Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауыш сынып оқушыларының қисынды ойлау қабілетін дамытудағы сіріңке шилерімен орындалатын басқатырғылардың маңызы

Бастауыш сынып оқушыларының қисынды ойлау қабілетін дамытудағы сіріңке шилерімен орындалатын басқатырғылардың маңызы

Математиканың мектеп оқушыларының ойлау қабілетін тәрбиелеудегі, олардың түйсіктерін дамытудағы ролінің ерекше екендігінде ешкімнің дауы болмасы анық. Бұны математиканы оқыту нәтижесінің тек білім беріп қана қоймай, олардың ойлау қабілетін белгілі бір бағытта қалыптастыратындығымен түсіндіруге болады. Сонымен қатар қисынды (логикалық) және математикалық ойлауды тек математика сабақтарында ғана емес, сабақтан тыс бос уақытта немесе факультатив сабақтарында жетілдіруге бағытталған жұмыстар өз нәтижесін береді. Мен бастауыш сынып мұғалімімін және мұны мен өз тәжірибемнен жақсы білемін. Алайда, өкінішке орай қазіргі кезде оқушылардың басым көпшілігінің бос уақытта смартфондар мен планшеттердегі ойындарға әуестігі олардың «өз миларын» қажетсіз әрі пайдасыз ақпараттармен толтыруы белең алып барады. Ал мен осы уақытты бала дамуының пайдалы жағына ойыстыруды көздей отырып жұмыс жасауға әрекет етіп келемін және ол үшін түрлі ребустар (тіл білімінде) мен (математика білімінде) басқатырғыларды (головоломки) пайдалану тиімді деп ойлаймын. Олар балалардыңмектепте табысты оқуына, есте сақтау, кеңістіктік және қисынды ойлау, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, қиял мен елестету, жасампаздық ойлау қабілетін дамытуға жетелейді деп есептеймін.

Басқатырғыларды шешу өскелең ұрпақты дамыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдарының бірі десек, ол кез - келген жастағы адамның аңғарымпаздығымен зайырлығын дамытып, адам бойындағы тылсым мүмкіндіктерді ашуға көмектеседі.
Кеңінен таралған дамыту ойындарының технологиясының авторы, орыс ғалымы Б. П. Никитин жас кезінен бастап басқарырғыларды дәріптеген. Бұл оған баланың ойлау қабілетінің қалай жүзеге асатынын түсінуге көмектесті. Б. П. Никитин мектеп мұғалімдері әдетте балаларды білгір етіп шығарса, өнертапқыштар мен басқатырғыларды таратушылар оларды ақылды етуге жетелейтінін атап өтті. Бұл басқатырғы - ойындар балаларды өзіне баурай отырып, олардың таңданысын тудырады. Өйткені тапсырмаларды шешу, жауаптарын табу үдерісі олардың есептерге оң эмоциялық қатынастарын тудыра отырып, қызығушылықтарын арттырады және ойлау қабілетін екпіндетеді. Нақты қызығушылыққа негізделген ойлау қызметі ғана тапқырлық, ептілік пен бастамашылдық секілді адам қырларын ашуға мұрындық болады. Осындай ойындарда баланың өзін - өзі бақылауы мен өз қызметін өзіндік реттеуі оның өз әрекеті мен тәртібін түйсіну деңгейін жоғарылата отырып, оның интелектуалдық дамуының маңызды шарты ретінде көрініс береді. Басқатырғылар бала бойында икемділік, ойлау үдерісіндегі бастамашылдық, қалыптасқан ой қызметін жаңа мазмұнға ойыстыруға қабілеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сіріңке шилерімен орындалатын басқатырғыларда оқушыларда терең ойлау дағдысы, ұзақ уақыт ойлану қабілеті, интеллектуалдық қызметке көзқарасы, танымдық қызығушылығы және де басқа қырлары дамиды. Одан өзге, басқатырғы - ойындар бала бойында өмірлік маңызы жоғары тапқырлық, ептілік пен шапшаңдық, еңбектену дағдысы мен тұрақты өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға көмектеседі. Осы қасиеттердің барлығы оған мектептегі оқу пәндерін табысты игеруіне қажет болады.

