Сайтқа кіру Тіркелу

Диалог арқылы оқытудың маңызы

Диалог арқылы оқытудың маңызы.
Күнделікті сабаққа дайындалу барысында, мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін тиімді, қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеуге жұмсайды. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға білім не үшін керектігін түсінуге, жеке ойлауын және сол ойларын жұмыс барысында зерттеуге, орындайтын міндеттерінің орындалу стратегиясын ойластыруға, нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияны таңдауға көмектеседі. Балалардың қалай оқитындығын назарда ұстайды.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. (Нұсқаулық 39 бет)
Мен тәжірибемде жеті модульдермен толық таныса отырып, бақылауымның негізіне диалогтік оқыту әдісін алдым. Сынып оқушыларының сөздік қорын әр түрлі деңгейдегі сұрақ қою арқылы дамытып отырамыз. Бұл әдіс күнделікті сабақтарда да қолданылады. Дәстүрлі сабақта мұғалім бірінші болып сұрақ қойып, оқушыдан жауап аламыз. Мысалы: Барлық оқушыларға ортақ сұрақ қоямыз, оқушылар қол көтеріп жауап береді, қол көтермегендер болса балалардың алдыңғы сабақтарының баға қорына қарап, баға қоры аз оқушылардан сұрай бастаймыз. Дарынды оқушылар сұрақтарға қиналмай жауап берсе, үлгерімі төмен оқушылар орнынан тұрып сенімсіздікпен жауап береді. Менің де күнделікті сабақтарым сұрақ қою мен жауап алудан басталатын. Бағдарламамен танысқаныма дейін жоғарыда келтірілген мысалдарға сәйкес орындалатын. Жауап дұрыс емес болғанда сұрақ қоюшы оқушы немесе мұғалім өзі жауап беретін. Баланың сұрақтың жауабын өзі ізденуіне жағдай туғызбайтынмын. Бірақ бағдарламамен танысқаннан кейін мен өзімнің сабағымдағы сұрақ қою мен жауап алу үдерісіне өзгерістер енгіздім. Балалардың ойлау қабілетін барынша дамыту үшін, проблемалық сұрақ қою арқылы, ойлау дағдыларын қалыптастыратын сұрақтар дайындау арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруға болатынын ұқтым. 9 сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстандық парламентаризм. 1995жылғы Конституция» тақырыбында жоспарлаған сабағымды өткіздім. Бұл тақырыпты дәстүрлі сабақтардан ерекшелеу және оқушылардың сыни ойлау қабілеттіліктерін арттыру мақсатында «ой қозғау» әдісі арқылы, тақырыпты болжаттым. Ой қозғауда қанатты сөздерді пайдаландым. Тәртіпке бас иген құл болмайды. (Б. Момышұлы). «Балам бол басқа бол - бәріңе заң біреу - ақ» “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ”(Ж. Баласағұн).“Халықтар! Жақсы заңдардан гөрі алдымен жақсы әдеттерің болсын, жақсы заңдар жақсы әдеттерден туады.(Пифагор).
“Заңдар әділетті болса, адамдар әділ болады”
( Ж. Ж. Руссо) - деген қанатты сөздер арқылы оқушылар сыни тұрғысынан ойлай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбының Конституция туралы болатынын болжады, мақсатын айқындады. Диалог әдісін «Сайлау туралы жаңа кодекстің қабылдануы» туралы тақырыпшада пайдаландым. Сабақ барысында өзара сұрақ қою, жұппен жұмыс жасаудың бір тәсілі «ұғыну» әдісін қолдандым. Екі оқушы оқулықтың әрбір азат жолдан кейін тоқтай отырып мәтінді оқиды, содан кейін бір - біріне оқығанының мазмұны бойынша әртүрлі деңгейдегі сұрақтар қойып отырды. Мысалы:
1. Президент 1993 жылдың 9 желтоқсанында қандай Жарлыққа қол қойды?
2. Жаңа Кодекс бойынша, Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесінің құрамы неше депутаттан тұратын болды?
3. Оның 42 - сін кім тағайындайды? т. б.
Нәтижесінде оқушылар оқулықты пайдалана отырып, сұрақтар дайындауда, сұрақтарға жауап беруде белсенділік танытты.
Оқушылардың өздеріне берілген тапсырма төңірегінде ізденіп, дайындалып, Мерсердің «Диалог арқылы оқыту» әдісін пайдалана отырып, бір - бірінің ойларын толықтырды. Диалог және визуалды көрсету негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және олардың өзіндік ой – пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш - жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады(Нұсқаулық 40 бет) деген ұстанымына сүйене отырып, 9 - сыныпта сабақ барысында жеке, топпен және жұппен жұмысты ұйымдастыра отырып сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту әдісін кіріктірдім.

Сабақ барысында оқушыларға диалогтік оқыту арқылы ойлау қабілеттерін дамытуға болатынын түсіндім. Оқушылар диалог арқылы бір - біріне сұрақты дұрыс, нақты қойып үйренеді және сұраққа ғылыми тілде жауап беруге жаттығады. Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту оқушылардың сөйлеу мәдениеті, ойын еркін жеткізу, сұрақтарды дұрыс қоя білу, жауапты нақты, ғылыми тілде айтуға жетелейді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер...
Диалогтік оқытудың әдістерін сабақта тиімді қолдана аламыз ба?

Диалогтік оқытудың әдістерін сабақта тиімді қолдана аламыз ба?

Коучинг барысында пікірлесе отырып, диалогтік оқыту туралы түсініктерін кеңейтеді...
Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Мақсаты: Диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру....
«Дінтану негіздері» пәнінде диалогтік оқыту                                 ...

«Дінтану негіздері» пәнінде диалогтік оқыту ...

Мақсаты: 1. Мұғалімдерге Дінтану пәнінде диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. 2. Сабақ үрдісіндегі...
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Бүгінгі таңда егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×