8 - сынып. Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: ХҮІІІ ғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: - ХҮІІІ ғ. қазақ әдебиетінің дамуы мен оның көрнекті өкілдері, тарихи әңгімелер мен шежіренің, саз бен айтыс өнерлерінің дамуы, ғасыр соңында ашылған мектептер туралы білім беру;
Тәрбиелік: - Жас ұрпақты ұлттық мәдениет жауһарларымен таныстыра отырып, бабалардың ұрпаққа аманат етіп қалдырған асыл мұраларын қастерлеп, қадірлей білуге және патриотизмге тәрбиелеу;
Дамытушылық: - оқушылардың топпен жұмыс жасай білу және өз бетімен оқып - үйрену дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ
Сабақтың әдісі: белсенді оқыту әдістері: интерактивті тақтамен, сайттармен, оқулықпен жұмыс, баяндау, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері, сұрақ - жауап, сауалнама, т. б
Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеороликтер, слайдтар, суреттер, ХҮІІІ ғ. Қазақстан картасы, флипчарттар, маркерлер, стикерлер, магниттер т. б.
І. Ұйымдастыру бөлімі: Ойын: « Мен және менің әлемім». Шарты: оқушылар өзіне ұнаған фигураларды таңдайды.
Мұғалім әр фигураға берілген мінездемені оқып береді.
Оқушыларды топқа бөлу: музыкалық аспаптардың суреттері бар бірдей конфет қағаздары арқылы таңдаған оқушыларды бір топқа біріктіру.
Топ ережесін оқушылармен бірге құру.
ІІ. Оқушы білімін тексеру: «Кубик» ойыны.
• Материалдық мәдениетке байланысты ұяшықтарда суреттер және видеороликтер арқылы сұрақтар жасырылады. Оқушылар кезекпен ұяшықтарды ашып, ол бойынша не білетінін айтады.
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары: (Слайдтан көрсетіледі): интернеттен «presi. com» сайтына құрылған презентация.
1. ХҮІІІ ғ. қазақ халқының рухани мәдениеті.
1/. Бұхар жырау Қалқаманұлы (1668 - 1781).
2/. Ақтамберді Сарыұлы (1675 - 1768)
3/. Тәтіқара жырау (1705 - 1780).
4/. Үмбетей Тілеуұлы (1706 - 1778).
5/. Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) (1748 - 1819).
2. Тарихи әңгімелер.
3. Шежіре.
4. Саз өнері және айтыс.
5. ХҮІІІ ғ. соңында ашылған мектептер.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Жыр - дастан, ұзақ өлең, эпикалық жырлар. Оны жаттап айтушыларды - жыршылар деп атайды. Ал Жыраулар деген кім? Олардың жыршылардан қандай айырмашылығы бар? (оқушылардың жауабы). Жыраулық өнер - Қазақ хандығының құрылуына байланысты өркендеген.
- ХҮІІІ ғ. қазақ халқының мәдениет тарихында ерекше орын алады. Көшпелі өмір салты жағдайында халықтың ауыз әдебиеті, жыраулық дәстүр, музыка өнері ерекше дамыған. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі, патша үкіметіне қарсы ұлт - азаттық қозғалысы сол кездегі ақын - жыраулардың өзекті тақырыбына айналды. Қазақ әдебиеті тарихында Ақтамберді Сарыұлы, Бұхар жырау Қалқаманұлы, Тәтіқара, Үмбетей Төлеуұлы сияқты көрнекті ақындары мен жыраулары ерекше орын алды. Сіздерге тапсырма, әр топ 3 - 5 минут ішінде осы жыраулардың әрқайсысы туралы өз бетімен ізденіп, жауап беретін боласыздар.
1 - топқа: Бұқар жырау Қалқаманұлы туралы топтастыру құруға тапсырма беріледі. (4 - 5 мин). Топ оқушылары жұмыстарын қорғайды және Бұхар жыраудың толғауларынан үзінді оқиды.
Ақтамберді жыраудың толғауы жазылған видеоролик жіберіледі.
2 - топқа: Ақтамберді жырау туралы постер құру:
«Ақтамберді жыраудың толғауы» видеосын көру. (Бекболат Тілеуханов орындауында). Топ оқушылары жұмыстарын қорғап, жыраудың толғауларынан үзінді келтіреді.
3 - топқа: Тәтіқара жырау туралы топтастыру тапсырмасы: топ оқушылары өздерінің жұмыстарын қорғайды және Тәтіқара жыраудың толғауынан үзінді оқиды.
4 - топқа: Үмбетей Тілеуұлы туралы сызбаларын бір оқушы шығып, қорғайды және толғауларынан үзіндіні мәнерлеп оқып береді.
Блум таксономиясы бойынша жаңа сабақты талдау:
1 - модуль. Білімділік.
