Сайтқа кіру Тіркелу

Телебағдарламалар желісіндегі интеллектуалды жаңа инновациялық технологияларды пайдалану іс- тәжірибиемнен

Ибрай Сахиев Базарбайұлы

Сахиев Ыбырай Базарбайұлы 1983 жылы Сағыз селосында дүниеге келген. 2003 жылы Атырау қаласындағы Қ. Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжді бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі уақытта Сағыз селосында № 9 орта мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметін атқарады.
Санаты-ІІ. Мектепішілік «КТК» клубының жетекшісі. Сынып жетекшілік іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылған.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер атты кітаптың авторы

П і к і р
Осы пікір Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы № 9 орта мектептің мұғалімі, сынып жетекші Сахиев Ыбырайға беріледі. Ыбырайдық қазіргі таңдағы бәсекеге мейлінше қабілетті ұрпақ тәрбиелеудегі жаңашыл сынып жетекшілер екенін айтуға болады. Оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалануда ізденімпаз, шығармашыл ұстаз. Инновациялық әдіс-тәсілдерді тәрбиелік шараларда пайдалану арқылы, тәрбие жүйесінде шығармашылық ойлар мен инновациялық тәсілдерді ашу, қазіргі заманда шешімін таппай жүрген кей мәселелерді ұстануда өз іс-тәжірибелері арқылы айқын көрсетіп келеді.

Мұғалім Ыбырай Сахиевтың аудан көлемінде «Жыл сынып жетекшісі – 2008» жарысына қатынасып, «Жаңашыл жетекші» атағы бойынша дипломмен ,2010 жылы аудан бойынша “Ең үздік шаштараз” сайысының бас жүлдегері, 2010 аудандық пед.оқудан І орын жүлдегері атағын алып,дипломдармен марапатталды. 2010 жылы “Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында оқытудың сапасын инновациялық бағытта дамыту” тақырыбында өткен мектеп директоры орынбасарларының аудандық семинарында ерекше жұмыстарымен танылып, білім беру бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сынып жетекшілік іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылєан. Атырау блысы көлемінде өтілген “Әдістемелік вернисаж-2011” байқауының І орын иегері. 2011 жылы Атырау облыстыќ кадрлар біліктілігін арттыратын жјне ќайта даярлайтын институтының «Құрмет грамотасымен» марапатталєан.
Республикалыќ “Ғылыми жобалар әлемі” атты ғылыми еңбектері журналына “Телебағдарламалар желісінде интеллектуалды жаңа инновациялық әдіс-тјсілдер” атты еңбегі жарияланып “Үздік педагог - зерттеуші” конкурсынан І орынға ие болды.

Ы.Сахиевтың ұсынылып отырған «Телебағдарламалар желісіндегі интеллектуалды жаңа инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбындағы әдістемелік көмекші құралында мектеп оқушыларын заман ағымына сай тәрбиелеудің түрлері нақты көрсетілген.

Мектеп оқушыларының қоғамдағы өз орнын, өзіндік «Менін» қалыптастыруда құралдың көмегі зор деп есептейміз.
№9 орта мектеп директоры: Ж.Қамысбаев
Директордық тәрбие
ісі жөнінің орынбасары: Ө.Әділов

Телебағдарламалар желісіндегі интеллектуалды жаңа инновациялық технологияларды пайдалану іс - тәжірибемнен

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».
Әбу Насыр Әл-Фараби

Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған ірі экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылатын білім жүйесіне орасан ықпалын тигізіп отыр.Әлемдік қауымдастықтың біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуі жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттігін көрсетеді.

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру. Адам тәрбиесі-ұзақ үрдіс. Күн сайын өзгеріп жатқан заманда, кешегі тұжырымдама бүгін ескіріп жатады. Сондықтан да жас ұрпаққа тәрбие беруде ұстаздар қауымы тәрбиенің қайнар көзін, негізгі алтын діңгегін анықтап алуымыз қажет. Тәрбие жұмысындағы айқын бағыт-бағдарды елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық патриотизм, ұлтжандылық, халықтар достығы» деп көрсетіп берген болатын.Міне, осы ұстанымды бағыт-бағдар ете отырып мен өзімнің тәжірибемді баяндамақпын.

Қазіргі таңда тәрбие берудің барлық деңгейлері бойынша дәстүрлі тәжірибеге инновациялық көзқарастар тұрғысынан келу бағытын ұстану қалыптасты.

Инновациялық үрдіс – білім берудің жүйесін жаңарту және дамыту, сонымен қатар қоғамның, еліміздің өз дамуында жаңаша қоғамның, әлемнің оқытушысы қажеттілігінен туындаған үрдіс.

Инновациялық білім беру құралдары: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, инновациялық веб-сайт және т.б.

