Сайтқа кіру Тіркелу

Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін не?

Құрметті мектеп оқушылары, қонақтар бүгінгі пікірсайысымыз жастарды қылмысқа итермелейтін не? деген тақырыпта өткелі отыр.
Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Бүгін бізде қонақта аудандық кәмелетке толмаған жасөспірімдер инспекторы, мектеп директоры, Ауылымыздың ақсақалдар ұйымы төрағасы ата – аналар және мұғалімдер қатысып отыр.

Бүгінгі іс - шарамызда біз жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін қылмыс түрлері болмақ.
Бұл тақырып бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырғандығы баршаңызға белгілі сондықтанда сіз болып біз болып осы тақырып көлемінде өз ойларыңызды бөлісуге шақырамыз.
Пікірсайысымыздың мақсаты; Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдердің қылмыстылығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Қазақстан Республикасының Конституциясы баптарын біліп, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Тарих Қоғамтану пәні мұғалімі Еркебаева Г. М.
Көне түркі тарихында ҮІ - ІХ ғасырларда қазақ жерін мекендеген ұлы түркілердің ардақтайтын моральдық құндылықтарының ішінде отансүйгіштік рух жетекші орын алатындығы айтылған. «Тоныкөк» жырындағы Тоныкөктің өмірі мен қызметі, түркі халқының патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты ерлік дәстүрінде тәрбиелеу турасында айтылады. Жырда қағанның кеңесшісі Тоныкөк үшін халық пен Отан даңқы бәрінен жоғары екендігі көрінеді. «Бүкіл түркі халқына Қарулы жау келтірмедім, Атты әскер жолатпадым.... Еліміз қайта ел болды, Халқымыз қайта халық болды», – деген жолдардан отаншылдық маңызы зор тағылымды ой - пікірлерді айқын байқаймыз. Ал қазіргі таңда, оның бірден бір жолы білім. Білім алудың негізгі жолы – оқу, ол тиісті нормативтік актілерде жан - жақты реттелген. Қазіргі кезде 3, 8 млн адам оқумен қамтылған: 600 мыңнан астамы – мектепке дейінгі балалар, 2, 1 млн – мектеп, училище оқушылары, 200 мың – арнайы орта оқу орындарының, 3 мыңнан аса – ЖОО студенттері. Ол үшін, қандай болмасын заң халықтың тәжірибесінен бастау алып соның негізінде дайындалып, ұрпақ тәрбиесіне ендірілуі керек. Сондықтан ғана қабылданған заң іске асырылса, құқық бұзылмайды. Қылмыс жас талғамайды
Ресми статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда 18 431 бала ішкі істер мекемелерінде «әлсіз топтар» (группа риска) есебінде тұр. Ал 2 654 жүгермекке әртүрлі қылмысы үшін үкім шығарылып, темір торға қамалған. Олардың 619 - ы – 14 пен 15 жастағы және 2035 - і – 16 мен 17 жастағы жасөспірімдер. Жағаңды ұстататыны сол, бір ғана 2009 жылы «жынды судан» ұрттап алып, ақылынан алжасқан 16 жасқа дейінгі 360 жасөспірім жасаған қылмыстары үшін жазаға кесілген. Бұл бір.
Екінші дәлел. Денсаулық сақтау министрлігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі ұлттық орталығының мәліметтері бойынша, еліміздегі 11 мен 16 жас аралығындағы бозбала - бойжеткендердің 180 000 - нан астамы (дәлірек айтсақ, 182 000) көк түтінге құмар. Ал егер осы жас аралығындағы барлық балалардың саны 1 млн 518 мың екенін ескерсек, бозбала - бойжеткендердің 12 пайызының ағзасы никотинмен уланды деп есептеу керек. Онымен қоса, кішкентай есірткі құмарлардың қатары да көз ілеспес жылдамдықпен көбейіп барады. Мысалы, тіркеу¬ге алынған 3 681 (ал алынбағаны қаншама?..) «боқмұрын» нашақор, токсикоман және психотроптық заттарды тұтынушылардың 600 - ден астамы – 14 жасқа дейінгі жас өскіндер. Әрине, қоғамдағы қылмыстың «жасаруына» соңғы кездері әлеуметтік жетімдіктің қанатын кеңге жаюы да ықпал етуде. Өйткені арақтың кесірінен шаңырағы құлаған жандардың балалары далада қалып, қаңғыбас, қайыршы, ұры - қарылардың қатарын толықтыруда. Мұндайлардың әзірше ресми тіркелгені – 6 123. Бұл сан осыдан екі немесе үш есеге көп болуы да мүмкін.
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».
Енді бүгінгі пікірталасымыз ІІІ бөлімнен тұрады
І. Бастауыш сыныптарда кездесетін қылмыс түрлері. Оқушы сараптамасы тыңдалады.
ІІ. Жоғары сыныптарда кездесетін қылмыстық әрекеттер. Оқушылар пікірі, зерттеулері, сараптамалары тыңдалады.
ІІІ. Қорытынды. Түйін сөз. Барлық қатысушылардың жеке ой пікірі тыңдалады.
І. Бастауыш сыныптарды кездесетін қылмыстар қандай болуы мүмкін.?
\Оқушы пікірі көрген білген естіген, кездестірген қылмыстар жайлы айтуы.\
- Заң талаптарын бастауыш сыныптан жаңа келген балалардан бастап қолға алған жөн. Өйткені бұл -«заман талабы». Сондықтан кіші сыныптарда құқық сабағын ұтымды түсіндіру үшін сол жас ерекшелігіне сай оқу әдістерін қолдану керек. Әрине бұл әдістерді сынып мұғалімдері арнайы сынып сағаттарда өткізуде соған қарамастан жасөспірімдерді қылмыстар кездесіп отырады бұл қандай, және себебі не деп ойлайсыздар? \кезек оқушыларға беріледі өзін таныстырып ой пікірін ортаға салады.\