Сіріңке шилерімен орындалатын басқатырғылар бала бойында қисынды ойлауды, шығармашылық және шарықтай ойлау дағдысын дамыту үшін ежелден қолданылып келеді. Бұл секілді тапсырмалардың танымалдығы әртүрлі қызғылықты геометриялық фигуралар мен арифметикалық амалдарды құрастыруға қажетті материалдардың қолжетімділігі мен қолдану оңтайлығында болып отыр. Әдетте басқатырғыларды шешуге математикалық тапқырлық пен қисынды ойлау қажет те, ал жоғары деңгейдегі арнайы білім талап етілмейді. Және сіріңке шиімен орындалатын басқатырғыларды ұйымдастыру арнайы орындарды не/немесе бөлмелер мен алаңдарды қажет етпейді. Мұндай басқатырғыларды шешуді үйде, жұмыста, көшеде немесе жолсапарда ұйымдастыруға болады, тек ол үшін сіріңке шилерінен қажетті фигуралар мен сұлбаларды жайғастыруға жарамды тегіс жер болса жеткілікті. Сіріңке шилерімен орындалатын тапсырмалар қарапайым да күрделі де болып келеді. Сондықтан шилермен орындалатын қисынды ойындар бастауыш сынып оқушыларына да ересектерге де бірдей жарамды. Бұл аңғарымпаздық пен төзімділікті шыңдайтын, саусақтардың кішігірім моторикасын дамытатын ойындар. Басқатырғы - ойындар оқушы тұлғасының ерік - жігерін, әдептілігін қалыптастыру мен дамытуға ықпал етеді. Баланың «қулық» элементтері бар тапсырмалармен күрделі күресте жеңімпаз болу ұмтылысы оның ыждағаттылығын, табандылығы мен тиянақтылығын оятады. Ми қызметіне салмақ салатын ойындарға, есептерді шешуге қызығушылық кез - келген уақытта және барлық балаларда бірдей бола бермейді. Сондықтан мұндай ойындарды балаларға салмақ түспейтіндей ақырындап бастаған дұрыс. Бұл жерде «оңайдан күрделіге» ұстанымын қолданған жөн. Шамасы келмейтін қиын тапсырмалар баланы үркітіп алуы мүмкін. Алайда алғашқы қиындықты жеңе отырып, тапсырманы орындаған кезде адам үлкен қуаныш сезімінде болады және күрделірек есептерді шешуге дайын тұрады. Оның бойында өз күшіне деген сенімділік пен өз - қабілетіне деген сезімі пайда болады, түйсіктік ұмтылысы дамиды. Демек ойын өз мақсатына жетті деуге болады.
Сіріңке шилерімен орындалатын басқатырғыларды кім шешеді?

Әдетте зияткерлікті дамыту үшін былай қарағанда елеусіз және мардымсыз көрінетін нәрсенің мақсатты бағытталған арнайы әрекеттен гөрі берері мол болатыны бар. Ойнай отырып оқу - үйрену білім алудың салмақ салмайтын және қызғылықты тәсілі болып табылады. Осындай тәсілдің мысалы ретінде кез келген сіріңке шилерімен орындалатын басқатырғыларды атауға болады.
«Неге нақты сіріңке шилері?» деген сұрақ туындайды мұндайда.
Медицина мен психология ми учаскелерінің және адам денесінің түрлі бөліктеріндегі биологиялық белсенді нүктелердің арасындағы өзара байланысын бір ауыздан мақұлдайды. Адамның қолы, нақтырақ айтсақ алақаны биологиялық белсенді нүктелердің ең көп шоғырланған жері болып табылады. Кішкене моторика бұл ұсақ заттарды тере және жинастыра отырып ми қызметін өрістететін құбылысты атайды.

