Сайтқа кіру Тіркелу

Абылай хан заманында

Абайтануға айқындама
Абылай хан заманында
Ел тарихы мен жер тарихы егіз. Сондықтан шегініс жасап, тарихқа үңіле отыралық. 1758 жылы Жоңғар мемлекеті тізе бүкті. Ал 1822 жылы патшалық Ресей қазақ тірлігін кері кетірген «Далалық Ереже» қабылдады. Міне, осы 1758 - 1822 жылдар арлығын қазақ ұмыта алмай «Абылай заманы» деп атаған. Оның «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» құт - берекелі уақыт саналғаны: қазақ тайпалары бос қалған жерлерге барып емін - еркінқоныстанды. Мал - жан еселеп өсті, мәселен, қазақтың саны бір миллионнан екі миллионға жетті. Бұқар жыраудың Абылайға:
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, жаным - ай,
Қайырусыз жылқы баққызған, ханым - ай,
Қалыңсыз қатып құшқызған, ханым - ай, -
дейтіні сол.
Абай тарихи еңбегінде: «Қазақтың бар қатты өсе бастағаны құба қалмақтың жұты бұзылған соң, осы Сарыарқаға орныққан соң ғана болса керек» деп өлшеулітарихи уақытқа жоғары бағасын берді. Бірақ мынаған қараңыз: патшалық Ресей батыста – Ор, шығыста – Алтай (ескіше Құлынды) даласында әскери бекіністер мен қала, казаческая станица соғуға жанталаса кірісті. Сөйтіп Ресей қапы қалған жоқ, қазіргі Орынбор облысы мен Алтайский край делінетін аймақтарды қарпып алып, өзіне қосты.
Сөз болып отырған кезеңде Тобықты руы қайда барды, қалай орнықты? Бұл да тағылымды, қызғылықты тарих. 1750 жылдары тобықты жұрты «аты жақсы даия» Сыр бойынан шығып, слы, нулы деп, көгі жайқалған Ор өлкесіне бет алған. Бірақ Кіші жүз қазағы мен башқұрт халық арасына орыс әскерінің сыналай кіріп, қала салғанын көріп - біледі. Шежірелі Сыр өлкесінде діни санасы қалыптасқан, мұсылмандық рухы мықты жұртқа бұл сұмдық болып көрінсе керек. Ел басшылары кеңесе келе, көштің басын күншығысқа – мол сулы дария Ертіске қарай бұрады. Бірақ Орта жүз де орысқа қарамақ болды дегенді естігенде, Дадан Тобықты Қараменде би жарықтық Кеңгірбай биге сәлемін былай деп жолдаған екен:
Басында Сырдан шығып Орға келдік,
Табан тиіп жүре алмай зорға келдік.
Құл алдында құрулы талқы деген,
Бұл жаққа баққа келмей, сорға келдік.
Сәлем де Кеңгірбайға, кел, кетелік,
Мықты сабаз атанды терлетейік.
Мұсылманның жұртына маңдай қойып,
Аты жақсы дариядан ары өтейік.
Бидің бұл сәлемі бізге жеткен сол дәуірдің хаты есепті. Ол Тобықтының ауа көшкен жолы ауыр да ерлікке толы болғанын паш етеді. Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз - қазақ һәм хандар шежіресі» кітабынан бір үзіндіні келтіре кетелік: «Біздің тобықты Орынбаордың бергі жағында Ордың қара ағашына барған, онан да әрі барған Кіші жүз қазағы орысқа қарамақ болыпты деген соң, сонан қорқып тобықты көшіп, Ырғыз, Торғай өзендеріне келген, сонда біздің 4 - атамыз Ырғызбай мен інісі Торғай туып, аттарын сол өзен атымен қойыпты».
Кеңгірбай би мен Мамай батыр бастаған Тобықты көші Шыңғысқа 1780 жылдар шамасында жетсе керек. «Бұл кезде, - деп жазады шежіре қария Бекен Исабаев, - Шыңғыстың ішін – Найман, сыртын – Керей, бауырын – Уақ, батысын – Арғындар алған. Кеңгірбай алдымен өз туысы Арғынмен айтыса - тартыса жүріп, Шаған өзенінің бойын алған. Онан кейін Уақты қуып, Шыңғыстың бауыр жағын алған. Онан соң «Үш балапан» аталатын Бөкенші, Хан, Қарауыл өзендерін Матайдан босатып, Шыңғыс сыртындағы Барлыбай өзенін Найманнан, арғы жайлауын Керейден босатып алған».
Абайға «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім» немесе «мен ішпеген у бар ма» дегізетін себептің бірі – осы жер дауы болғаны белгілі.
Әсілі, Кеңгірбай бидің билікті өз ұрпағына емес, Өскенбайға қалдыруы әулиелік пен алысты болжағыш көрегендікке баланады. Шыны сол, Құнанбай аға сұлтан болған 1850 - 1853 жылдары Тобықты елі Шыңғстау өңірін толықтай иеленуге мүмкіндік алды. Олжайдан тараған үш ата (Айдос, Жандос, Қайдос), оларды ел «Үш Олжай» дейді, Тобықтының құйқалы өлкесі, ортаңғы тұсына жайғасты. Шұрайлы қорықтар мен бұлақ, өзендерді, әсіресе Ырғызбай әулеті молынан басты (жері ұлғайған әулеттің мал - жаны да тез көбейіп, өзгелерден мойны озады). Екіншіден, береке - бірлігі арқасында, Мұхаң (М. Әуезов) сөзінше, «кішкене шеңбері берік болған соң» Ырғызбай шетінен бай боп алды. Бірақ көбісі «бірі қырт, бірі дарақы мақтаншақ, бірі ұрда - жық даңғой» атана бастайды.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ әдебиеті әлемінен

Қазақ әдебиеті әлемінен

«Бердіқожа батыр» – тарихи жыр. Жырда қалмақтарға қарсы соғысқа аттанып бара жатқан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Боранбай, Барақ, Керей...
Абайтануға айқындама: Ақынның шыққан тегі

Абайтануға айқындама: Ақынның шыққан тегі

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының ататегі – Орта жүздегі Тобықты руының көшін бастаған тарихи тұлғалар. Бесінші атасы Олжай, оның үш ұлы: Айдос, Жандос...
Қазақ тілі 10 сынып. Диктант

Қазақ тілі 10 сынып. Диктант "Ағайындар"

Сабақтың мақсаты: а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру. ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №20

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №20

Базаралының биыл қашқаны Шыңғыстың болысы Бөкеншіден шыққан Күнту болғандығынан еді. Жылда патша үкіметіне жиналатын салықтан басқа, "қарашығын"...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №16

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №16

Абай бір топ жігіттермен Балқыбектегі сиязға бет алады. Биыл бұл сиязда үлкен мәселелер қаралмақ. Басты мәселе Тобықтының 4 бірдей болыстығын билеп...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×