Сабақтың тақырыбы: 1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сабақ мақсаты: 1. К. Қасымұлы бастаған көтерілісті зерттеу нәтижесінде - Қырғыз манаптарымен және Қоқанмен шайқасқан көтерілісшілердің әскери қимылдарына баға беру.
- Көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептері мен маңызын ашып көрсету.
- Өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау дағдыларымен дамыту.
- XVIII - XIX ғғ. ұлт - азаттық қозғалыстарды оқытуда, қосымша әдебиет - терді тарихи шығармаларды пайдалана отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конференция.
Сабақтың әдісі: ізденіс, зерттеу, пікір - талас, сұрақ - жауап, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, топтармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Кенесарының суреті.
2. 1836 - 1837 жж. К. Қасымұлы бастаған көтеріліс карта.
3. Құжаттар, кітапшалар, мерзімді баспасөз материалдары, нақыл сөздер.
4. Көтерілісті зерттеу жоспарының планшеті.
Ұқсас белгілері Ерекше белгілері
Көтерілістің алғышарттары мен себептері.
Көтерілістің мақсаты, сипаты, қозғаушы күштері.
Көтерілістің жеңілуі мен тарихи маңызы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Күй «Махамбет»- орындаған 10-шы сынып оқушысы Арын Абай.
Кіріспе:
Оқушылар, сіздер Махамбет Өтемісұлының «Махамбет» күйін тыңдаңыздар. Тәуелсіздік жолында күрескен батырлар Кенесары, Махамбет, Исатай батырлардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды, жаужүрек батыр, жерім, жұртым деп, зар еңіреп, боздап өткен боздақ - К. Қасымұлы. К. Қасымұлы жайлы оның өмірін, батырлығын біз болашақ ұрпаққа дарытуымыз керек.
Оқушылар тақырыпқа шолу жасайды/топқа бөлінеді: тарихшылар, әдебиетшілер, зерттеушілер, талапкерлер/.
Мұғалім:
1. Тарихшылар тобы: тақырыптың мән - жайын түсіндіреді.
2. Зерттеушілер тобы: картадан көтеріліс болған аумақты көрсетіп, шартты белгімен белгілейді.
3. Әдебиетшілер тобы: Кенесары жайлы мағлұмат береді. «Кенесары - Наурызбай» дастанын орындайды.
4. Оқушылармен жұмыс: «Ұлт санасын оятқан ұлы тұлға» деп Кенесары Қасымұлы жайлы сіздер қандай мағлұматтар бере аласыздар?
Оқушылар:
1 оқушы: К. Қасымұлы 1802 жылы қазіргі Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақ халқының ең көрнекті ханы. Абылайдың немересі болған, ол атасына еліктеген және соның жолын қуушымын деп есептеген. «Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күресемін»- деп ашық айтқан еді.
2 оқушы: Кенесары жаужүрек батыр, көрнекті қолбасшы, адамшылығы мол адам, халықты ұйымдастырушы, қайраткер, халық бостандығы үшін күрескер деген атаққа ие болған. Сондықтан К. Қасымұлын «Хан Кене» деп атаған. Ол бала күнінде - ақ қорқуды білмейтін батыл болған. Атпен жүріп, аң аулағанды ұнататын.
3 оқушы: Бұл өлке ол кезде Қоқан хандығының билігінде еді. Кенесары мұнда да тұрақтап қала алмады.
4 оқушы: Кенесары – азаттық қозғалысының қолбасшысы, оның ішінде қазақтың Ұлы жүзінің де әйгілі батырлары болды. Мысалы: Ағынай, Иман Дулатов, Жолман Тіленшиев және Бұғыбай. Бұған оның Ақмола бекінісін қалай алғаны дәлел.
5 оқушы: Кенесары өзінің дұшпандарына өте қатал болатын, ол өзіне зияны тимеген қарапайым адамдарға қолдан келгенше мейірімділік жасағанды жақсы көретін еді.
6 оқушы: Бұл өлке ол кезде Қоқан хандығының билігінде еді, Кенесары мұнда да тұрақтап қала алмады.