ІІ. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе. Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады?
Жасөспірім кезеңі – балалық шақтан ересектікке өткір өтетін, үнемі қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі периоды.\слайд\
Бұл жасында жасөспірімдердің бойында кездесетін келесідей мінездер тән:
1. Қарсыластық реакциясы. Жасөспірімнің іс - әрекетіне, тәртібіне үлкендер тарапынан шек қоюына қарсылықты білдіреді. Бұл іс - әрекеттер ¬– үйден қашумен, шулы серуендермен сипатталады.
2. Имитация реакциясы. Нақты образға, жеке адамға еліктеу. Кейде бұл белгілі “кейіпкер” болуы мүмкін. Мысалы, жасөспірімдерге “қылмыскер - суперменнің ”үлкен ықпалды екені белгілі. Соңғы кездегі детективті әдебиеттер кейіпкерлерге еліктеу жасөспірімдердің өзін - өзі бағалауына кері әсерін тигізеді.
3. Компенсация реакциясы. Бір саладағы сәтсіздік енді бір салада дұрыс берілуі. (Мысалы, мектепте сәтсіздік болса, ”батыл” іс - әрекеттермен орын толтыру)
4. Гиперкомпенсация реакциясы. Жасөспірімге қиын түсетін салада табандылықпен талпынып, жетістіктерге жетуге тырысу. Көбінде өз - өзіне сенімсіз, ұялшақ жасөспірім, ерекше спорт түрлерін таңдайды (Мысалы, бокс, карате, т. б. ).
5. Топтасу реакциясы. Бірдей жастағы жасөспірімдердің топтасуы. Жасөспірімдік топтар, ортақ мақсаттылығымен, жинақылықтармен, ортақ бағыттылықтармен ерекшеленеді екен.
Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсатының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу Бүгін 10 - 11 - сынып оқушылары «Жастарды қылмысқа итермелейтін не?» деген тақырыпта өз пікірлерін ортаға салмақ. Тіпті өмірге қызығушылық,, жігерсіздік пен еліктеушілік көптеген жасөспірімдерді қылмыс жасауға итермелеуде. Жасөспірімдердің теріс қылық жасауының себебі неде?
11 - сынып оқушысы.
Ия дұрыс айтасыз Гүльзира Мирзатайқызы. Менде осы жерде бірнеше факторларды атап өтсем деймін. Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін бірнеше факторларға бөлуге болады:
- Социологиялық фактор: Қоғам және мәдениет құрылымдарына байланысты;
- Психологиялық фактор бойынша: Белгілі адамның мінезінің ерекшелігімен қарым - қатынас ерекшелігіне байланысты;
- Биологиялық фактор: Физикалық және органикалық элементтерінің әсерінен;
- Социологиялық фактор: Қылмысқа әсер ететін, социологиялық факторлардың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен:
- Төменгі экономикалық – қоғамдық статус;
- Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат құралдары;
- Алкоголь және наркотикалық заттар;
- Құрдастарының әсері;
- Отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай.
Осы факторларды аталғаннан кейін оқушылар да өз пікірлерін қозғайды. өз пікірін атады.
1 - бұл жерде Төменгі экономикалық - қоғамдық деңгей және кедейшілік әсер етеді. Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың) балалары жасайды. Себебі, олар материалды жағдайдан қиыншылық көрмейді. Тек орташа тұратындардың жасөспірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата - аналары айып төлеп, шығара алмағандықтан, оларды тұтқынға алып жазалайды.
2 -. Байлық, мәдени құндылықтар, өмір стилі:
Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, қалталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым, алкоголь, наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді – кездесулер; ойын - сауық, би кештері; рок - концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын - сауық үшін қылмыс жасауға шейін барады.
