Сайтқа кіру Тіркелу

Қыз сыны 2020 байқауы

“ҚЫЗ СЫНЫ» 2020 байқауы
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.

2 - Жүргізуші:
Бүгін міне мектебімізде 5 – 9 сынып арасында өткелі отырған
«Қыз сыны – 2020» байқауына қош келдіңіздер!.
Атамыз қазақ ерте заманнан – ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген оны ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген.

1 - Жүргізуші:
«Қыз сыны» 2020 атты байқауын ашуға мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Айнур Ғарифоллақызына сөз берейік.

2 - Жүргізуші:
Олай болса бүгінгі «Қыз сыны» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!

1 - Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
(Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)

1) Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Гүлназ да қатарынан қалмаған.

2) Атыңнан айналайын Аружан деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.

3) Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Аида алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.

4) 8 - сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Алтын өнерлі қызымыз.

5) Ажары да әдемі
Ибалы ол өнерлі
Айсаулемен күн нұрын
Төгіп тұрды үнемі.

Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
Эльмира Қуанышбайқызы
Лайлла Серикқалиқызы
Айнур Қуанышкерейқызы
2 - жүргізуші: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмерлерін алып, дайындала берсін.

1 - жүргізуші:
Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Бөлім «Сәлемдесу» байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты сынға түседі.
2. «Өз өнері» бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетуде аналарына арнап ән айту, арнап, би билеу аналарымызға арнап өлең оқу, әлде анарына арнап сыйлық жасау.
3. «Жас аспаз»бұл бөлімде аруларымыз өз қолдарымен қазақ ұлттық тағамы бешбармаққа нан жаю.
4. «Сұрақ - жауап» бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
5. «Шебер қолдар» Арулар өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын көрсетеді.

2 - жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
1 Бөлім «Сәлемдесу» байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты сынға түседі.
1 - жүргізуші:
Тағам сырын түсінем,
Тәтті тағам пісірем.
Бәрі қүат алады,
Дәмді асымның күшінен

2. «Жас аспаз» бұл бөлімде аруларымыз өз қолдарымен қазақ ұлттық тағамы бешбармаққа нан жаю.

2 - жүргізуші:
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып,

3.«Сұрақ - жауап» бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
2 - Жүргізуші:
Ана – біздің жарқыраған нұрымыз,
Ана - деген – бұл өмірдің сәні ғой.
Ән - жырымен дүниені тербеген,
Ана деген бұл өмірдің жаны ғой.
1 - Жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

4. Келесі бөлім:«Өз өнері» бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетуде аналарына арнап ән айту, арнап, би билеу аналарымызға арнап өлең оқу, әлде анарына арнап сыйлық жасау.
- ші арудың сұрақтары.

2 - Жүргізуші:
Он саусағы майысқан,
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы тұнған бір,
Өнер қуған ұрпақпыз.

5. бөлім:«Шебер қолдар» Арулар өздері дайындаған қолөнер бұйымдарын көрсетеді.
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыз сыны» 2020 байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын, - дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
Социализм жалпы орта білім беретін мектебі
Технология пәні мұғалімі Абильдиева Назгуль Муратовна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету