Сайтқа кіру Тіркелу

Гүлдер патшалығында

Сайыстың тақырыбы:«Гүлдер патшалығында»
Сайыстың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Адам өміріндегі құндылықтарға назар аударта отырып, қыз баланы гүлге теңеу арқылы оқушылардың білімін толықтыру, әдемілікке жан - жақты болуға баулу. Гүл туралы мағлұматтарды көбірек білуге ықпал жасау.
Дамытушылық мақсаты: Технология сабағынан алған білімдері мен тәжірибелерін өздерінің қолөнер шеберлігімен сөз өнерімен ұштастыра отырып білімдерінің және қабілеттерінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелік мақсаты:. Түрлі ұсақ заттардан көркем шығарма ойлап табу арқылы, шеберліктерін арттыру шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сайысқа қажетті көрнекі - құралдары, қажетті жабдықтар: Тақырыпқа сай ұйымдастырылған көрме. Гүл шоқтары, паннолар, гүлді плакаттар, суреттер, гүлді жастықшалар, қанатты сөздер жазылған плакаттар, гүлмен өрнектелген тағамдар, гүлдер жасауға қажетті түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, скотч.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Жоспары:
Сайысқа 3 сынып қатысады. Олар: 7, 8, 9 сыныптардың қыздары.
1. Топты таныстыру (Топтың аты міндетті түрде гүлдің аты болу шарт және ұраны, төсбелгі)
2. Әрбір сынып гүлдер көрмесін ұйымдастырады. Қағаздан, шүберектен, саздан, ермексаздан, бисерден, жіптен, кеслетеу тағы да басқа шикі заттардан жасалған тақырыптық көрме безендіреді. Сонымен қатар тірі гүлдер бұрышы.
3. «Сен білесің бе?»
4. «Гүл өнері - би өнері»
5. «Қағаз гүлдер солмайды»
6. «Көрермендер көрімдігі» көрермендермен ойын ойнау. Өнер, гүл сұлулық жайындағы мақал - мәтелдердің жалғасын табу.
7. «Артық болмас білгенің»
8. «Жас дизайнерлер» жарысы
9. «Дастархандағы гүлдер»
Өтілу барысы:
Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар гүлдер патшалығына қош келіңіздер. «Гүлдер патшалығында» атты сыныптан сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі кештің ханшайымдарын ортаға шақырайық.
7 сыныптың «» тобы
8 сыныптың «» тобы
9 сыныптың «» тобы
Ұйымдастыру сәті: Қатысуыш әрбір топтар жеке - жеке топ болып отырады.
(Кеш жоспарымен таныстырылып, әр сатының ерекшелігі аталынып өтеді)
Жақсы істі әрқашанда саралаған
Әділідік туын төріне қадап алған
Осындай жарыстарға төре болып
Қашанда әділқазы бағалаған,- дей келе сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтіңіздер. (Әділ қазымен таныстыру)
Бағалау жүйесі «5» ұпайлық жүйемен бағаланады.
І кезең:
«Топты таныстыру»
«Топты таныстыру» Топтың аты, ұраны, төстаңбасы тақырыпқа сай болуы тиіс.
ІІ кезең:
«Гүлдер көрмесі»
Алдын - ала дайындалған тақырыптық көрмені таныстыру.
ІІІ кезең:
«Сен білесің бе?»
Білімдерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Қай топ бірінші жауап берсе сол топқа ұпай қосылады.
1. Икебана дегеніміз не?
А) Қағаздан жасалған бұйымдар
В) Өсімдіктерден жасалып, құрастырылған, кептірілген өсімдіктерден жасалған көркем шығарма
С) Шүберектен құрастырылған көркем шығарма
2. Әйел, қыздарды гүлге теңеген ақын кім?
А) Тұманбай Молдағалиев
В) Қуандық Мәдір
С) Мұзафар Әлімбаев
3. Шайдың Отаны....
А) Жапония - Цейлон
В) Қытай - Үндістан
С) Африка - Эфиопия
4. Тікенекті емдік қасиеті жоғары бөлме өсімдігі?
А) Кактус
В) Алоэ
С) Раушангүл
5. Үй жайындағы өсірілген ергежейлі ағаш?
А) Сонан
В) Бонсай
С) Моеги
6. Дүниежүзіндегі ең жуан ағаш. Жуандығы 10 - 14 метрге дейін жетеді. Ол қандай ағаш?
А) Терек
В) Хо кидати
С) Баобаб
7. Колоколчиктің қазақша атауы?