Оқушы:
К. Қасымұлының патша үкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, ол қару алып, күресуге бел байлады. Ол өзінің соңғы хатында 1825 жылдан 1840 жылға дейін патша үкіметінің әскерлері біздің ауылды 15 рет шауып кетті. Сондықтан біздер мұндай қысымға, талан - таражға шыдай алмай басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сөйтсе де тыныштық бермеді. Сол себепті мен К. Қасымұлы қаруланып алып, күресті бастауға аттандым депті.
Негізгі бөлім:
Мұғалім: І. Есенберлиннің «Хан Кене» еңбегін басшылыққа ала отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырамыз. Ілияс Есенберлин «Хан Кене» /тарихи толғамдар мен пьеса дастандар/, Алматы, «Жалын» баспасы, 1993 жыл. 266 бет.
1. Баяндама: Ермұқан Бекмахановтың еңбегі «Қазақ халқының Кенесары бастаған азаттық қозғалысы» /тарихи монографиядан үзінді/. «Хан Кене» Алматы, «Жалын» баспасы, 1993 жыл.
2. Баяндама: Жанұзақ Қасымбаев. «Митриат Киргизской степи» Правда и вымысел о восстании Кенесары Касымова.
3. Баяндама тақырыбы: «Кенесары - Наурызбай» дастан, І. Есенберлин. «Хан Кене» Алматы, «Жалын», 1993 жыл.
4. Баяндама: Доскей Әлімбаев. «Кенесары» поэмасы.
5. Баяндама: «Жамбыл Жабаев» есте қалған әңгімелерден үзінді.
6. Баяндама: Әбілмәжін Жұмабаев. «Жол айрығында».
7. Баяндама: «Кенесары Қасымұлы ерліктері».
8. Өлең: Естай Мырзахметов. «Сардаланың сардары».
Мұғалім:
« Өлді деуге бола ма айтыңдаршы
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»
Оқушылардың өз шығармашылығынан ой - толғаулар орындалады.
1 оқушы:
Кенесары сағындырған Сайын бабам,
Ежелден бәрі есте жайың маған.
Ерлігің бар, жігерің бар,
Тағдырдың талқысынан тайынбаған.
2 оқушы:
Ағаларым, бабаларым,
Мақтанышым айбыным.
Жаралған маңдайымның бағысың,
Таралған ер халқыма ерлігімен.
Бас иіп тұрғандай ғой саған далам.
Пед. ғ. д. профессор Т. Т. Тұрлығұл ағамызға арнау.
3 оқушы:
Аналарым, даналарым
Батырлығың тамсанғандай
Жалының бар қайсар жандай
Алыстан құлағыма үн келеді
Елім деп еміреніп ән салғанда
Бекмаханова Халима Адамқызына арнау
Қонақтарға осы шумақтар арналады.
Мұғалім: Талапкерлер тобы бүгінгі конференция сабағын қорытындылайды.
Тақтаға сабақ жоспары жазылған планшет бойынша оқушының алған білімдері тексеріледі, сұрақ қойылады.
Үйге тапсырма:
«Бүгін конференция сабағында алған әсерім», «Мені ойландыратын жағдайлар», «Кенесары менің идеалым», «Ер тұлғалы Кенесары» деген тақырыптарда тарихи шығармалар жазып келу.
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
- Гаухар84
- 10 ақпан 2013
- 15690
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс, тарих
Ұқсас жаңалықтар:
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының...Кенесары Қасымұлы көтерілісі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің» - демекші туған елдің тарихын, Кенесары Қасымұлы...1837-1847 жылдардағы К. Қасымұлының көтерілісі
Мақсаты: 1. К. Қасымұлы көтерілісін саралап, ол отарлық езгіге қарсы ең ірі көтеріліс екенін айқындап, тарихи маңызына сипаттама бере отырып, оның...Ақжолтай Ағыбай батыр
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин селосы, "Бейнеу мектеп - интернаты" бастауыш сынып мұғалімі...ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.