Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгелдеу.
Тренинг: «Қимылын көрсет» ойыны. Оқушылар аталған аң, құс жануар қимылдарын салып, көңіл - күйлері көтеріледі.
Белсенді оқу «Серпілген сауал» әдісі.
Өткен тақырыпты қайталау: «Серпілген сауал» әдісі - арқылы өткен тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға жəне талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында бірінен - біріне сұрақтарды «лақтыру»
1. Сәндік қолданбалы өнер туындыларының қандай ұқсас ерекшеліктері бар?
2. Ұлттық ою - өрнектердің қандай түрлерін бар?
3. Кілем тоқуда, киім тігуде қандай ою - өрнектер қолданылады?
4. Ұлттық ою - өрнектің гүл бейнелеріне не жатады?
5. Мотив, ырғақ дегеніміз не?
6. Ою - өрнекпен айналысатын қандай атақты шеберлерді білесің
ҚБ: Мадақтау
Қолөнер бұйымдарының суреттері бойынша топқа болу.
Белсенді оқу «Ойлан тап» әдісі
1. Сүйегі бар, еті жоқ,
Көзі бар, беті жоқ. (ине)
2. Сызылған жолға түседі,
Бойына шақ қып пішеді. (қайшы)
3. Мылжа басты,
Мың көзді. (оймақ)
«Сөйлемді толықтыр» әдісі
4 К.......... көз сызып,....... тігеді,.... сынайды.
(ҚБ) «Басбармақ» әдісі
Мақалды негізге ала отырып жаңа сабақ тақырыбымен ұштастыру.
Жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын түсіндіру. (Т) Саралау: Диалог және қолдау.
Белсенді оқу «Зерттеушілік әңгіме»
Оқушылар тақырып бойынша интернет желісіннен қажетті ақпараттарды қолдану арқылы топта талқылайды,
І топ
Көркем кестелеу түрлері мен тәсілдерін анықтайды
ІІ топ Материалдар мен құралдар түрлерін анықтайды
ІІІ топ Сәндік көркемдеу мотивтерін анықтайды.
(МК) Мұғалімнің көмегімен оқушылар көркем кестелеудің белгілері арқылы жіктеу жасайды.
Дескриптор:
• көркем кестелеу түрін ажырату;
• Материалдар мен құралдар түрлерін жіктеу
• көркем безендіру түрлерін сипаттау.
(ҚБ) « Екі жұлдыз, бір ұсыныс».
(Ұ) Саралап оқу: Белсенді әдіс «Топтық жұмыс»
Оқушыларға тақырып бойынша бейнежазба көрсетілімі мен көркемдік кесте түрлерінің бейне кескіндері ұсынылады, топта тігіс түрлері, ерекшелігі қарастырылады.
Дифференциялдық ресурстар:
А Ұлттық көркем кестеде қолданылатын тігіс түрлерін сипаттайды.
В. Тігіс түрлерін салыстырып, ерекшелігін ажыратады.
С. Көркем кестелеу түрлерінің қазіргі бұйымдарда қолданылуы туралы өз пікірімен бөліседі.
Дескриптор:
• Көркем кестеде қолданылатын тігіс түрлерін біледі.
• Тігіс түрлерінің ерекшелігін ажыратады.
• көркем кестелеу бағыттарын таңдайды.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі
(МК) (Т) Бірлескен оқу (дерек көздерімен жұмыс)
Оқушылар көркем кесте түрлерінің қолдануын тәсілдерін, ерекшелігін саралап постер дайындайды.
І топ Көркем кестедегі безендіргіш тігістер.
ІІ топ Дәстүрлі және заманауи кесте түрлері салыстыру.
ІІІ топ Кесте тігуде қолданылатын заманауи
техникалар.
Дескриптор:
1. Көркем кестедегі безендіргіш тігіс түрлерін жіктейді.
2. Тігіс түрлерін ерекшелігін анықтайды
салыстырады
3. Кестелеуде қолданылатын құрылғылар мен техникаларды біледі.
(ҚБ) «Смайлик» әдісі
Диалог және«БЖК» әдісі
1. Біз бүгінгі сабағымызда қандай өнер туындыларының ерекшеліктерін анықтадық?
2. Қандай көркем кесте түрлерін білдік?
3. Кестелеуде қандай материалдар мен құрал - жабдықтар қолданылады?
4. Кестелеу өнерінің қазіргі қоғамдағы ролі қандай?
Рефлексия «Көз, құлақ қол» әдісі
Көзбен көру арқылы не білдік?
Құлақпен есту арқылы не түсіндік?
Қолмен жұмыстану арқылы не меңгердім?
Көркем кестелеу. Кесте түрлер. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу.
- Умбеткалиевна
- 26 қаңтар 2020
- 4463
- 0
- 0
Ілмек сөздер: кесте түрлері, көркем еңбек пәні сабағы бойынша сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Кілем тоқу материалдары мен құрал-жабдықтары
9. 1. 6. 4 - Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын қолдану бойынша өзіндік (оригиналды) шешімдерді ұсыну...Сәндік үй бұйымдарын көркем кестелеу
Нәтижесі: Өздіктерінен үй бұйымдарын кестелеп, әсемдей алады.. Әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді. Қажет кезінде айқас тігіс түрін орындай алады....Кесте тігу
Кесте – қазақ халқының көнеден келе жатқан қолөнерінің бір түрі. Ол сан ғасырлар бойына халқымыздың көркем қиялы мен шеберлік құдіреті бейнеленген...Кесте тігістерінің түрлері
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...Кестелеу – қазақтың қолөнерінің негізгі өнері
Жезқазған қаласындағы, Жалпы білім беретін №21 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Ардак БАЛАБИЕВА...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.