Алайда мәселе тек қолға ұстауда ғана емес қой. Көптеген формасы, ұзындығы мен ені, түсі, қатты немесе жұмсақтығы бірдей заттар адам қиялына қозғау салатын тартымдылығымен қызықтырады. Алайда сіріңке шилері бейтарап, қызғылықты әрі тартымды емес қой. Баланы қызықтыратыны олардан өз қалауыңша түрлі топтамалар мен композициялар, фигуралар құрудың жеңілдігі болып табылады. Міне сол кезде әр бір тал шидің тұтас бір заттың маңызды құрамдасы екендігі көрініс береді.
Мен өзімнің 1 сыныбымда «Логика» пәнінен факультативтік сабақ беру кезінде қолданып жүрген бірнеше тапсырмалардан мысалдар келтірейін. Нақты айтқанда суретте көрсетілгендей«Шиені бокалдың ішінен бір шидің орнын ауыстырып және екінші шиді жылжыта отырып қалай шығарып алуға болады?» деген тапсырма қарапайымдар қатарына жатады. Осы тапсырманы балалар түгіл ересектердің өздері шешуге қиналады. Ал қиындық тапсырма мәтінін қалай құруда және оны адам қалай қабылдауында болып табылады.

Шилермен орындалатын басқатырғы - ойындар ойланудың барлық түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.
Бұдан да күрделірек басқатырғыларды шешу мүмкіндігі қисынды ойлауды әрі қарай дамытқанда қолжетімді болады. Қазіргі кезде ғаламторда араб және рим цифрларымен жасалатын басқатырғы теңдеулердің көптеген нұсқалары ұсынылған. Мысалы, VI - IV = IX. Бір шидің орнын ауыстырғанда теңдеу қалай дұрыс болады. Мұнда 2 жауап бар: 1. V + IV = IX, 2. VI + IV = X. Бұдан да күрделірек тапсырма: Бір шидің орнын ауыстыра отырып теңдеуді дұрыс қалыпқа келтір.

Мұндай ойындарды ұйымдастырғанда не нәрсеге баса назар аударған жөн?
Ересектер тарапынан қажетті бақылаудың болмауы сіріңке шилерінің балалар үшін аса қауіпті екендігін естен шығармаған абзал. Кез келген ұсақ және өткір заттар секілді шилер де көз, құлақ, мұрын жарақатына алып келуі немесе абайсызда жұтылып қойылуы мүмкін. Сондықтан шилермен жұмыс жасамас бұрын қауіпсіздік техникасынан нұсқау берілуі тиіс.
Шилермен орындалатын тапсырмалардың жауаптарының бірнешеу болуы да аса маңызды. Жауаптардың нақтылығына да аса назар аудара бермеген дұрыс, өйткені бала ерекше ойлау қабілеті арқылы сіз білмейтін жауапты табуы да мүмкін. Және мұндай жағдайда оны көтермелеп, мадақтау арқылы ынталандырып отырған жөн.

Қалай дегенмен де баланың қисында ойлау қабілетін дамытатын түрлі басқатырғылар мен есептер, ребустар мен жұмбақтарды факультатив сабақтарда не/немесе үйде қолданудың артықшылығы болмаса, одан ешқандай зиян болмайтындығы ақиқат. Сондықтан мен өз әріптестеріме жоғарыда аталған ойындарды өз тәжірибелерінде молынан қолдануды ұсынамын.

Автор: Қызылорда қаласындағы
А. Байтұрсынов атындағы
№ 211 орта мектептің бастауыш
сынып мұғалімі Жұмаділдаева Айткүл Нұртайқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
5 – сыныпқа арналған «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын ...

5 – сыныпқа арналған «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын ...

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру үйірменің бағдарламасы (5 сынып)...
Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары

Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпақ - бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен жоқ....
Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың лог ...

Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың лог ...

Балалардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру, тәрбиешілердің дамыту тәжірибесі арқылы, белсенді қарым - қатынас жүргізу....
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың негіздері

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың негіздері

Қазіргі тез өзгеріп отырған әлемде білім беру саласындағы мектептің мақсат пен міндеттері заманға сай өзгеріп, түзетулерге жие ұшырауда....
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі

Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі

Қызылорда облысы Қазалы ауданы №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сансызбаева Алтынкул Мұхтарқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×