А) Қоңыраугүл
В) Қалампыр
С) Қызғалдақ
8. Көктемде алғаш болып шығатын гүл?
А) Қалампыр
В) Раушан
С) Бәйшешек
9. Гвоздика гүлінің атауы?
А) Райхангүл
В) Қалампыр
С) Түймедақ
ІҮ кезең:
«Гүл өнері - би өнері»
Аттары мәлім емес баршамызға
Асыл қасиет болу керек барша қызда
Көрсетсін өнерлерін аруларым
Ән салып, биде билер ортамызда
(Алдын - ала берілген тапсырма бойынша топтың мүшелері басқа да оқушыларды қатыстыру арқылы гүл бейнесін келтіріп, би билейді)
Ү кезең:
«Қағаз гүлдер солмайды»
Берілген уақыт ішінде қағаздан гүлдер жасау. Жапсырмалау арқылы, бүктеу, орау тәсілдерін қолданады.
1. Түрлі түсті қағаздардан 1 бума гүл жасау қажет. Берілетін уақыт 10 минут.
ҮІ кезең:
«Көрермендер көрімдігі»
Көрермендермен ойын ойнау. Өнер, гүл, сұлулық жайындағы мақал - мәтелдердің жалғасын табу. Жауабын тапқан көрермен ұпайын қатысып отырған топтардан біреуін таңдап соларға ұпай санын береді.
1. Өнерлі бала..............
2. Өнерлінің қолы алтын...............
3. Шебер көп жерде...............
4. Қыз өссе елдің көркі,
..............................
5. Сұлулық қыз бен...................................
6. Істі ине тікпейді............................
7. Қыз еркем,
............................................
8. Елі іші......................
ҮІІ кезең:
«Артық болмас білгенің»
Ережесі: Әр топ үй тапсырмасы бойынша әзірлеп әкелген гүлдер туралы мәліметтермен таныстырады. (Альбом, слайд, видеофильм, фотолар т. б. түрде ұсынады)
Мысалы: «Қызғалдақ» гүлі. Бұл гүл ағашында жабық күйінде өсіп тұрған, оның ішінде бақыт жасырынып жатыр деп болжаған. Бірақ оны ешкім аша алмаған. Бір күні осы гүлді бір сәби көріп сықылықтап күліп, гүлді жұлып алып қарап тұрса гүл өзі жайлап ғана ашылыпты. Міне, сәбидң әдемі шат күлкісі қызғалдақты дүниеге әкеліпті.
«Пион» Пион райхан гүліне ұқсайды. Өте ертеде Флора құдайы ұзақ жолға шықпақ болып орнынан орынбасар қалдырмақ болады. Ол орынға райхан гүлін ұсынбақ болады. Барлық гүлдер келіскенмен, бұл орынға пион мен ғана лайықпын деп санайды. Оған ренжіген Флора құдайы оны ірі, әрі үрлеп тастайды. Содан бастап пион гүлі райхан гүліне қарағанда ұсқынсыз болып қалаған дейді.
«Лилия. Қазақша атауы - лала» Ли - ли аудармасында «Аппақ, аппақ» деген сөзден шыққан. Оның пайда болуы аңызда Аналар құдайы Юнона баласын тамақтандырмақ болып, шөп түбінде отырған ұлы Геркулеске еңкейген кезде баласы оны итеріп салады. Сол кезде ана омырауынан тамған сүттен аппақ гүлдер пайда болады. Қазір лилия гүлінің бірнеше түстері бар.
ҮІІІ кезең:
«Жас дизайнерлер» жарысы.
Топтағы қатысып отырған қыздар қағаздан болсын басқа заттардан болсын гүлдер жасап сынып жетекшілерін гүлмен безендіреді. Әдемі гүлді көйлек жасайды. Уақыт 10 минут. Жасалған гүлді көйлекті сынып жетекшілері киіп, залдан айналып өтеді.
ІХ кезең:
«Дастархандағы гүлдер»
Бұл сатының ережесі бойынша тағамдарды әртүрлі гүл бейнесімен безендіру әдістері көрсетілуі тиіс. Мысалы торт, салат, тәтті тоқаштар т. б.
Қорытынды. Марапаттау.
Гүл өсірсең терлеп - мұның аты еңбек
Кесте тіксең зерлеп, мұның аты еңбек
Сабағыңды жөндеп әзірленсең еңбек
Қиындықтың бәрін еңбек ғана жеңбек,- дей келе кешімізіді аяқтаймыз. Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×