Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан - ынтымақ ордасы
Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Ынтымаққа, бірлікке үндеу.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
2 - жүргізуші: Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Қазақстан – ынтымақ ордасы» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1 - жүргізуші: Баршаңызды алдағы 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
2 - жүргізуші: Әр отбасына береке – бірлік, бақыт - байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
1 - жүргізуші: Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
2 - жүргізуші: Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан – біздің туған жеріміз. Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Оқушылар: Ерболат:
Тәуелсіздік кіндігін,
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың,
Нұрын шашқан күн бүгін.
Бәйбек:
Ағайын туған бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын, тыныштық.
Жансая: Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай бізде де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Қазақстан дейтін менің елім бар,
Жатыр алып, жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Арай: Елім менің жарқыраған жайнаған,
Бақ біткенде бұл - бұл құсы сайраған
Елім менің биіктегі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған.
Әсия: Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал - жая, қазы - қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Би «Қара жорға»
1 - жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Әнұраны, Туы бар. Еліміз өз егемендігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды.
2 - жүргізуші: Арқаның қақ төріне қоныс тепкен сәулеті мен дәулеті жарасқан - Астанадай Елордамыз бар.
1 - жүргізуші: Достар, сендер білесіңдер ме, Елорда біздің нешінші астанамыз? Білмесеңдер біле жүріңдер. Бірінші астанамыз – Орынбор, екінші Қызылорда, үшінші - Алматы, төртінші - Астана.
2 - жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін.
1 - жүргізуші: Қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажат. Қазыбек би «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз» деген. Біздің елімізде 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Біз олармен тату - тәтті өмір сүріп келеміз.
Би: «Әндижан»
2 - жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
1 - жүргізуші: Тілі бөлек болғаны мен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ.
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Көрініс: «Әзірбайжан мен өзбектің айтысы».
2 - жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым, мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
1 - жүргізуші: Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Би: «Қазақ биі»
2 - жүргізуші: Жер – Анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
1 - жүргізуші: Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос - бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Көрініс: «Достық өлкесінің заңы».
2 - жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен
Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған елміз.
Ән: «Сенің анаң алтын»
1 - жүргізуші: Тағдырдың тезіне, тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
2 - жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік Атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
1 - жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты сүйегіне өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бірақ тоқтаған қазақпыз!
Оқушылар: Айдана:
Таң нұрындай Отаным!
Сенде ғана жаралдым,
Сенен ғана нәр алдым.
Көз нұрындай Отаным!
Шоқ жұлдыздай көктегі
Бауырласып көп елмен,
Достық күйін шерткелі,
Көсегеміз көгерген!
Назерке:
Көбейе берсін алашым деген нар ұлдар
Болашақ ұрпақ алдында жүгің ауырлар.
Бағына кіріп бауырмалдықтың,
Шырқайық, бірліктің әнін,
Тірліктің әнін бауырлар!
Арайлым:
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос, өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып.
Назерке
Тәуелсіздіктің тағдырын бізге тапсырып,
Бабалар кеткен ұрпаққа тілеп жақсылық.
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.
Бақытқа елді жетелейтұғын ынтымақ,
Бақытсыздықтан құтқара алмас бақсылық.
Қаншама қымбат дүние бар тарих - дүкенде,
Сабыр ет халқым, күн жақын орнар құт
Сабыр ет халқым, күн жақын орнар құт
Егемендігім ерттелген кезде тұлпардай,
Жұртым деп жүрген ерлердің ісі бітер ме?!
2 - жүргізуші: Содықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
1 - жүргізуші: «Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек»- деп, көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.
Рамиль:
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Гүлбахар:
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша - бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз!
Жанел:
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
Ұлдана:
Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
Бағдәулет:
Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн.
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік - байлық, ырыс - құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық.
Би «Бірлігіміз жарасқан» (Шаңырақ көтеріледі).
Ән «Атамекен»
2 - жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1 - жүргізуші: Ендеше бейбітшілік жасасын!
2 - жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
1 - жүргізуші: Қазақстан жасасын!
2 - жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
1 - жүргізуші: Осымен бүгінгі «Қазақстан – ынтымақ ордасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
2 - жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!
«Әндижан биі» «Қара жорға» биі
Мұғалімнің аты – жөні: Анашбекова Айгүл
Қазақстан - ынтымақ ордасы
- ramuk_b
- 5 сәуір 2023
- 5896
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Отан біздің туған жеріміз, Әр отбасына береке бірлік
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақша сценарий: 1 мамыр ынтымақ күні
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын...1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні сценарий
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату...Қазақстан - ынтымақ ордасы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, № 51 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Анашбекова Айгүл Әбдіқадырқызы...Татулық - достықтың киелі бесігі
1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі -...Бейбітшілік жасасын!
Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.