Сайтқа кіру Тіркелу

"Өсімдік талшықтарынан алынған табиғи мата қасиеттері. Мақта, зығыр."

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік талшықтарынан алынған табиғи мата қасиеттері. Мақта, зығыр.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: табиғи талшықтарды өңдеу, оларды алу жолдары және құрамымен таныстыру, мата туралы түсінігін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушының іскерлігі, ізденушілігі мен шығармашылық қабілетін шыңдау, ойын, қиялын дамыту, алған білімін өз беттерінше қолдана білуін қадағалау.
Тәрбиелік: оқушыларды алға мақсат қоя білуге, өз ойларын еркін айта білуге, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, сурет.
Қажатті құрал - жабдықтар: тігін машина, интерактивті тақта, тігіс түрлері плакат, мата түрлері буклет, қайшы, ине, жіп, оқулық, дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу.
2: Оқушыларды түгендеу.
3. Сабаққа дайындығын тексеру.
4. Оқушының назарын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
Мен бүгінгі сабақғымды ертектен бастайын деп тұрмын. Сабағымыздың мақсаты; «Алтын сақа» ертегісі арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендеріңді сынау және өсімдік талшықтарынан алынган табиғи мата қасиеттерімен таныстыру.
Ортаға мал жайып шал шығады. - Шек. әй кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды, «қой бақтым, сидан қақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым» деген осы екен ғой, - деп отыра кеткенде, артынан келген мыстан кемпір шалды қылғындырды.
Ұсталдың ба бәлем?
Ойбай, ойбай, жаным шығып барады, жіберші. Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір қой беремін.
Мыстан: Жоқ оған риза емеспін, келісе алмаймын.
Шал: Бір үйір жылқы берейін.
Мыстан: Жоқ, оған да риза емеспін.
Шал: Онда жалғыз Кенжебек деген ұлым бар, соны берейін.
Мыстан: Онда келісемін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам алтын сақаны іздеп келгенде, оны ұстап ал, – деп шал сақаны мыстанға беріп кетеді.
Біраз уақыт өткен сон, бала келеді.
Бала: - Апа, апа анау алтын сақаны маған лақтырып жіберіңізші?
Мыстан: - Ой балам, отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. Бала алтын сақаны алмақшы болғанда, мыстан оны ұстап алады.
Кенжебекті ауылдың қыздары іздеп шығады.
Мыстан кемпірді кездестіріп, қыздар: «Кенжебекті жіберші»,- дейді.
Мыстан: - Менің шарттарым бар, соларды орындасаңдар Кенжебекті жіберемін.
Қыздар: «Келістік апа».
Мыстан, кеше шапанымды тігіп отырып инемді жерге қойғанмын. Бір айналып келіп, оны басып кеттім, аяғым ауырып, баса алмай қалдым.
Мұғалім: - Қыздар, мыстан қандай ережені сақтамады.
Оқушылар тігін инесімен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелерен айтып берді.
Жұмысқа кіріспес бұрын инелерді санап алыңыз, сынғанын және тот басқанын тастаңыз.
Тігіс тігуде оймақ қолданыңыз.
Инелерді арнайы қорапшада немесе инеқапта сақтаңыз.
Инені аузыңызға салмаңыз, киімге және жұмсақ жиһазға қадамаңыз.
Сынған инені қағаз бетіне салып, ұқыптап қоқыс салғышқа тастаңыз.
Жұмыс соңында инелерді санаңыз, ол жұмыс басталғанға дейінгідей болу керек.
Қыздар: - Апа, енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: - Мен бір сурет тауып алдым, осы суреттегі кісі кім?
Ең алғаш рет тігін машинасының жобасын 15 ғасырда Леонардо да Винчи ұсынған. 1850 - 1851 жылдары Исаак Зингер қол жетектен бастап, аяқпен жүргізетін қондырғыны ойлап тапты. 1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында «Зингер» зауытын ашты. 21 ғасырда компьютер - машина пайда болды, өзі тігеді, өзі кестелейді, өзі сурет салады. Бұл машинаны тек басқарып отырасың.
Ал енді әжемізге тігін машинасы жетектерінің түрлерін атап берейік.
Қол жетегіндегі. Аяқ жетегіндегі. Электр жетегіндегі машина болып бөлінеді. Жетек – бұл машинаның жұмысшы бөлігін қозғалысқа келтіру қондырғысы.
Сонымен қатар әжемізге тігін машинасы құрылымының негізгі бөлшектерін айтып көрсетейік.(слайд. тігін машинасының суреті.)
Қыздар: - Әже, енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: - Мен қонаққа барайын десем, киетін көйлегімнің етегі сөгіліп кетіпті. Қандай машина тігісін қолданарымды білмей түрмын? Ап, а сіз ренжімеңіз, олардын бәрін біздін қыздарымыздан үйренуге болады.(слайд тігіс түрлері корсетіледі). Оқушылар атап береді.
