Сайтқа кіру Тіркелу

ХҮІІІ ғ. Қазақстанды ресейлік ғалымдардың зерттеуі

8 - сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: ХҮІІІ ғ. Қазақстанды ресейлік ғалымдардың зерттеуі.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ХҮІІІ ғ. патша үкіметінің Қазақстанның географиясын, тарихы мен этнографиясын зерттеуі және оған қатысқан орыс зерттеушілері мен ғалымдары туралы білім беру.
Оқушылардың ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттыру;
Өз елін, жерін сүюге үйрету, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: интерактивті
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс, өз бетімен жұмыс, оқулықпен жұмыс, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарттар, маркерлер, стикерлер, магниттер, оқулық, бор, ХІХ ғ. картасы, т. б.
Пәнаралық байланыс: география, дүние жүзі тарихы, әдебиет т. б.

І. Ұйымдастыру: « Автопортрет» ойыны. Шарты: сипатталған жеке тұлғаны тану.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Ыстық орындық» ойыны. Бір оқушы «ыстық орындыққа» отырады. Қалған оқушылар сұрақтар қояды. Егер оқушы жауабы қате болса, «салқын», ал дұрыс жауап берсе, «ыссы», жартылай дұрыс жауап берсе, «жылы» дейді. Ойын бірнеше оқушы жауап бергенше жалғасады.

Оқушыларды 4 топқа бөлу: картиналарды құрастыру арқылы. Оқушылардың алдарындағы бағалау парағын толтырып отыру тапсырылады. (әр топ келесі топты бағалайды).
Топ ережесін құру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары:
1. Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми зеттеуінің белсенді зерттеле бастауы:
1/. М. В. Ломоносов
2/. И. Г. Георги
3/. И. К. Кириллов
4/. П. И. Рычков
5/. И. Г. Андреев (1743 - 1801)
6/. А. Д. Скалон (1720 - 1777)
7/. И. П. Фальк (1732 - 1774)
8/. П. С. Паллас. (1741 - 1811)

Кіріспе сөз: - ХҮІІІ ғ. патша үкіметі Қазақстан тарихын, этнографиясын, географиясын белсенді зерттеу жүргізді. Кіші Жүз бен Орта Жүз қазақтарының үлкен бөлігінің Ресей қол астына өтуіне байланысты күшейе түсті. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелер мен жеке ғалымдар да айналысты. Ресейлік көптеген ғалымдар қазақ ауыз әдебиеті, генеологиялық және этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектер жазды.

Топтық жұмыс: тақтаға 4 тұлғаның портреті жасырылады. Оқушылар таңдап алған орыс зерттеушілері туралы сызба, постер толтырады.
Мыс: 1 - топ: М. В. Ломоносов
2 - топ: И. Г. Георги
3 - топ: И. К. Кириллов
4 - топ: П. И. Рычковтың Қазақстанды зерттеуі туралы мәліметтерді флипчартқа орындайды. Интернет материалдарын қосымша пайдалану. 7 - мин. уақыт беріледі. Әр топтан бір оқушы шығып, таныстырады. Картамен жұмыс.
Әр оқушының қорғауынан кейін қол шапалақтайды және бірін - бірі бағалайды. (өз ойларын айтады,, алдарындағы бағалау бетшесіне баға қояды және стикерлерге "2 жұлдыз, бір тілек" жазып, жұмыстарының үстіне жапсырады).

«Тұлғаны таны»:
П. С. Паллас
И. П. Фальк
И. Г. Андреев
А. Д. Скалон туралы 1. мәліметтерді тақтаға сызбаға түсіру.
2. ауызша портретін жасау.
Логикалық сұрақ: - Қазақстанды ғылыми зерттеуде патша үкіметі қандай мақсат көздеді?

Жеке оқушымен жұмыс:
1. Тақырыпқа байланысты ребус құрастыр.
2. Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастыру
3. Картамен жұмыс. Орта Азия хандықтарын көрсету.

Оқушы білімін бекіту:
- Бір топ екіншісіне сұрақтар қойып, жауаптасады.
Кері байланыс: оқушылар бүгінгі сабақта не ұнады, және тілектерін стикерлерге жазып, тақтаға жапсырады.

Бағалау.
Үйге тапсырма:
Ғалымдар туралы қосымша деректер жинап келу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Еуразия материгінің географиялық орны, қоныстануы және зерттелу тарихы

Еуразия материгінің географиялық орны, қоныстануы және зерттелу тарихы

Еуразия материгі, қоныстануы және зерттелу тарихы туралы түсіну, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту....
XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті мен қазақ әдебиеті

XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті мен қазақ әдебиеті

Оқушыларды XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, орыс және шетел ғалымдарының зерттеулерімен, олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және...
Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті

Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті

Сабақтың мақсаты: Білімділік: ХҮІІІ ғасыр Қазақстандағы ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру,...
ХҮІІІ ғ. Қазақстанның  рухани мәдениеті

ХҮІІІ ғ. Қазақстанның рухани мәдениеті

Атырау қаласы, Атырау селосы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жаленова Ақмарал Қайыпқалиқызы...

"ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті"

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Дузелбаева Гулнар Жамалбекқызы ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×