Қазақстан жерінде құрылған ежелгі түрік мемлекеттерінің бірі Түргеш қағандығы еді. Түргештер, негізінен, Жетісуды жайлаған. VIII ғасырдың ортасында Түргеш мемлекеті ыдырау кезеңін бастан кешірді. Алғашында осы сәтті қарлұқтар пайдаланды. Бірақ түргештер мен Жетісудағы өзге түркі тайпаларына қытайлар мен арабтар да айтарлықтай қатер төндірген еді. 751 жылы Жетісуға шығыстан Қытайдың Тан империясы әскері баса көктеп кірді. Олар Түргеш астаналарының бірі - Суябты басып алып, қиратты.
Осы кезде оңтүстіктен арабтар да жорық бастады. Осылайша Жетісуда Қытай мен Араб халифатының мүдделері тоғысты. Қытай мен араб әскерлері Талас өзені алқабында түргештердің шағын қаласы Атлахтың маңында кездесті. Екі жақтан соғыс майданына 100 мыңнан жауынгер қатысты. Бес күнге созылған ұлы шайқастың тағдырын қарлұқтар шешті. Соғыстың шешуші кезеңінде олар көтеріліс жасап, қытайларға қарсы шықты. Қиян-кескі шайқаста арабтар жеңіске жетті.
Бұл тарихи жеңіс болды. Өйткені осы шайқастан соң талай жүз жылға дейін Қытай басып алмақ ойынан түңіле бас тартты. Арабтар бұл жерде ұзақ тұрақтай алмады. Шамалы уақыттан соң олар Жетісу жерінен кетіп, түрік тайпалары қайтадан осы жердің иесіне айналды.
Атлах-талас шайқасы
- ramuk_b
- 30 қыркүйек 2018
- 3000
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Атлах-талас шайқасы, тарих, Қазақстан тарихы
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлы Жібек жолы
Байырғы заманда жердің түкпір - түкпірінде тұратын адамдар бір - бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында бұл зәру заттармен айырбас ретінде...Қарлұқ қағанаты
Қазақстан жерінде өмір сүрген қарлұқ қағанатының құрылу тарихын баяндай отырып, қағанаттың жер аумағы, халқы, саяси жағдайы мен әлеуметтік...Исламның Қазақстанда таралуы
Ислам діні - ол менің жақсылық жасап, мейірімді болуға үйрететін, ұрлық істемей, мейірімді болуға үйрететін ақ жол....Қытай
ШҚО, Үржар ауданы, Қызылбұлақ орта мектебі Жарқынбаев Нұржан Бейсенбекұлы...Наймандар, керейлер, жалайырлар
Сабақтың тақырыбы: «Наймандар, керейіттер, жалайырлар»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.