Бүгінгі таңда «Ғасыр мектебі мен мұғалімі қандай болуы керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да , идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Ол үшін тәрбие беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды , әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер болып табылады.

“Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалім қолында сол кілт жүруі керек” деп дана халқымыз

айтқандай мектептегі бала тәрбиесін жүйелі түрде ұйымдастыра отырып, кешенді түрде жан-жақты жоспарлап , жаңа технология үлгісінде тәрбиелік шараларды жасақтап, өз тәжірибемде қолданып келемін.

Жаңа инновациялық тәрбие берудегі теледидардың, ақпарат құралдарының ролі аса маңызды. Өйткені , ол баланың талғамын дамытады, әдемілік пен жағымсыз дүниелерді ажырата білуге үйретеді, сонымен қатар тәрбиенің көптеген саласымен тығыз байланыста болады. Әдемілікті көру, еңбек ету сапалары жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеуде өте қажет.

Ақпарат құралдарының ішінде теледидар – отбасы мен мектептен кейін балаға тәрбиелік жағынан әсер ететін құрал болып табылады. Теледидар ұлттық және мәдени әлеуметтенудің маңызды көзі. Баланың өзі тұратын ортадағы мәдениетті қабылдауды теледидар да үйретеді.

«Хабар» арнасындағы «Таң қалмаңыз!», «1-арнадағы» «Малахов+», «Минута славы», «Пусть говорят» «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Намыс дода», «Дарабоз», «Дала-думан», «Ел арна» арнасындағы «Тапқыр достар» бағдарламалары білгір режиссерлермен, өзге де шығармашылық, техникалық топтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде көрермен көзайымына айналды. Қандай жоба болмасын, қай тілдегі хабар болмасын тарих сахнасынан ойып тұрып орын алатын ұлы қазақ елінің нағыз ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеуге атсалысуда. Теледидар – ең күшті насихат құралы. Жалпы, журналистика халықтық болып саналады. Себебі , журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Журналистиканың халыққа қызмет етуі – сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз. Қоғамды келеңсіз жайлардан сақтандыру да ақпарат құралдарының міндеті. Діни экстремизмге, наркомания мен ЖҚТБ-ға қарсы күресте, қылмысқа қарсы күресте телебағдарламалардың маңызы зор. Оқушы жарты күнін мектепте өткізсе, жарты күнін ақпарат алу мақсатына жұмсайды. Сол уақытта ол теледидарды қарайды немесе интернет желісі арқылы жаңалықтармен, бағдарламалармен танысады, өзіндік пікірін бөлісетін адам іздейді. Сондықтан балада болатын еліктеу немесе баланың өз ойларын айтуы сияқты құбылыстарды мұғалім тәрбие жұмысында ескеруі тиіс. Бірақ бағдарламаларды пайдалануда баланың жас ерекшелігі қатаң ескерілуі керек. Бағдарламаларды сол күйінде көшіруге болмайды, баланың ойы бағдарлама барысында жаңаша жетілуі керек. Сондықтан мұғалім бағдарламаны мектеп оқушысына тәрбие беретін деңгейге икемдеп қайта құрады. Мысалы ток-шоу, шоу, реалити - шоу, акция, интеллектуалдық ойындар, тағы да басқа теле жобалар мектеп жасындағы оқушыларға икемдеп өткізуге қолайлы. Бұл бағытта жұмыс жүргізу сыныптан тыс шаралардың сапасын жоғары деңгейге көтеруге көмектеседі.

Тәрбиенің жаңаша үрдісі ретінде телебағдарламалар желісінде тәрбие сағаттарды өз тәжірибемде ток – шоу турінде өткіздім. Оның тікелей аудармасы – «әңгіме - думан». Әңгіме сұхбатқа құралады. Сұхбат сәтті шығу үшін сол шаранын жүргізушісіне талап та жоғары. Ол табанды, зерек, әсершіл, жинақы, тапқыр, байқампаз, назаршыл, есте сақтау қабілеті жоғары, психологиясы тұрақты болу керек. Ток-шоу көптеген тақырыпта ұйымдастырылады. Мысал ретінде өз тәжірибемнен салауатты өмір салты бағытында «Евразия» телеарнасындағы «Малахов+» бағдарламасы желісіндегі «Жасыл дәріхана» атты ток-шоудың жүру барысында оқушылар салауатты өмір салты жөнінде мектептің психолог, медбике мамандарымен сұхбаттасып, ой бөлісті.Аталған «Жасыл дәріхана» атты шара және «Таң қалмаңыз» атты сыныптан тыс шара интернет желісі арқылы WWW.SABAK. adamzat.KZ. атты сайтта жарияланды. Оқушылар нәтижесінде денсаулық – адам бақытының бірінші байлығы екенін, табиғат арқылы әркім өз денсаулығының корғаушысы екенін, табиғаттың әрбір бөлшегі адамзат баласы үшін асқан байлық, қайталанбас қазынасы, адам өмірінің қорғаушысы, қорғаны екеніндігін ұғына білді. Ток- шоуға шақырылған арнайы қонақтар, ата-аналар қоршаған орта, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында табиғатта кездесетін өсімдіктер, жеміс – жидектер және емдік қасиеті бар табиғи заттар арқылы денсаулықты күтуге болатынын аша отырып, іс жүзінде көрсетті.

