Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлы Жібек жолы

Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Ертедегі сауда жолдарының бағыттары мен оның бойындағы гүлденген мәдениет ошақтарының дамуын бүгінгі күндегі жағдайымен салыстыра отырып бағалау.
Тәрбиелік: Заман талабына сай оқушыларды еңбексүйгіштікке, білімді болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Суреттер, электронды оқулық, кесте, слайд.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды үш топқа бөлеміз.
І топ «Күлтегін»
ІІ топ «Тоныкөк»
ІІІ топ «Түрік қағанаты»
II Үй тапсырмасы.

1. Сызбаны толтыр:
Қағанат халықтарының негізгі кәсіптері

2. Әріптерді дұрыс қойып, табылған сөздің анықтамасын айту.
1. ғ а Қ а т а н
2. а Қ ғ н та
3. ш и А н а
ІІІ Жаңа сабақ жоспары:
1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы.
2. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен Қазақстан қалалары.
3. Ұлы Жібек жолы сауда және халықаралық қатынастар жолы.

Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты “Жібек жолы” атанғаны түсінікті. Ал “ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол “Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б. з. б. II - I ғасырларда үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым - қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде солардың араларында жасалған сауда да қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс түрік қағанатының және оның нөкерлерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл - VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға тән болған кезеңі.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзеннің аңғарындағы аймақтан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік – батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп, екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Қара теңіздің солтүстік – шығыс жағын айналып, Еуропаға қарай өткен.
Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта жанданып отырған.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу, Мерв, Бұхара, Самарқан, Үргеніш, Отырар, Сырғанақ, Сайрам, Созақ, Сауран, Тараз, Баласағұн, Талхиз қалалары арқылы өткен. Осы керуен жолымен тасылатын тауарлардың бір бөлігі қазақ даласында қалып отырған.

1. Ұлы Жібек жолы Қазақстан арқылы төрт бағытпен жүрген
2. Әлемдік діндердің пайда болуы
Сабақты бекіту:
«Домино» ойыны
“Көш керуен” ойыны
1. Неліктен бұл жол Жібек жолы деп аталады?
2. Ұлы меридианалды жол қандай бағыттарды байланыстырады.
3. Ұлы Жібек жолы қай ғасырларда өз маңызын жоя бастады?
4. Ұлы жібек жолы қай елден басталып, қай елмен аяқталады?
5. Ұлы Жібек жолы тек сауда ғана емес, мәдениеті де таратушы жол дегенді қалай түсінесің?
6. Ұлы меридианалды жол туралы не түсіндің?

Сабақты бекіту.
Топтық жұмысты қорытындылау.
Бағалау

Үйге тапсырма: Ұлы Жібек жолы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×