Латвия өзін «Кеңес Одағының доноры» деп жариялады
Латвия КСР Кеңес Одағында «ақша доноры» болды, деді әділет министрі Янис Борданс. Саясаткер Прибалтика республикалары КСРО құрамында болған кезде, олар өздерінің бюджеттерінің 30 - дан 48 пайызға дейінгі бөлігін Кеңес мемлекетінің жалпы бюджетіне қосқанын атап өтті.
Сонымен бірге, Борданс Латвия КСР - нің дәл 48 пайызын бергенін нақтылады. «Өткеннің қаншалықты қиын болғанына қарамастан, бұл біздің күшіміздің дәлелі. Біз КСРО - да ақша доноры болдық», - деді министр.
Эстония, Латвия және Литва 1939 жылы Молотов - Риббентроп пактіне жасырын хаттама бойынша Кеңес Одағының ықпал ету сферасына кірді.
1940 жылы Прибалтика елдері КСРО құрамына кірді (Балтық жағалауында бұл оқиға «кеңестік оккупация» кезеңінің басталуы болып саналады), 1991 жылға дейін кеңестік одақтас республикалар болып қала берді.
2014 жылы Латвия Сеймі «КСРО мен фашистік Германияның Латвия Республикасына қарсы агрессиясын жария түрде теріске шығару, негіздеу және өрескел тривиализациялау» бойынша қылмыстық іс қозғады.
P. S. Егерде Прибалтика елдері «өздерінің бюджеттерінің 30 - дан 48 пайызға дейінгі бөлігін Кеңес мемлекетінің жалпы бюджетіне» қосып жүрсе, онда біздің еліміз КСРО заманда одан да асып кететін қомақты қаржысын кеңестік бюджетке қосқанына және осы үш Прибалтика елдерінен гөрі «мықты донор» болғанына еш күмәніміз болмау керек екен!
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Латвия өзін «Кеңес Одағының доноры» деп жариялады
- ramuk_b
- 6 мам 2020
- 1558
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Латвия, Кеңес Одағы, ақша доноры, Прибалтика елдері
Ұқсас жаңалықтар:
Познер КСРО мен АҚШ - ты салыстырды
Ресейлік журналист В. Познер 1950 - 1960 - ші жылдардағы КСРО мен АҚШ арасындағы айырмашылықты түсіндірді. Оның сөздері Pozner Online сайтында...Ресейде «Өлмейтін полк - онлайн» жобасы басталды
«Ресей бүгін» халықаралық ақпарт агенттігі сайтында «Ресейдің өлмес полкі» Бүкілресейлік қоғамдық - патриоттық қозғалыс «Өлмейтін полк - онлайн»...Бізге өз туған тарихымызды түсіндіру үшін күресуіміз керек
Фашистік Германияның үстінен Кеңес Одағының салтанат құрған мерекесі Владимир Путиннің Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ресейдің ұлттық мақтанышын...Әлемдік нарықта ресейлік мұнай мен газ бағасы күрт төмендеді
2020 жылдың басында Ресей «Сібірдің қуаты» газ тасымалдайтын құбыры арқылы Қытайға газды әр мың текше метрі үшін 203 доллардан жеткізді - бұл кезінде...Қазақша презентация (слайд): Тоғызыншы 9 Мамыр - Жеңіс күні
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.