Мыстан: - Қыздар, мен сендерден көп нәрсе үйрендім, рахмет, Кенжебекті қайтып берейін, атасы қуанып қалсын.
Мұғалім: - Ал қыздар, Кенжебекті аман алып қалдық өте жақсы болды, сонымен өткен тақырыпты да еске түсірдік. ІІІ. Жаңа материалдың мазмұны.
Енді бүгін біз «Өсімдік талшықтарынан алынған табиғи мата қасиеттері» мақта мен зығырға тоқталайық.(тақтаға жазу)
Балалар, тақтаға қарайық, өзімізге белгілі
Осылардын ішіндегі мақта туралы не білесіздер?
Қоза - 1 метр биіктікке дейін өсетін 1 жылдық бұталы өсімдік. Қоза өскеннен кейін ұрық қабыршағы ашылады. Қабыршақ ішінде тар өзегі талшықтармен оралған. Мақта талшықтары – ақ түсті, үлпілдеген, қысқа, жұмсақ, жіңішке болады. Нақ солардан мақта - мата жіптері мен маталарды алады. Сонымен қатар, мақтаның тұқымынан май, жануарларға қорек ретіндегі жемді алады. Мақтаны құнды қасиеттері үшін «ақ алтын» деп атайды. Мақтаның шыққан Отаны - Үнді және Мысыр. Ол 30 градустық ыстықты және өте көп мөлшердегі ылғалды жақсы көреді. Біздің елімізде қоза оңтүстік аумақта өсіріледі. Бұл мата суды жақсы сіңдіреді, тез кебеді, ауа өткізеді, жеңіл жуылады, қатты мыжылады, жақсы үтіктеледі. Одан тұрмыстық және техникалық бқйымдар дайындайды. Мақта – матасының түрлері: шыт, бәтес, фланель, ши барқыт(вельвет), бархат, сатин.
Зығыр - биіктігі 1 метрге жетпейтін өсімдік, сабағының қабықты бөлігінен талшық алынады. Талшықтан мата шығарады. Бұл талшықтар талшықтан жасалған (лубяные) деп аталады. Олар тегіс, ұзын, тіке, берік және қалың болады. Зығыр сұр түсті. Өзіне тән жылтыр сұр түсіне қарай зығырды «солтүстік жібегі» деп атайды. Зығыр матасы берік, мықты, сол үшін оны техникалық маталар дайындауда қолданылады. Зығырдың Отаны – Ресей. Бұл өсімдік жарықты, ылғалды жақсы көреді, жеңіл аяздардан қорықпайды. Зығыр матасының түрлері: зығыр матасы(льняное полотно), зығыр бәтесі (льнярой батист), кенеп (парусина).
Мактаны алғашқы өндеу Зығырды алғашқы өндеу
Матаны шығарудың ең алғашқы сатысы – талшықтардан жіп жасау.
Талшықтан жіп шығару процесін ИІРУ деп атайды. Дайын болған жіп тоқыма фабрикасына түсіп, одан тоқу станоктары мата шығарады. Матаның ұзына бойымен орналасқан жіпті НЕГІЗГІ жіп, ал көлденеңінең жатқан жіпті АРҚАУ жіп деп атайды. Матаның екі жағындағы тарқатылмайтын шеттерін – ЖИЕГІ дейді.
Матаның екі жақ беті бар: оң және теріс. Оларды матаның бетіне түскен суреті, түсі, бетінің жылтырлығы арқылы анықтайды.
ІҮ. Сарамандық жұмыс: Матаның негізгі және арқау жіптерін анықтау.
Құралдар: қайшы, пинцет, сызғыш.
Жабдықтар: жиекті және жиексіз мата үлгілері, лупа.
Оқушыларды жұмыстың орындалу технологиясымен таныстырып талқылау. Зерттеу нәтижесі бойынша 3 кестені толтыру. Ағымдағы нұсқаулық.
- жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру;
- техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;
- үлгерімі жақсы оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.
Ү. Материалды бекіту.
Пысықтауға арналған сұрақтар.
Не? – (мақта, зығыр)
Қандай? –(ақ, мықты, бір жылдық, жұмсақ т. б.)
Не істейді? (киім кешек, тосек орын, жиһаз, төсеніштер т. б.)
Сойлем............
Жұмыс............
ҮІ. Соңғы нұсқаулық.
- Сабақты қорытындылау.
- Қателіктер мен оның себептеріне талдау жасау.
- Баға қою.
ҮІІ. Үйге тапсырма. Мата түрлерінен үйде коллекция жасау.
ҮІІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тігін машинасын жұмысқа дайындау

Тігін машинасын жұмысқа дайындау

Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді. Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді, тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы...
Тігін машинасының шығу тарихы

Тігін машинасының шығу тарихы

Тігін машина түрлерін анықтау. Тігін машинасының құрылысы Сабақтың жалпы мақсаты: машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру,...
Жыл басы Наурыз

Жыл басы Наурыз

Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Халқы сүйген мейрамды Қарсы алайық Наурызды!...
Химиялық талшықтар. Химиялық талшықтардың қасиеттері. Жасанды және синтетик ...

Химиялық талшықтар. Химиялық талшықтардың қасиеттері. Жасанды және синтетик ...

Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Бекболатова Алия Қалиқызы...
Тігін машинасының құрылысы

Тігін машинасының құрылысы

Сабақтың мақсаты: а\оқушыларға тігін машинасының құрылысы, түрлері туралы түсінік беру. ә\оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×