Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуі және оның бағыттары

Қазақстан тарихы 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: §2. Ұлт - азаттық қозғалысының өрлеуі және оның бағыттары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХХ ғасырдың басында қоғамдық – саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру;
Тәрбиелік: Оқушы санасындағы отаншылдық қасиеттерді оята отырып, Қазақстанның ХХ ғасыр бойындағы қоғамдық өмірдегі орнын көрсету;
Дамытушылық: Оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізер әсерімен таныстыру.
Сабақтың түрі: аралас Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: §1. XX ғасырдың басындағы Қазақстан
1. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты неден көрініс береді?
2. 1905 - 1907 жылдары Ресейде болған революция.

III. Жаңа сабақ жоспары
1. Ұлттық қозғалыстағы көпбағыттылық
2. Алғашқы мұсылман ұйымдары
3. Дүниежүзілік соғыс тауқыметі
Дәстүрлі бас көтерулер мен ұйымдасулардан басқа жалпы түркілік (пантюркистік) және жалпы мұсылмандық(панисламистік) бағыттарда ұшырыса бастайды. Түркішілдік - түріктектес халыытар тұратын мемлекеттерде кең таралған, негізінде, олар этностық, мәдени, тілдік белгілеріне қарай мәдени - саяси ағым. Жалпытүркілік идеология XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты және ол географиялық "Тұран" ұғымымен байланысты (пантуранизм) болды. Ресейлік қоғамдық қайраткер, ағартушы, публицист Исмаил Гаспралы 1883 жылы түрік және орыс тілдерінде "Тәржіман" газетін шығарды. Онда Ресейдің түркі және славян халықтарын біріктіру және бұқараны ағарту идеясын көтерді. 1902 жылы Каирде "Түрік" журналы шыға бастады. Қазаннан шыққан татар Жүсіп Ақшора 1904 жылы "Och Tarzi Seyaset" (Үш түрлі саясат) атты мақаласында жалпы түркілік идеяны ғылыми - теориялық тұрғыдан негіздеп берді. Қазақстанда жалпытүркілік идеяға өте жақын тұрған қоғамдық, саяси қайраткер, публицист, Түркістан автономиясының жетекшілерінің бірі Мұстафа Шоқай (1890 - 1940) болды. Ол "Біртұтас Түркістан" мемлекетін құру үшін күресті. 1905 - 1906 жылдары Ресей мұсылман қайраткерлері бас қосып, үш сьезд өткізді. "Мұсылман партиясы қоғамы" құрылды. 1902 жылдан бастап үкіметке қарсы исламдық рухтағы прокламациялар тарала бастады. Саяси және діни қайраткер Абдурашид Ибрагимов Петербургте "Үлфат" газетін шығарды. Оған Қырымнан И. Гаспринский, Әзірбайжаннан Топчибаев, Татарстаннан Ю. Акчурин, Қазақстаннан С. Жантөрин үн қосып, бүкілресейлік мұсылмандар сьезін өткізді. 1905 жылы Төменгі Новгородта олар жариясыз "Иттифак әл - Мүслимин" (Мұсылмандар одағы) ұйымын құрды. Одақ 1906 жылдың қаңтарында II сьезін, тамызда III сьезін өткізді. Оларға Қазақстаннан бір топ діни қайраткерлер қатысты. С. Жантөрин мен Ш. Қосшығұл ұйымның жетекші органының құрамына кірді. Ұйым Одақтың орталық органы Бакуде болады деп шешті. Ұлттық ұйымдар Орынбор, Астрахан, Орал, Ташкент, Семей, Верный қалаларына жайғасатын болды.

IV. Сабақты бекіту
V. Үй тапсырмасы: § 2 түсінік айту.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×