Сайтқа кіру Тіркелу

Экстремистік және лаңкестік ұйымдар

Сабақтың тақырыбы: Экстремистік және лаңкестік ұйымдар

Сабақтың білімдік мақсаты: Оқушыларға діни экстремизм, терроризмнің мағынасын ашу, білімін арттыру арқылы теріс діни ағымдар жайлы білімдерін тереңдету, ҚР лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға діннің адам өміріне тигізер ролімен таныстыра отырып, имандылыққа, адамгершілікке баулу. Жас өрендерді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Баспасөз, интернет материалдарын пайдалана отырып, қазіргі діни ағымдар мен секталардың, террорлық әрекеттердің зардаптары туралы мәліметтерді жинақтап келіп, өз пікірлерін ашық айта білуге, білімдерін жинақтау арқылы дамыта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар(слайд, сызба, кестелер), бейнефильм

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, ой толғау
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сабақтың жоспары:
1. Ой қозғау стратегиясы.
2. «Қатерлі жихадизм» бейнефильмі
3. Шығармашылық тапсырма.
4. Термин сөздермен жұмыс.
5. «Жұмбақ кейіпкер» Ой толғау
6. Қазақстанда тыйым салынған діни ағымдар.
7. Деректер мен дәйектер
8. Лаңкестік ұйымдардың іс - әрекеттері.”Сен қалай бағалайсың?”
9. Сабақты бекіту.
10. Инсерт әдісі
11. Қорытындылау
12. Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма.
1. Ой қозғау стратегиясы
Оқушыларға“Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екіншісі, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшіншісі, дәмін, дәстүрін сыйламайтын балалар өсіп келе жатыр. Мен солардан қорқам”,- деген даналық сөз кімнің сөзі? Бауыржан атамыз кімнен, неден қорықты?
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазіргідей халықтың дінге қызығушылығы артып отырған тұста мемлекеттің саясатын, дін туралы ұғымды, дін туралы заңды түсіндіру, жастарымызға үгіт - насихат жұмыстарын жүргізу ауадай қажет болып отыр. Себебі, еліміздегі кейбір іс - әрекеттер ойланбасқа қоймайтын тығырыққа тіреп отырғаны шындық.
«Ол ағымдар не үшін келді?»десек, олардың ешқайсысы дәлелімізге жаны ашып, «қазағым аман болсыншы»,- деп келген жоқ. Керісінше егемендігі бекіген, байрағы асқақтаған елімізді сол көтерілген биіктен құлату үшін келгені айдан анық. Қазір дін мен экстремизмді шатастыру басталды. Шындығында діннің экстремизмге қатысы жоқ. Дін - тек мораль, адамгершілік тұрғысындағы ұғым, ал экстремистер діннің терісін жамылып жүрген теріс пиғылды адамдар. Сондықтан, қазіргі жастарға дінге деген дұрыс пікір қалыптастырып, олардың ақ - қарасын ажыратып беруіміз қажет.
2.“Қатерлі жихадизм” бейнефильмі
1. Көрсетілген бейнефильмнен не түсіндіңіздер?
2. Сектаға кіру қаупі неде?
3. Не себепті сектаға жасөспірімдер жиі кіреді?

Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп түрлі тапсырмалар беру

3. Шығармашылық тапсырма: Оқушылар өздері тауып, зерттеген материалдары бойынша діни экстремистік ұйымдарға слайд, сызбалар арқылы түсінік береді.
1 - оқушы: Дүние жүзіндегі нағыз экстремистік топтардың тауқыметін батыс елдері көруде. Соңғы жылдары АҚШ - та, Батыс Еуропа елдерінде саңырауқұлақша қаптап кеткен христиан фундаменталист ұйымдары мен түрлі - түрлі секталар мыңдаған адамдар аянышты халде қаза тапты. Сіздерге түсінікті болу үшін жалпы секталар жөнінде төмендегі кестеге назар аударайық:

5. «Жұмбақ кейіпкер» Ой толғау
«Мен теріс пиғылды сектаның ұйымына кірдім. Ол кезде мен ештеңенің байыбына бармаған едім. Бет - аузымды тұмшалап, томаға – тұйық өзіммен - өзім болдым. Тіпті ата - анамды да көргім келген жоқ. Мектепке баруды доғардым. Жалғыз өзім бір бөлмеге кіріп алып, күбірлейім де отырамын. Осы секта маған қиналған кезімде көмектесті.»
Осы зиянды ағымға ілескен, өз дінін өгей қылған «жұмбақ кейіпкердің» мұңына не дейсіздер?
Оқушы: Біз өз дінімізді өгей қылма уымыз үшін Құран мен Пайғамбарымыздың хадистерін өзімізге басшы етіп алуымыз, сондай - ақ ата - бабамыздан бізге дейін жеткен ислам дінін азғантай ақшаға сатып, басқа діндерге, секталарға кіріп кетпеуіміз керек. Құран Кәрімде: «Сендерден кімде - кім өз дінінен безіп, кәпір болып өлсе, оның істеген әрекеттері бұл дүниеде де, қияметте де түкке тұрмайды»,- деп барынша қатаң ескертеді. Сондықтан да біз басқа діндер мен секталарға еліктемей, өз дінімізді толық ұстануымыз керек.

6. Қазақстанда тыйым салынған діни ағымдар:
«Аль - Каеда»
«Алла аят»
«Асбат аль - ансар»
«АУМ Синрике»
«Бозгурд»
«Мұсылман ағайындар»
«Шығыс Түркістанның ислам партиясы»
«Өзбекстанның ислам қозғалысы»
«Хизбут Тахрир - әл - ислам»
«Талибандар қозғалысы»

7. Деректер мен дәйектер
Бүгінгі күні елімізде 3000 діни ұйым, 40 конфессия, 100 этникалық топтар,
1652 мұсылмандық ұйым, 1523 мешіт бар. Орыстардың православаиясында 3 епархия, 280 приход, 8 монастырлері жұмыс істейді.

Экстремистік және лаңкестік ұйымдар жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Деструктивті және радикалды діни ағымдар, ұйымдар идеологияларының алдын ал ...

Деструктивті және радикалды діни ағымдар, ұйымдар идеологияларының алдын ал ...

2018 жылдың 5 желтоқсанында «6M020600 Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Касаинова К. Е. педагогикалық практика аясында «Деструктивті және...
Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

Арал қаласы, Арал индустриалды техникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Қараева Айгүл...
Діни экстремизммен бітіспес күрестеміз

Діни экстремизммен бітіспес күрестеміз

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушыларға діни экстремизмнің мағынасын ашу, білімін арттыру арқылы теріс діни ағымдар жайлы білімін тереңдету;...
Дінге артылса сенімің, Имандылық болар серігің

Дінге артылса сенімің, Имандылық болар серігің

Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі Сыныбы: 5 Сынып жетекшісі: Рүстемова Гүлмира Сабақтың мақсаты: Діни білім беру...
Адастырушы діни ағымдар

Адастырушы діни ағымдар

Діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×