Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ашаршылықтың себептері мен зардаптарына тоқталу, қазақ еліне ашарлықтың қалай келгенін анықтау.
Дамытушылық: Өтілетін тақырыпқа сай материалдарды іздестіріп, іріктеп сабақ үрдісінде қолдана білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелілік: Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы.
Көрнекілігі: Тірек - сызба, карта, қоғам қайраткерлерінің портреттері, нақыл сөздер плакаттары, түсіндірме сөздік.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, қазақ тілі, қазіргі өмір, география.
Қолданылған әдіс – тәсілдер, технологиялар: Шаталов тірек - сызбасы, мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1) Оқушылардың қатысуы туралы ақпарат;
2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
3) Психологиялық жағдаят «Ашаршылық» сөзінің мәнін ашу. (түсіндірме сөздікпен жұмыс)
Жоспары:
1. Қазақтарды күштеп ұжымдастырудың зардабы.
2. Отырықшыландыру саясатының зардаптары.
3. Кәмпескелеу қалай жүргізілді.
4. Біздің өлкедегі аштық жайлы құжаттардан.
Қызылдар саясаты: Ұжымдастыру, Отырықшыландыру, Байларды тәркілеу, Байларды тәркілеу, ашаршылық 1931 - 1933ж.
Ұжымдастыру:
1927ж.
КП ХV съезі жариялады;
1929ж. ІІ жартысынан бастап жедел дамыды;
күштеп, жаппай;
1932ж. Көктемде аяқтау көзделді;
1931 ж. 65%
Жоспарланған үш жылдың
орнына үш күн ішінде
Отырықшыландыру
1933 ж. аяқтау
Шу ауданында 400 киіз поселке болып тігілді
Тәркілеу:
1928ж. 27 тамыз;
“Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай
феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару” декреті;
1 мыңнан астам жертылай феодал жер аударылды;
145 мың мал алынады;
1931 ж. 5500 отбасы жер аударылды.
Ашаршылық
• 1931 - 1933ж.
• Қырылу Адам – 2 млн. 100 мың, 40% Сәбилер - 72% 7 жасқа дейінгілер - 60% Мал – 40, 5 млн болды, 4, 5 млн қалды.
• Ауру, індет
• Қырғынға ұшырау 51 аудан
• Қоныс аудару 1 млн. астам адам 414 мыңы оралды, 616 мыңы келмеді.
• 1930ж. – 313 мыңнан астам
• 1931ж. – 755 мыңнан астам
• 1932ж. – 769 мыңнан астам қаза болды.
1930ж. 1 қаңтар – 1931ж. маусымға дейін 1 млн 70 мың адам басқа аумақтаға көшіп кетті. РСФСР – дағы қазақ ат саны 2, 5 есе, Өзбекстанда – 1, 7 есе, Түрікменстанда 6 есе, Тәжікстанда 7 есе, Қырғызстанда 10 есе өсті. Халық саны күрт төмендеп, керісінше Қазақстанда тек қазақтар емес, басқа ұлт өкілдері де азайды. Аштық пен аурулардан 1 млн 860 мың қазақ немесе ауыл халқының 40% құрады. Республиканың 6, 2 млн халқының 2, 1 млн адамы 1931 - 33ж. ж. ашылықта қаза болды. Қазақтар саны тек 40 жылдан соң ғана қалпына келді.
Торғай: Асыра сілтеу болмасын. 1 млн малдан 98 мың қалды
Шұбартау ауданы малдың 80% - ын өткізді.
Балқаш ауданы 297 мың малға салық салынды.
Сөздікті пайдаланып түсінік бер:
• Ұжымдастыру - қоғамдастыру
• Кулактарды қудалау - мал - мүлкінен айырып, Республикадан тыс жерлерге аудару.
• Тәркілеу - қандай да бір дүние - мүлікті мемлекет меншігіне ақысыз - пұлсыз тартып алу.
• Бай - кулак - дәулетті шаруалар, 1 - 2 бас ірі қара, 5 - 6 қойы бар шаруалар.
• Геноцид - Халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою.
• Трагедия - Апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға.
ТЕСТПЕН ЖҰМЫС
1. Қазақ байлары қашан тәркіленді?
а) 1937ж.; б) 1917ж.; в) 1940ж.; г) 1928ж.
2. Қазақстанда ұжымдастыру қалай жүргізілді?
а) күшпен; б) ерікті түрде; в) жоспарлы түрде; г) сатылы түрде.
3. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда қанша мал басы болды?
а) 40, 5млн.; б) 20млн.; в) 15млн.; г) 10млн.
4. Ұжымдастыруға қарсы көтеріліске қатысқандар саны қанша болды?
а) 50мың; б) 40мың; в) 80мың; г) 60мың;
5. Аштықтан, түрлі аурулардан және басқа жоқшылықтан болған адам шығыны?
а) ауыл халқының 20%; б) ауыл халқының 40%;
в) ауыл халқының 60 %; г) ауыл халқының 50%;
г) 1928
а) күшпен
а) 40, 5млн.
в) 80мың
б) ауыл халқының 40%;
Оқиғалармен даталарды сәйкестендіру
1929ж. Рысқұловтың соңғы хаты
1932ж. Аштық
1930 - 32ж. Ұжымдастырудың аяқталуы
1932ж. 17 қыркүйек Шаруалар көтерілісі
1929 - 31ж.“ Қазақстан ауылшаруашылығы және соның ішінде мал шаруашылығы туралы” қаулы
1933ж. наурыз Колхоз құрылысын қалыптастыру

“Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті”
Үй тапсырмасы: §10 - 11. «Ашаршылық – қазақ елінің қасіреті» тақырыбы бойынша «Мен не білдім?» атты ой - толғау жазып келу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
С. Торайғыров «Кедей» өлеңі

С. Торайғыров «Кедей» өлеңі

Сабақтың мақсаты: СТО технологиясын қолдана отырып, дамыта оқыту сабағын ұйымдастыру....
Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы

Қазақстанның 1920 - 1940 жылдардағы қоғамдық - саяси жағдайы

Шаруаларға қарсы және кулактар мен байларды жоюдағы сталиндік жазалау, «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау,...
Әдебиет пен өнер

Әдебиет пен өнер

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі: Әбуова Гүлназ...
Қазақстан ауылшаруашылығын ұжымдастыру

Қазақстан ауылшаруашылығын ұжымдастыру

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шолакова Райса Бабаевна Мақсаты: Білімділік: Қазақстандағы ауыл...
Бейімбет Майлин «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры»

Бейімбет Майлин «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры»

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы ЖББОМ мұғалімі С.Мамбеталиев...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×