Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№1 кешкі орта мектебі
Экономика және құқық негіздері пәні мұғалімі
Бекназарова Рима Аяшовна
Ашық тәрбие сабақ
Тақырыбы: Отбасы татулығы
1. Сахналық көрініс:
(Сахналық көрініс барысында оқушылар отбасы жарастығы үшін, адам бойында қандай жақсы қасиеттер болуы керектігін көрсетеді).
Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір - бюірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болатынына ерекше назар аударылады.
2. Шығармашылық жұмыс
Оқушылар үйден алып келген отбасымен бірге түскен фотосуреттерін көрсетіп, шағын әңгіме айтып береді.
3. Әңгімелесу.
Отбасының адам өміріндегі маңызын түсіну үшін сұрақтар бойынша әңгімелесу жүргізіледі.
1) Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек?
2) Отбасы жарастығының сыры неде?
3) Отбасы мүшесі ретінде қандай жауапкершілікті сезінесің?
4. Жағдаяттарды шешу.
1) Әкең шылым шегеді, саған әкеңнің жағымсыз әдеті ұнамайды не істер едің?
2) анаң мереке күні саған ұнайтын бәліш пісіріп бермекші болып уәде беріп еді, бірақ аздап сырқаттанып қалды, не істейсің?
3) Інің екеуің бір мектепте оқисыңдар, бүгін сыныптастары ініңнің соңғы кезде ешкіммен араласпай, үнемі көңілсіз жүретінін айтты, қандай шешім қабылдайсың?
5. Дәптермен жұмыс
Тапсырма: Дәптерге жарасымды отбасын бейнелейтін күннің суретін салып, күннің әрбір сәулесіне «махаббат» сөзін жаздырту.
6. Жүректен жүрекке»
Оқушылардың сабақтан алған білімдерін қорытындылау мақсатында шеңберге жиналып, «Ана туралы жыр»әнін орындап, ата - аналарына тілек айтумен сабақ аяқталады.
Қорытынды:
Оқушы тілегі: Адам өмірі үш кезеңнен тұрады. Кеше, бүгін, ертең. Кешегі сәбилік күн өтіп кетті. Бүгінгі күніміз осы оқушылық өміріміз. Оқушылар олай болса бүгінгі күнімізді бағалай білуіміз керек. Ол үшін ата - анамызды, үлкендерді, ұстаздарымызды сыйлап, сабағымызды «4» пен «5» ке оқуымыз керек. Рахмет сіздерге.
Ата - ана тілегі: Отан – отбасынан басталады. Отбасы шағын мемлекет. Мемлекетке қойылатын талап отбасында да болу шарт. Ы. Алтынсарин «Бақша ағаштары» әңгімесінде бақшадағы екі ағаш, біреуі - қисық, біреуі – түзу өседі. Осы ағаш сияқты қисық өскен тал - қараусыз өскен бала, түзу тал ата - анасын тыңдаған адамгершілігі мол, саналы азамат болып өседі. Сондықтан бойыңызға жақсы қасиеттер дарыған, адал, шыншыл, білімді ұрпақ болып өсулеріңе тілектеспін.
Үйге тапсырма.
Отбасы татулығы
- aiboll
- 20 шілде 2016
- 15965
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отбасы татулығы, отбасы мүшелері, тәрбие сағаты, бауырмалдық
Ұқсас жаңалықтар:
Отбасы
Отбасы - ол, Отаным бақ мекені, Хақ тағала қияды ақ некені. Отбасы - бір мемлекет шағын ғана, Одан ұлы елдер де қап кетеді....Отбасы жарастығы
Отбасы татулығы. Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше...Отбасым – күншуағым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №44 орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Нурекешова Айгуль Сагидуллиевна...Отбасы құндылығы
Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназия мұғалімі Жақсылықова Г. Ж....Отбасым - бақыт мекенім
Отбасым - менің жүрегім Отбасым - менің тірегім Отбасым – менің Отаным...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.