Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі

7 сынып
§ 32 Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
1. Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Қазақ, алаш, жүз атауының шығуы мен мағынасы туралы ғалымдардың зерттеуі негізінде жан - жақты түсінік беру
Дамытушылық:
Оқушының өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру, ойлау қабілеттілігін дамыту.
Тәрбиелік:
Төл тарихының құндылықтарын білуге тәрбиелеу.
2. Сабақтың түрі:
Кіріктірілген сабақ
Технологиясы:
СТО, дамыта оқу
3. Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
4. Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, Ролдік көрініс,
5. Пайдаланылатын құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, жұмыс дәптері
8. Көрнекілігі: карта, тірек - сызбалар
9. Пәнаралық байланыс: география, Әдебиет, Өзін - өзі тану,
Сабақ барысы:
• Сабағымыздың жоспары.
• Қызығушылықты ояту.
• Қазақ атауының қалыптасуы
• Мағынаны тану
• Кесте бойынша түсіндіру
• Электронды оқулықпен жүздер\ң жер аумағын көрсете отырып түсіндіру.
• Ой толғаныс
• Семантикалық карта толтыру
• Үш жүздің әңгімесі
• Бағалау
• Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру.
- Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.
- Оқушыларды топқа бөлу, назарын сабаққа аудару
ІІ. Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау» әдісі бойынша оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі: Ауа көшкен ру - тайпалардың екінші бір жерде шоғырлануы, халықтың бірлігін нығайтқанмен, ауған, жерлердегі этносаяси бірлікті ыдыратады. Мәселен, Жетісу аймағандағы ру - тайпалардың Орта Азияға, Орталық Қазақстанға қарай көшуі Моғол хандығындағы этносаяси қауымдастықты әлсіретті. Әбілқайыр хандығы ру - тайпаларының жан - жаққа бытырауынан бұл хандық мүлдем жойылып кетті. Қалған бөліктері Орта Азияға дейін барып, онда өзбек қалауына себеп болды.
Суреттегі тұлғалардың бүгінгі өтетін сабаққа және өткен тақырыпқа байланысы бар. Осы жерде сурет көрсетіледі? Оқушылар өз ойларын айтады.?
КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК
(Кезінде Керей мен Жәнібек Әбілқайыр ханнан бөлініп, Жетісу жеріне қоныс аударуы нәтижесінде қазақ атауының негізін қалады, Керей мен Жәнібек сұлтандар төңірегінде шоғырланып, біріншіден Қазақ хандығының негізін салса, Екіншіден қазақ халқының этникалық құрамының күшеюіне мүмкіндік туғызды.).
ІІІ. Жаңа сабақ: §32 Қазақ Халқы қалыптасуының соңғы кезеңі.
Жоспары: 1. Қазақ, алаш сөздерінің мағынасын талдау.
2. Ғалымдар
3. Жүздер туралы толық мәлімет беру, шығу тарихы, аталу себептері, таңбасы
4. Үш жүздің айтқан сөзі.

Мағынаны тану кезеңі
1. (Интерактивті тақтадан тірек – сызба арқылы түсіндіру)

Электронды оқулықпен Жүздердің орналасуы жайлы түсіндіру

Әр рудың шығу тарихын білу
Кестемен жұмыс.
Ұлы жүз
Тайпалар Шығу тарихы Белгісі
Жалайыр, Дулат, Қаңлы, Ошақты, Сарыүйсін, Шапырашты, Сіргелі, Ысты, Албан, Суан, Шанышқылы. Елде Жанпоз (Жансақал) атты батыр, палуан кісі болыпты. Хан тойға аттанғанда....., біраз жүрген соң үлкен бұлақтан су ішіп, өріп бара жатқан бір үйір құлынды кездестіреді, олардың арасында жал құйрығы жерге тиетін айғырды көздері шалып қалады. Хан осы айғырды кім ұстаса, соған сыйлық беретінін хабарлайды. Жанпоздың астындағы жүйрік атты қуып жетіп Жанпоз жанаса беріп оның төбесіндегі кекілінен ұстайды да, артқа тарқан кезде екпінмен алдыға ұмтылған айғырдың жалы айырылып, шоқтығына жетеді.... содан жалайыр атанып кеткен екен.
Ошақты - Көне үйсіннің Ойсыл деген тармағынан тарайды. Ойсылдың отыз ұлының бірі Жаймамбеттің әйелі Қарашаш, хан Жәнібек жасаған қырғында Ошақты деген баласын аман алып қашып, Үйсілдің Бәйдібек байға барып паналайды. Сол қырғында ол бала бір ошақтың ішіне барып, тығылып қалған жерінен табылған екен, сондықтан оны Ошақты атанып кетіпті.
Орта жүз
Алты атадан тұрады, «Алты арыс» дейді; Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ. Уақ бір атадан емес әр елден аз - аздан жиналған ел, сондықтан уақ деп атаған деседі.....
Кіші жүз
Байұлы, Әлімұлы, Жетіру Адай дүниеге келгенде анасы өліп, Таздың емізулі шешесі оны бауырына басып, асырайды, Сондықтан Адай мен Таз туыс есебінде. Халық ауызында «Аққу менен қаз егіз», «Адай менен таз егіз»деген мақал сөз қалған.
Шөмекей ескі Шөміннен шығады (Чумын). ол Шөміннен – Шөмекей, Дойыт тарайды. Дойыт тілсіз мылқау болғандықтан Ағалары атаусыз - атсыз қалмасын деп, оның атын ұранға айналдырады. Шөмекейдің ұраны Дойыт.
Рулардың таңбалары, маңызы жөнінде қысқаша сипаттама беру.
Ой толғаныс
3. Семантикалық карта.
Дұрыс жауапқа “+” таңбасын қою.
Жүздер ҰЛЫ ЖҮЗ ОРТА ЖҮЗ КІШІ ЖҮЗ

рулар

3 ЖҮЗГЕ
КІРМЕЙТІН
РУ
ҚОЖА
ЖЕТІРУ
ЫСТЫ
ҚОҢЫРАТ

ҮШ БИдің әңгімесі: Көрініс көрсету.
ҰЛЫ ЖҮЗДІҢ ҚОЛЫНА ҚАУҒА БЕРІП, МАЛҒА ҚОЙ.
ОРТА ЖҮЗДІ ҚОЛЫНА ҚАМШЫ БЕРІП ДАУҒА ҚОЙ.
КІШІ ЖҮЗДІҢ ҚОЛЫНА НАЙЗА БЕРДЕ ЖАУҒА ҚОЙ ДЕГЕН.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

әр оқушының қорытынды пікірі тыңдалады.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма §32.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ хандығы

Қазақ хандығы

Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін – жерін қорғауға тәрбиелеу....
Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау; Оқушылардың логикалық ойлау,...
Қазақ хандары мен билері

Қазақ хандары мен билері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қазақтың атақты хандары мен ауызы дуалы билері туралы түсінік беру Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл...
Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығының құрылуы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Саламатова Алтынгүл...
Қазақ атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы

Қазақ атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы

Қазақ халқы этногенезі, этносаяси аумақтық тұтастығы туралы және қазақ жүздерінің шығу, қазақ халқының этностық құрамы мен бұлардың қандай...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×