Мамандық таңдау - адам өміріндегі аса маңызды мәселелеррдің бірі. Әрбір адам өзі қалаған мамандықтың иесі болып, өмірден өз орнын табуды армандайды . Мамандық таңдау мәселесі бойынша психологиялық тұрғыдан бағыт, кеңес беру мақсатында «Кеш қалмаңыз» бағдарламасының желісінде «Керек кәсіп бәрі де…» атты ток -шоу өткізіп, оған әртүрлі мамандық иелері мен түрлі кәсіп шеберлері, ата-аналар, жоғары және арнаулы оқу орнында оқып жүрген жастар қатысты. Тартымды қызу сұхбат барысында оқушылар қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы әр түрлі проблемаларды жеңе білу керектігі жөнінде көптеген пайдалы кеңестер ала білді.

Оқушылардың зердесін ұштауға интелектуалды ойындар көп көмегін береді. Ал қоғамның болашағы осындай тоқығаны көп зерделі өрендердің қабілетімен тығыз байланысты. Осыған орай бүгінгі таңда жаңаша әдісте көптеген теле жобалар жарық көруде. Солардың бірі «Ел арна» арнасында «Тапқыр достар», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Қазақстан» арнасындағы «Сөз мерген» атты интеллектуалды ойындардың желісінде мектепте сынып сағаттарын ұйымдастыру тәрбиенің жаңашылдық әдісі деп білемін. Тіл мерекесіне орай кітапханамен бірлесе отырып «Тапқыр достар» атты интеллектуалды топтық сайысты ұйымдастырдым. Бұл бағдарлама желісінде тәрбие сағаттарын түрлі тақырыпта ұйымдастыра білу мұғалімнің өзіндік идеясына байланысты.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылға жасаған жоспарында өскелең ұрпақты салауатты етіп шығару бағыты көзделген. Кешенді тәрбие берудегі салауатты өмір салты бағыты бойынша спорттық ойындарды түрлендірудің жаңа үлгілері де телебағдарламалар желісінде ұйымдастыруға болады. «Қазақстан» арнасындағы отбасылық сайыс «Толағай», «Евразия» арнасындағы Францияда өткен спорттық ойын эстафетасы «Намыс дода» да үздік идеялардың туындысы. Жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған бұл жобаларды барлық балалар сүйсініп қарайды және өздері де сондай шараларға қатынасқысы келеді. Осындай жобалардың желісінде тәрбие жоспарын жаңаша әдіспен ұштастыра отырып, оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында топтық сайыстарды ұйымдастырып келемін. Спорттық жаттығуларды орындата отырып, денсаулығы мықты, шыныққан, эстетикалық талғамы жоғары оқушы дайындау жаңаша әдісті талап етеді. Жеңімпаз болу үшін балалар бар жігерлерін жұмсайды. Барлығы бірдей алға ұмтылып, өз тобының мүддесіне жұмыстанады, ұйымшыл ұжымдық тәртіп орнайды.

Сондай - ақ реалити-шоу ұйымдастыруда жаңа иновациялық әдіс. Соның бірі «Дарабоз». Қазақтың ұл-қыздарының қатысуымен ұлттық салт - дәстүрді дәріптейтін шыншыл бағдарлама. Осы жобаның бағытын ала отырып, «Ұлттық ойындар» сайысын өткіздім. Аталған тәрбиелік шаралардың барлығы жаңашылдыққа жақын, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға бағытталады. Жаңа бағытта өткізген шараларымды әріптестеріме үлгі ретінде ұсынамын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сабақта интернет ресурстарын пайдалану

Сабақта интернет ресурстарын пайдалану

Елімізде білім беру саласында жаңа IT технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа...
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері

Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады....
Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Қоғам қажеттілігі - жаңа технологияны қолдану

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақша меңгерушісі Ералимова Ғалия Болатқызы...
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың р ...

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы шығармашылық жұмыстардың р ...

Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны...
Жаңа технология-сапалы оқытудың тиімді тәсілі

Жаңа технология-сапалы оқытудың тиімді тәсілі

әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс - әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×