Түркі билеуші әулеттері мен саяси көсемдердің (X - XIV ғғ.) ислам дінінінің таралуындағы рөлін зерттеудің маңызы
Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Мұсылмандық – қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер ортағасырда исламның таралуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты. Қазіргі заманғы қазақстандық тарихнамада ортағасырлық түркі мемлекеттері мен әсіресе Қазақ хандығы тарихының мәдени, өркениеттік, діни мәселелін зерттеудің перспективасы зор. «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалада, сол сияқты «Рухани жаңғыру» жобасы аясында мәдени код, тарихи жадын жаңғыртудың ғылыми және әлеуметтік практикалық маңызы атап көрсетілді.
Түркі хандықтары, әсіресе Қазақ мемлекетінің прототипы болған Алтын Орданың тарихындағы ислам, жалпы дін мәселесін зерттеу, идеологиялық - құқықтық негіздерін талдау Отан тарихының мазмұнындағы дәстүрлі мемлекеттілік теориясын айқындау үшін аса қажет. Жалпы, Тәуелсіз Қазақстан идеологиясында Жошы Ұлысы тарихын қалпына келтіруге мемлекет тарапынан қазір қолдау көрсетілуде; арнайы Жошы Ұлысы тарихы Институты ашылуы да осыдан болса керек. Ендеше Дешті Қыпшақтағы кейінгі ортағасырларда орын алған саяси, сол сияқты мәдени - өркениеттік үдерістерге тарихшылар лайықты көңіл бөлуі қажет.
Түркі әлемінің ислам өркениетіне интеграциялануының дүниежүзілік маңызы болды. Ислам дінінің Орталық Азияда ханафи мазхабы форматында қабылдануы түркі халықтарын сол замандағы жаһандану үрдісіне тартып, үлкен интеллектуалды серпіліс әкелгені қазіргі заманғы зерттеулерден айқындалып отыр. Сонымен бірге, сопылық тариқаттардың шығармашылық қызметі және саяси билеушілердің байсалды ұстанымдарының арқасында мұсылмандану процесі ассимиляциялық емес, түркі - ислам синтезін жүзеге асыру сипатында жүрді. Түркі тарихында әйгілі Сатұқ Боғра хан, Өзбек хан Еуразия өркениеттік тарихындағы рухани бетбұрысқа тиісті саяси шешімдері арқылы жол ашып берді. Сөйтіп, Қарахан мемлекеті және Алтын Орда империясында ислам діні мемлекеттік мәртебеге ие болды. Осы тұрғыдан түркі тайпалары мен мемлекеттерінің исламды қабылдауындағы саяси элиталар мен хандардың саясатын жан - жақты зерттеудің қажеттігі айқындалады.
Сеғуатов Даулет,
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
тaрих факультеті 4 курс студенті
(ғылым жетекші: т. ғ. д, доцент Н. Д. Нуртазина)
Түркі билеуші әулеттері мен саяси көсемдердің (X - XIV ғғ.) ислам дінінінің таралуындағы рөлін зерттеудің маңызы
- ramuk_b
- 28 мам 2022
- 1040
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Түркі билеуші әулеттері мен саяси көсемдері, тарих
Ұқсас жаңалықтар:
Алтын Орда тарихын зерттеу – өте мыңызды
2021 жылы 20 қазанда Президент Қасым - Жомарт Тоқаев «Жошы хан» тарихи - мәдени кешеніне барды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты....Алтын Орда хандығы - қазақтың тарихы
Биыл Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Шығыстың ұлы ғалымы Әл - Фараби «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау...Қарахан мемлекеті
Тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру....Ақ Орда
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның Тарих және құқық пәндерінің мұғалімі: Бакеева Гульшат Кайржанқызы...Алтын Орда (ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ.)
Атырау қаласы, Атырау селосы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Жаленова Ақмарал Қайыпқалиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.