінгі таңда еңбек нарығында жас маманның бойынан табылуға тиісті тəжірибелік дағды, білім мен тəжірибені талап ететін нақты өндірістік тәжірбие болып табылады, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету — бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі.
Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз — теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуальды оқыту жүйесінің кəсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нəтижелілігі зор екендігі тəжірибеде дəлелденген. Дуальды оқыту жүйесі қазіргі дүниежүзілік тəжірибеде бар дүние. Оған мысал ретінде Германиядағы кəсіптік - техникалық білім берудегі даярлаудың дуальдық жүйесін алуға болады. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.
Дуальды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты — техникалық - кəсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бəсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық - технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.
Дуальды оқыту жүйесі — теориямен қоса практиканы пайдалану деген сөз. Түлектер теориялық жағынан емес, практикалық жағынан да сауатты болмақ.
Қорытынды
Бастысы, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары деңгейде болатындығында, оқыту жүйесіндегі ерекшеліктердің бірі оқу орындары өздеріде даярланатын мамандықтарға сəйкес келетін кəсіпорындармен келісім - шартқа отырады.
Бір сөзбен айтқанда, дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды.
Дуальды оқыту əдісінің келесі бір ерекшелігі — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қоса жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.
Нәтижесінде: оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың сапасы қоғам сұранысына сай келеді деуге болады.
Әдебиеттер
1. Назарбаев Н. А. Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы «Қазақстан – 2050 стратегиясы». – Астана, 2012
2. Құдайбергенова К. С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. – Алматы,
3. «Кәсіптік мектеп» журналы №2, 2010 ж.
4. Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы.
Баяндама «Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдары»
- asylzatseitekova77
- 14 мам 2020
- 3481
- 0
- 0
Ілмек сөздер: маман даярлаудың инновациялық жолдары, баяндама, колледж
Ұқсас жаңалықтар:
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын арттыру кепілі
«Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып...Баяндама. Білім сапасын арттырудағы құзыреттілік
«Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым - қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл -...Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологияларды география сабағында қол ...
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі» КММ, А. Е. Мергазина...Мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру білім жүйесін жоғары білікті маман ...
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен ме ...
Түрлі мамандықтар бойынша білімді, білікті мамандар даярлау үшін алдымен оқытушы, өндірістік оқу шебері педагогикалық-психологиялық білімі толысқан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.