1. Аталған жыраулардан басқа ХҮІІІ ғ. қандай суырып салма ақындар өмір сүрді?
2. Шал ақын – кім?
3. Қай жылдары өмір сүрген?
4. Қандай жырларын білесіңдер?
5. Тарихи әңгімелер дегенді қалай түсінесің?
6. Тарихи әңгімелерді кім айтты?
7. ХҮІІІ ғ. тарихи әңгімелердің тақырыбы қандай?
8. Шежіре деген не?
2 - модуль. Т үсіну.
1. Қазақ халқы неліктен жазба әдебиетінен гөрі ауыз әдебиетіне баса назар бөлді деп ойлайсыңдар?
2. Тарихи әңгімелер қазақ халқы үшін қандай маңызға ие болды?
3. Ата - бабаларымыз үшін шежірені білуге қандай маңыз берді?
4. Осыған байланысты халқымыздың қандай мақал - мәтелін және жөн - жоралғысын білесіңдер?
5. Қай кезеңде шежіре жазбаша сипат ала бастады? Неліктен?
6. Оған кімдер үлес қосты?
3 - модуль. Қолдану.
1. Тарихи әңгімелер мен шежірелердің қазіргі кезде маңызы, рөлі бар ма? Қандай?
2. «Шежіре қоғамды әлеуметтік реттеп отырушы қызметін атқарды» дегенді мысалмен түсіндіріп беріңдер.
4 - модуль. Талдау.
1. Ақындық пен жыршылықтың ұқсас және ерекше жақтарын атаңдар
5 - модуль. Қорыту, жинақтау.
1. Қандай тарихи әңгімелер, хисса, дастандар мен жырларды білесіңдер?
2. 81 - беттегі құжат материалын оқып, сұраққа жауап беру.
6 - модуль. Бағалау.
- Сіздерді осы тақырыпта не қызықтырды?
- оқушыларға өздері қызыққан тақырыптарға байланысты шығармашылық тапсырма беру).
Жеке оқушымен жұмыс:
1.- Ақын деген кім? Қазіргі кездегі қандай ақындарды білесің?
2.- Күй туралы айтып бер. Қандай күйлерді білесің? Авторлары кім?
*Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең деп,- ұлы Абай атамыз айтқандай, халықтың әрбір сәті - әнге, күйге толы. Халық әні: « Балапан қаз» әніне түсірген клипті тамашалауды ұсынамын.
Сұрақтар:
● Бұл қандай ән? Тақырыбы қандай?
● Келін түсіру, қыз ұзату тойларында т. б. жағдайларда орындалатын қандай басқа да әндерді білесіңдер?
● Айтыс деген қандай өнер, ол туралы не білесіңдер?
Активстудиодағы вен диаграммасын (ән мен айтыстың ерекшелігі мен ұқсас жақтары туралы ) толтыру.
5. «Даталар сөйлейді»:
1789ж.
Омбыда азиялықтарға арналған үкіметтік мектеп ашылды.
1765ж.
Генерал Шпрингер Омбыда, Петропавлда, Жәмішевте горнизондық мектептер ашты
*Картамен жұмыс.
Сұрақ: - ХҮІІІ ғ. т патша үкіметінің қазақ жерінде зайырлы мектептер ашуын немен түсіндіруге болады?
- Ол мектептерде қандай тілдер мен пәндер оқытылды?
*Жеке оқушылардың жұмысын тексеру.
*Оқушы білімін бекіту:
*Testmoz. com/ сайтына құрастырылған сауалнама жұмысын орындау.(немесе сұрақтар жазылған парақтарды үлестіру).
*Оқушылар бүгінгі сабақ туралы стикерлерге өз ойларын жазып, бағалайды.
Үйге тапсырма: § 12.
Шығармашылық тапсырма: өз өлкемізде ХҮІІІ ғ. өмір сүрген ақын - жыраулар туралы деректер жинастырып, әңгіме құрастыру.
ХҮІІІ ғ. Қазақстанның рухани мәдениеті
- марала
- 31 қазан 2013
- 14923
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мәдениет, ХҮІІІ ғасыр, жыраулар, ақындар, Қазақстан тарихынан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Ақтамберді жырау
Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген жерде қайтыс болған. Жорық...Ақтамберді жырау
Ақтамберді жыраудың өмір жолынан мәлімет беру. Оқушыларды жыраудың толғаулары арқылы ерлікке, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ақынның...Сарыұлы Ақтамберді жырау
Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)...Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті
Сабақтың мақсаты: Білімділік: ХҮІІІ ғасыр Қазақстандағы ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру,...ХҮІІІ ғ. Қазақстанды ресейлік ғалымдардың зерттеуі
Атырау қаласы, Атырау селосы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жаленова Ақмарал Қайыпқалиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.