Жасөспірімнің жан дүниесі нәзік, сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс - әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т. б.) көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын қылмыс хроникасындағы жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Ақпарат құралдары қатігез қылмыскердің іс - әрекетінің егжей - тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабақ болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы қылмысты жасаған қылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты қайталайтыны кездесіп жатады.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдары, қандай - да бір қылмыс түріне қатыстықтары болмаса да, айғай – шулы әрекеттерімен түнгі тыныштықты бұзатындары үшін үлкендерді жиі дүркілендіретін ”хипперлер”, “металистер”, “мотоциклистер” сияқты бейресми топтардың жағымсыз қылықтары баспа сөз беттерінде әртүрлі пікірталастарын туғызып, олар туралы белгілі бір қоғамдық пікірді қалыптастырып жататын. Яғни, жағымсыз қылықтарына жасөспірімдердің тәртібі, мінез - құлқы, тұлға ретінде қалыптасу мәселелері көпшілікті ойландыратын. Көп болып, олардың жаман жолға салынып кетпеуіне ат салысатын.
3 -. Қылмысты ішімдік және наркотикалық заттар әсерінен жасайтындар көптеп кездесетіндіктен, арнайы зерттеу жұмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, егер жасөспірім бұрын тұтқынға алынса, наркоман адамдармен қарым - қатынаста болса, қылмысты ішімдік, есірткі ықпалын жасайды. Яғни, есірткі қабылдау мен қылмыстық іс - әрекеттер бір - бірімен тығыз байланыста болады.
4 -. Құрбы - құрдастарының әсері. Жасөспірімдерді заң бұзуға, қылмыс жолына итермелейтін фактордың бірі. Заң бұзу мен есірткі қабылдау кезінде, жасөспірімнің антиқоғамдық тәрбиесімен құрдастарының арасында тығыз байланыс байқалады. Социализациялану үрдісі кезінде жеткіншектер арасында қылмыстық іс - әрекетке даярлану басталады. Жеткіншектерге құрбы – құрдастарының айтқан ойы, әсері үлкен, себебі бұл кезде олар бір - біріне еліктегіш болып келеді.
Әсер етуші келесі фактор – тұрғылықты специфика әсері. Арнайы территорияларда, белгілі бір аудандарда, қылмыскерлердің деңгейі ерекше жоғары болады. Бірақ сол жерде өскен жасөспірімдердің барлығы қылмыскер болмаса да, бұл жердегі жас балалардың заңды бұзу, қылмыс жасау пайызы басқа аудандарға қарағанда бірнеше есе жоғары болады.
Мұғалім - Оқушылар не жасөспірімдер арасында қандай қылмыс түрлері жиі кездеседі. Өз пікірлеріңізді ортаға сала отырсаңыздар.
Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін Есірткі, Темекі не насыбай, әрқилы сусындар, алкогольдік ішімдіктер, компьютер клубтар т. б ал енді осы аталған атамалар туралы біз не білеміз?
Слайд.
А\. Есірткі. не нашақорлық дегеніміз не?
1. Есірткінің қандай түрлері бар?
2. Есірткінің адам организміне әсері қандай?
3. Нашақорлар қандай жолмен ақша табады?
Оқушылар пікірі мен түсініктері тыңдалады.
Ә\Темекі тарту насыбай ату?
Темекінің насыбайдың зияны туралы не білеміз?
Темекімен күрес шаралары қалай жүргізілген?
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Б\ Әр қилы сусындар Диззи, Кола т. б
Бірінші байлық - денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтында да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз.«Тәннен жан артық еді,- дейді Абай атамыз – тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жан бізді жас күнімізден билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық көңіл айтып тұрса сенбедік». Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктеу, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Оқушылар пікірі тыңдалады.
В\Ұрлық, тонау, бопсалау.
Г. М. Еркебаеваның сөзі - Зорлық зорлықтың үш түрі болады олар;
– Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Қауіп - қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз - өзіне қол жұмсауға итермелеу;
Бұл үлкендер тарапынан көрсетілетін зорлық түрі ал мектеп жасындағы балалар арасында бопсалау, немесе ақша жинау зорлығы бар бұған не дейсіздер? Біздің мектебімізде кездесе ме?
