Пәлсапа пернелері: Кун - Фу Цзы
(б. д. д. 551 ж. 28 қыркүйек, Цуйфу – 479 ж. сонда)
Ежелгі қыай ойшылы. Кедейленген ақсүйек әскербасы отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айырылған ол тек он бес жасында ғана білімге құштарлық танытады, ал елу жасында өз мектебін қалыптастырады.
Философиялық көзқарастары:
Кун - фу - цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш – Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун - фу - цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз» деуінің өзі осыған айғақ.
Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі – адамдар арасындағы қарым - қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі: «тең орта», «адамгершілік», және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп, «дао» (дұрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
«Тең орта» адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс - әрекеті. Өмірде мұндай «ортаны» ұстап, іс - әрекет жасау оңай емес, себебі адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.
Ал адамгершіліктің негізі – «жэнь», «ата - анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау», жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кім де кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал «өзара сүйіспеншілік» арқылы қарым - қатынас – конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда, «өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама» дегенге сайып келеді. Аталған әдептілік қағидаларын «текті адамадр» (цзюнь - цзы) ғана басшылыққа алып, іс - әрекет жасайды.
Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбінде осы «текті адамдарға» қарапайым адамдарды қарсы қояды. «Текті адам» - заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайда тапсам деп ойлайды. «Текті адамға» үлкен маңызды шаруалар тапсыруға болса, қарапайым адамға ондай тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана ұсақ - түйектерді тапсыруға болады. «Текті адам» басқалармен келісімді жағдайда өмір сүрсе де, олардың артынан ермейді, өзінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын тұрады, т. б.
«текті адам» тек қана этикалық ұғым емес, ол саяси ұғым да. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі – басшының өз басының әдептілік қасиеттерін өзінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар «дао» жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді.
Кун - фу - цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз қалпында дамуы керек деп есептейді. Сондықтан билеуші – билеуші, шенеунік – шенеунік, әке – әке, ал бала – бала болып, аттарына байланысты емес, шын мәнінде қалулары керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгерістер бола қалса, ол тез арада өз қалпына келуі керек. Билеуші – әке, халқы – оның балалары. Осы тұрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Демек, «білу – дегеніміз, табиғатты емес, адамдарды танып - білу» деп есептейді. Кейбір адамдарға «туа біткен білім» тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар тұрады. Оқу, білім таңдамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек, қалғандарынан аулақ болу қажет. Білу дегеніміз – тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан - жақты қарастыру тәсілі. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Пәлсапа пернелері: Кун - Фу Цзы
- ramuk_b
- 20 қараша 2024
- 162
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кун - Фу, Философиялық көзқарастары, философия
Ұқсас жаңалықтар:
Пәлсапа пернелері: Ежелгі қытайдың философиясы
Ежелгі Қытай философиясы б. д. д. VI - V ғасырларда пайда болды....Пәлсапа пернелері
Джайнизм және джайндік философияның негізін қалаушы. Будда Гаутаманың замандасы, личчхавтар тайпасының көсемі, Сиддхартраның баласы. Ақсүйектер...Пәлсапа пернелері: Ежелгі Үндінің философиясы
Сөйтіп, ғасырлар бойына қалыптасқан әдет - ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа...Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы
Рухани жетілу сатысындағы «толық адамның» материалдық даму сатысындағы «адамнан» бірнеше айырмашылығы бар. Әулиелер мен қарапайым адамдарды ажырату...Тектілік туралы ұлағатты сөздер
Көріп алған көріктіден, Көрмей алған текті артық....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.