Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата - ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата - ананың еңбегіне, тәлім - тәрбиесіне байланысты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуметін ашу педагог пен отбасын арасындығы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады. Ата - ананың басты қуанышы — бала.
Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен біріңғай білім беру кеңістігі құрылады. Ата - ана отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиенің қамқоршысы, өнегесі, нәтижесі. Ата - ананың тіршілігіндегі көрген қызығының ең қымбаттысы ол — перзенті. Отбасы баланың тәрбиесі мен оның әлеуметтенуінде, тұлғаның көзқарасының қалыптасуына, сондай - ақ интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік сапаларының дамуында шешуші рөл атқарады. Балалардың әлеуметтенуі мен қоғамның жаңа мүшелерінің дайындығы қамтамасыз етіледі.
Отбасы әлеуметтік - адамгершілік тәжірибені ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп келеді, отбасында балаға ата - ананың махаббатын, ата - анаға деген сенім, оларға ұқсауға ұмтылу, отбасының жалпы психологиялық ахуалы сияқты әлеуметтік ақпаратты берудің тамаша жүйесі қалыптасқан ата - аналар отбасындағы ересектердің үлгісі тәрбиелік қызметтің нәтижелілігін анықтайды. Әрине осы келешек ұрпағымызды тәрбиелеу алдымен отбасынан бастау алары сөзсіз, ал оны әрі қарай отбасымен бірлесе жалғастыратын, балаға білім мен тәрбие беретін ең бірінші жаңа орта балабақша. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция», Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы», «Балалардың құқығы туралы заңы», « Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» сияқты құжаттар дәлел бола алады. Үкіметтен қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді.
Толық нұсқасын жүктеп алу
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайында баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру
- ramuk_b
- 15 қаңтар 2019
- 2367
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мектепке дейінгі білім беру ұйымы, отбасынының өзара әрекеттесу жағдайында, баяндама
Ұқсас жаңалықтар:
Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қары ...
Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастығы мына төмендегідей негізгі бағыттарға көңіл бөледі: — педагогикалық және...Ата - аналар жиналысы
Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері мен міндеттері, отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары туралы ақпарат беру,...Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы
«Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» деп, халық қаһарманы Б. Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағы жас буынды имандылық пен...Балабақшада балаларды шығармашылық құзіреттілігіне дамытудағы музыка оқу іс ...
Бала тәрбиесінің негізгі іргетасы қаланатын мектепке дейінгі мекемелердегі білім мен тәрбиенің егіз, бірін - бірі толықтырыла жүргізілуі - жеке тұлға...Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.