Оқушылар пікірі жан - жақты тыңдалады.
Ұрлыққа байланысты ата - аналарға сұрақ парақша таратылады. Мазмұны.
Егер бала ұрлық жасағаны жөнінде байқалып және күмәнді болса не істеуге болады?
1. Пайда болған эмоцияны өзіңе тапсыр.
2. Ұрлыққа әсеріңді тигізбе.
3. Реакция ашуы екінші ұрлыққа алып келеді
4. Себебін (міндетті түрде) табу.
5. Баланы қорқытып жазалауға болмайды, өйткені жаңа қорқыныш себептерін тудыруы мүмкін.
6. Жасалған ұрлыққа мән бермеу (5 жастағы ұл бала ұрланған затты орнына алып келді).
7. Баланы ашық болуға шақыру.
8. Ұрлық жайлы айтып керегі жоқ (балаға барлық отбасы кірісіп күлмесін, көпшілікке жариялап керегі жоқ)
9. Зәбірленушінің орнына өзіңді қоя білуді үйрену (6 жаста баланың ұяты қалыптасады)
10. Баланың белсенділігі қажетті арнаға бағыттайды
11. Өзінің тәртібі туралы ойланып (отбасында мынандай жағдай болуы мүмкін, яғни ата - аналар жұмыстан заттар алып келеді немесе ақша туралы қандай да бір таза емес операция жасаса және соған бола мақтанады).
Енді осы қылмыстық істерге бармау үшін қандай іс шараларды жасауға болады?.
Мұғалім деректермен пікірталасты қорытындылайды.
Тобықтай түйін
Қаршадай қылмыскерлердің қатарының көбеюі қазақ қоғамындағы санасы ояу жандардың барлығын қатты алаңдатып отыр. Компьютерлік ойындардың лас экспансиясы күннен - күнге күшейіп келеді. «Жұмыртқадан жүн қырыққан» кейбір пысықайлар балалардың болашағына балта шабу арқылы байып жатыр. Компьютерлік «құмарлыққа» заң жүзінде шектеу қоятын кез келді. Жасыратыны жоқ, бізде ең алдымен заң әлсіз. Ал заңы әлсіз елден зар кетпейді. Бір жылдары білім және ғылым министрлігі балаларға арналған ұлттық компьютерлік ойындардың шығарылатынын айтып, жалпақ жұртқа жар салған. Алайда оның арты сиырқұйымшақтанып кетті. Ештен кеш жақсы. Бүгінгі байлам – қаршадай қылмыскерлерге қарсы күресті күшейтуіміз керек. Әйтпесе құрдымға құлатар қылмыстың арыны қатты. Бүлдіршіндеріміздің санасын жұлқылап жатқан сұмдықтарды саусағыңызды бүгіп санай беріңіз: арақ, есірткі, темекі, компьютер, түнгі клубтар, ойын автоматтары, маскүнем ата - ана.. бұның бәрі қылмысқа алып келетіні белгілі болды.
«Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дейді халық даналығы. Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Отырған топқа сұрақ?.
Осы жастарды қылмысқа тартпау үшін сіздерше түсінгенде қандай алдын алу шараларын жасаған дұрыс деп ойлайсыздар? Оқушылардан бір - бір ой түсінігі тыңдалады.
1. Сақтандыру мақсатында әңгімелесу.
2. Құқық бұзушының мінез - құлқын ұжымда талқылау.
3. Жасы толмағандарды қоғамға пайдалы жұмысқа тарту.
Мен жігіт 15 - 30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аларымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба,
Г. М. Еркебаева
- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата - анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі пікірсайысымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен...
Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік

Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы "Казатком орталау мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарих-құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі...
«Жасөспірім және зиянды әдеттер»

«Жасөспірім және зиянды әдеттер»

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназия психологы Садвакасова Индира Қайратқызы...
Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі

Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі

Конституцияны т. б. құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;...
Заң және заман (тәрбие сағаты)

Заң және заман (тәрбие сағаты)

"Заң және заман" (тәрбие сағаты) Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×